Новости

ФИЛОСОФИЯ ДОКТОРЫ (PhD) ДӘРЕЖЕСІ БЕРІЛДІ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2026 жылғы 12 қаңтардағы №01 «Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы» бұйрығына сәйкес, Жобаларда ғылыми қызметкер Шаншабаев Нұржан Аскарбековичке 8D07411 – Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Аталған бұйрық негізінде Халықаралық білім беру корпорациясы бекітілген тәртіпке сай Шаншабаев Нұржан Аскарбековичке философия докторы (PhD) дәрежесінің дипломы табысталды.

Ғылыми жұмысқа жетекшілік еткен ғылыми кеңесші – техника ғылымдарының докторы Исабай Исақұлы Бекбасаров.

Жас ғалым мен ғылыми жетекшіні осы айтулы жетістігімен құттықтай отырып, алдағы ғылыми-зерттеу қызметтеріне мол табыс, шығармашылық ізденістеріне сәттілік тілейміз!