Super User

Super User

23.10.2023ж. - 31.10.2023ж. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің институттар/факультеттер кафедраларында жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, педагогикалық және экономикалық ғылымдар бойынша XXVI студенттік ғылыми-практикалық конференцияның бірінші іріктеу туры өтеді.

23.10.2023г. - 31.10.2023г. на кафедрах институтов/факультетов Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати  будет проходить первый отборочный тур XXVI студенческой научно-практической конференции по естественным, техническим, социально-гуманитарным, педагогическим и экономическим наукам.

Пятница, 13 октября 2023 04:11

«Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауы

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауын жариялайды және конкурс жеңімпаздарына 7 номинация бойынша 500 000 теңгеден 15 грант бөледі:

  1. Ғылым – 2
  2. Өнер - 2
  3. Ақпараттық технологиялар – 2
  4. Бизнес – 2
  5. Бұқаралық ақпарат құралдары - 2
  6. Жастар ұйымдарын қолдау – 2
  7. Ауыл жастарының бастамаларын қолдау – 3.

Байқауға 18 бен 35 жас аралығындағы студенттер, магистранттар, докторанттар және жас оқытушылар қатыса алады.

Конкурс ережелері

Өтініштер мен құжаттар пакеті 25 қазанға дейін Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасы немесе Тараз қаласы, Төле би көшесі, 35 мекенжайы бойынша қабылданады.

«Молодежный ресурсный центр» отдела внутренней политики акимата г. Тараз объявляет конкурс «Тәуелсіздік ұрпақтары»/«Поколения независимости» и выделяет 15 грантов по 500 000 тенге  победителям конкурса по 7 номинациям:

  1. Наука - 2
  2. Искусство - 2
  3. Информационные технологии - 2
  4. Бизнес - 2
  5. Медиа - 2
  6. Поддержка молодежных организаций - 2
  7. Поддержка сельских молодежных инициатив – 3.

В конкурсе могут принять участие студенты, магистранты, докторанты и молодые преподаватели от 18 до 35 лет.

Правила конкурса

Заявки и пакеты документов принимаются до 25 октября на эл.почту: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. или по адресу: г.Тараз, ул.Толе би, 35.

Дулати университетінің ректоры Мұхтар Байжұманов Әлемдік додада бақ сынап, жүлделі ІІІ орынды иеленген спортшылармен кездесті. Грекия мемлекеті Халкида қаласында өткен Каратэ-до Шотоканнан Әлем чемпионатында Дулати университетінің студенттері Сұлтан Сметов, Нурлан Жұмамұратов, Ахат Маманов, Мейірім Сағындықова – ІІІ орынды иеленген.

Спортшылармен кездесу барысында М.Қазыбекұлы студенттерге алғысын білдіріп, алдағы жарыстарына сәттілік тіледі.
– Биылғы жылы университет спортшыларының халықаралық, республикалық, әлемдік додаларда жеткен жетістіктері өте көп. Біз үнемі айтатын Дулати университеті – «Спортшылар ұстаханасы» деген сөзіміз бүгін тағы бір рет айғақталды. Оған ешкімнің таласы жоқ деп ойлаймын. Өйткені қазір қаншама біздің түлектеріміз осы саланың бетке ұстарына айналған. Ендігі мәселе, студенттердің тек материалдық тұрғыда ғана емес, көңіл күйлерінің жайлы болуын қамтамасыз етуіміз керек. Жарыс барысында сабақтар мен басқада мәселелерді ойламауы қажет. Осы тұрғыда жаттықтырушылар мен жетекшілеріне үлкен жұмыс атқару тапсырылады. Біздің жастар бұл белдесулер арқылы еліміздің спорт саласының әлеуетін арттыруға өз септігін тигізуде,- деді университет ректоры Мұхтар Байжұманов.

Тартысты болған кездесуде спортшыларымыз дене жарақаттарына қарамай, жүлделі орынға ие болған. Әлем және Еуропа чемпиондарымен бәсекеге түскен жастар өздерінің нағыз шебер екендерін тағы бір дәлелдеді.

Аталған студенттерімізді Дулати университетінің Қауымдастырылған профессоры, ҚР Еңбегі сіңірген жаттықтырушысы Махамбетов Ерік Оралбекұлы жаттықтырып даярлап келеді.

Айта кету керек, осыған дейін студенттеріміз Әлем чемпионы және Еуропа чемпионы атанған болатын.

2

3

4

Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен "Сүйікті қалам Таразым!" атты жайдарлы жастар арасында Жайдарман ойыны өтті. Шаһар басшысының кубогіне Қызылорда, Түркістан облыстарынан және Шымкент қаласынан, сондай-ақ жергілікті командаларды қосқанда 7 топ өнер көрсеткен болатын.

Дулати университетінің «Қарасаз» командасы да ойында бақ сынады. Қазылар алқасының көңілінен шыққан қағытпа қалжыңдары мен ұтымды ойларының нәтижесінде студенттер үздік үштіктен көрінді.

Дулати университенің ректоры Мұхтар Байжұмановтың қабылдауында болған студенттер жетістіктерін айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
– Жайдарман ойындары қазіргі уақытта кеңінен таралған жоба. Университетте ұйымдастырылған факультет немесе қалалық ойындардың өзі бізге көп мүмкіндік сыйлайды. Қазіргі үлкен сахналарда еркін әрі ұтымды ой айта алуымыз өткен ойындардың жемісі деп білеміз. Алдағы уақытта Шымкент қаласында Республикалық Жайдарман ойындары өтеді. Сол жарыста бақ сынап көруді жоспарладық, дейді команда капитаны Данияр Қалышов.

Жастардың ой-өрісін кеңейтіп, көңіл-күйлерін көтеретін Жайдарман ойындары қазіргі таңда жоғары сұранысқа ие. Осы жоба арқылы қаншама жас өзінің болашағын жарқын етуде. Саяси жаңалықтармен хабардар болуға осы көңілді тапқырлар алаңының тигізер әсері мол.

Университет ректоры М.Қазыбекұлы жастарды жеңісімен құттықтап, алдағы ойындарда бірінші орын иеленулеріне тілектес екенін жеткізді. Сонымен қатар, ізденімпаз жастарға әрдайым қолдау білдіретінін айтты.

Вторник, 10 октября 2023 04:24

Ұстаз ұлы тұлға

"Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды" демекші, ұстаз шәкіртінің білім алып, тәрбиелі де саналы азамат болу үшін еңбек етеді. Студентінің әрбір жетістігіне қуанып, биік белестерді бағындыруға бағыттап, білікті маман болып жетілуіне үлес қосатын ұлы тұлға.

"5 қазан - Ұстаздар күні" мұғалімдердің, оқытушылар мен жалпы білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында "Ұстазы жақсының ұстамы жақсы" дегендей ұстаздарына құрмет көрсету мақсатында кафедрамыздың студенттері керемет кеш өткізді. Кеш барысында тұла бойы өнерге толы студенттеріміз көрініс көрсетіп, қазақтың ұлы домбырасымен күй шертіп, мәнерлеп поэзия оқып, көңіл көтерер видеолар көрсетіп, хормен керемет ән айтып, өз ықыластарын білдірді. Әр оқытушының еңбегін бағалап, арнайы сертификаттар табысталды.
Кафедра ұжымы кең пейілді көңілдерін білдірген студенттерімізге мың алғыс айтады.
Әріптестерімізді мерекесімен құттықтап, еңбектеріне табыс, отбасына амандық тілейміз.

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының бекітілген сабақ кестесіне сәйкес бірінші оқу жылының студенттерімен «Жалпыәскери дайындық» пәні бойынша далалық жағдайда практикалық сабақтар басталды.

Согласно утвержденного расписания занятий военной кафедры Таразского регионального университета  имени М.Х. Дулати со студентами первого года обучения начались практические занятия в полевых условиях по дисциплине «Общевоенная подготовка».

Страница 57 из 453
Top