Новости

«ТҮЛЕКТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ» КЕЗЕКТІ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Университет қабырғасында Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлімнің ұйымдастыруымен «Түлектер қауымдастығының» кезекті жиналысы өтті. Кездесуге факультеттер бойынша жауапты өкілдер қатысты.

Кездесу барысында «Түлектер қауымдастығының» алдағы кезеңге арналған жоспарлары, факультеттермен өзара тиімді байланыс орнату, түлектермен жұмысты жандандыру және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, факультеттер деңгейінде атқарылатын жұмыстар бойынша ұсыныстар тыңдалып, тәжірибе алмасу жүргізілді.

Жиналыс қорытындысы бойынша бірқатар нақты міндеттер айқындалып, түлектермен жүйелі жұмысты күшейтуге бағытталған алдағы іс-шаралар жоспары бекітілді.