Новости


Warning: Undefined variable $showCenterBlock in /var/www/clients/client1/web20/web/templates/sitetemplate/index.php on line 201

Медиасауаттылыққа арналған жазғы мектеп ұйымдастырылды

Университет қабырғасында «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультетінің бастауымен «Жазғы мектеп» семинары өтті. Ғылыми-әдістемелік семинарға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің PhD докторы Шолпан Кудьярова қатысып, мазмұнды дәрістер ұсынды.

Семинар «Қазақстан жастарының медиасауаттылығын дамыту әдіснамасы: олардың әлеуметтенуі мен мәдениетаралық өзара әрекеттесуінің негізгі факторы ретінде тіл және медиабілімін интеграциялау» атты ғылыми жоба аясында ұйымдастырылды. Негізгі тақырып - «Білім берудің цифрлық дәуірі: медиасауаттылық және тұрақты дамуға арналған инновациялық әдістер».

Дәріс барысында медиа және ақпараттық сауаттылықтың бүгінгі қоғамдағы маңызы, заманауи медиамәтіндерді талдаудың әдіс-тәсілдері, медиа құралдарын оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану жолдары кеңінен талқыланды. Қатысушылар медиасауаттылықты арттыруға бағытталған практикалық тапсырмалар орындап, кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіруге мүмкіндік алды.

«Жазғы мектеп» қатысушылары бірқатар маңызды дағдыларды меңгерді:

- медиабілім мен тілдік білімнің интеграциясы арқылы сыни ойлау қабілеттерін дамыту;

- кәсіби және тұлғалық дамуға жол ашу;

- мәдениетаралық коммуникация дағдыларын қалыптастыру;

- ғылыми-зерттеу және оқыту әдістемесімен тереңірек танысу.

Семинар соңында барлық қатысушыларға 72 сағаттық біліктілікті арттыру сертификаттары табысталды. Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.