Новости

ӘЙЕЛМЕН ӘЛЕМ ӘДЕМІ!

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, Дулати университетінде «Әйелмен әлем әдемі!» тақырыбында салтанатты мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Мерекелік жиынды Басқарма Төрағасы – Ректор Ләззат Еркінбаева құттықтау сөзбен ашып, жылы лебізін жеткізді. Жер-дүниені шуағына бөлеп, тыныс-тіршілігімізге нәр берген аруларды көктемнің шұғылалы мерекесімен құттықтап, нәзік жандылардың қоғамдағы маңызды рөлін атап өтті.

Мейірімділік пен сұлулық, даналық пен рухани қуаттылық салтанат құрған кеште жарқын қойылымдар мен жүрекке жылы құттықтаулар ұсынылып, әуезді әндер мен билер орындалды. Құттықтау сөздер айтылып, әйелдерге деген құрмет көрсетілді. Мерекелік шара мағыналы әрі мазмұнды, шабыт пен сезімге толы концертпен өрнектелді. 

Көрермендер кеш соңында естелік суретке түсіп, бір-біріне жүрекжарды тілектерін жеткізді