Новости

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТТЕ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Университет қабырғасында Технологиялық факультеттің ұйымдастыруымен профессор-оқытушылар құрамына жаңа Конституция жобасы мен елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу мақсаты – ұстаздарға жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын таныстыру және талқылау.

Жиында факультет деканы Абильхан Садибаев парламенттік реформаны кеңінен таныстырып, 2025 жылғы 8 қазанда құрылған жұмыс тобы мен оған енген ғалымдар, сарапшылар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйым өкілдері туралы баяндады.

Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әділеттілік, заң мен тәртіп қағидаттарын нығайту, білім мен ғылымды, инновация мен цифрландыруды дамыту мәселелері жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау нормалары алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілетіні айтылды.

Кездесу соңында профессор-оқытушылар құрамы өз сұрақтарын қойып, реформаларға қатысты пікірлерін білдірді. Ұстаздар жаңа Ата Заң жобасын студенттерге түсіндіруде белсенділік танытатындарын жеткізді.