Новости

«Қош келдің, Жаңа жыл – 2026!»

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде дәстүрлі студенттерге арналған жаңа жылдық кеш өтті. «Қош келдің, Жаңа жыл – 2026!» тақырыбымен ұйымдастырылған шара мерекелік көңіл-күй сыйлап, үздіктерді анықтаумен ерекшеленді.

Шараны Басқарма Төрағасы – Ректорының у.м.а. Сейтжан Әуесжанұлы құттықтау сөзбен ашып, жастарға жарқын жоспарлар мен жаңа жетістіктер тіледі. Одан кейін сөз алған Әлеуметтік жұмыс басқармасының басшысы Арнат Ұлтанбаев студенттердің белсенділігі мен шығармашылығын ерекше атап өтіп, жаңа жыл олардың мүмкіндіктерін кеңейте түсетініне сенім білдірді.

Мерекелік кеш аясында университет өміріне белсенді атсалысып, шығармашылығы мен талантымен көзге түскен студенттер мен ұйымдар төмендегі номинациялар бойынша марапатталды:

Жалпы марапаттар:

• Жыл студенті – Тоқпанова Асель Тынышбекқызы

• Жыл шоумэні – Әкімжан Қуанышбекұлы

• Жыл жаңалығы – Жаратылыстану ғылымдары факультеті

• Жыл серпіні – Экономика және құқық факультеті

• Үздік студенттік деканат – Технологиялық факультет

• Үздік ұйым – Ұя волонтерлық ұйымы

• Үздік көшбасшы – Нұрқасым Нұрали

• Үздік студенттік декан – Кенжебай Динара

• Үздік волонтерлік жоба – 10TED.KZ

• Үздік волонтер – Әсетқызы Нарқыз

• Жыл жастар қозғалысы – DU UNION студенттік парламенті

• Үздік шығармашыл ұйым – Мәңгілік Ел ұйымы

Шығармашылық және сахналық номинациялар:

• Ең үздік сахна даусы – 2025 – кеш жүргізушілері

• Сахнаның сәні – DU MODELS

• Үздік Hit boys – «Дулати серілері» вокалдық квартеті

• Үздік VIP Drive – «MOMAN» вокалдық трио

• Ең үздік тренд микс – «BOYS band» вокалдық трио

• Үздік сахна тарландары – «Қорқыт» вокалдық трио

• Үздік қыздар вокал квартеті – «Наз Қоңыр» вокалдық квартеті

• Жүрекке жеткен вокал – «Лаула» вокалдық тобы

• Би әлемінің үздіктері – «Бинар» би ансамблі

Кеш барысында жүргізушілердің дауыс ырғағы мен энергиясы кештің серпінін бір сәтке бәсеңдетпей, ойындар, интерактивтер, тосын сыйлар араласа келіп, жастарға нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады. Әрбір көрініс, әр нөмір, әр аталған есім студенттік өмірдің қаншалықты бай әрі түрлі қырлы екенін көрсетті.

Дулати университеті студенттердің бастамаларын қолдауды, талант пен парасатты бағалауды жаңа жылы да жалғастырады. 2026 жыл — жаңа белестер мен жарқын жобалар жылы болмақ!