Новости

АКАДЕМИЯЛЫҚ МОБИЛЬДІЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Академиялық мобильділік бағдарламасы аясында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Шыршық қаласындағы филиалына (Өзбекстан Республикасындағы) жұмыс сапары ұйымдастырылды.

Аталған сапарға Дулати университетінің «Қазақ тілі және әдебиет» кафедрасының меңгерушісі, профессор Тұрсынай Абдықадырова және «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі, профессор Айгүл Қабиева қатысты.

Іссапар барысында профессорлар академиялық мобильділік бағдарламасының негізгі бағыттары бойынша тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, білім беру бағдарламаларын жетілдіру, оқу-әдістемелік жұмыстарды үйлестіру, ғылыми-зерттеу бағытындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Кездесу аясында дәрістер өткізіліп, студенттермен және оқытушылармен ашық пікір алмасу жүргізілді. Тараптар алдағы уақытта екіжақты серіктестікті нығайту, бірлескен ғылыми жобалар мен академиялық алмасу бағдарламаларын жүзеге асыру жөнінде келісімге келді.

Аталған іссапар жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, білім мен ғылым саласындағы өзара байланысты күшейтуге ықпал етті.