Новости

ДУЛАТИ СТУДЕНТТЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КВН ДОДАСЫНДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті студенттерінен құралған «ӘУЕСҚОЙ» КВН командасы Астана қаласында өткен Kazakstan Cup лигасы аясында жоғары нәтиже көрсетті.

Команда 1/32 кезеңінде қарсыластарынан айқын басым түсіп, 3:0 есебімен сенімді жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды. Ал 1/16 кезеңіндегі тартысты ойында тең нәтиже тіркеліп, команда өз өнерімен көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Осылайша, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті құрамасы республикалық деңгейдегі додада университет намысын абыроймен қорғап, үздіктер қатарынан көрінді.