Новости

Жастар ұйымдарының айлық есебі бойынша жиыны өтті

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде жастар және жастар ұйымдарының қараша айындағы жұмыс қорытындысына арналған жиналыс өтті.

Жиын барысында ай ішінде жүзеге асырылған іс-шаралар талданып, белсенді студенттік ұйымдардың жұмысы бағаланды. Сонымен қатар, алдағы желтоқсан айына жоспарланған іс-шаралар пысықталып, студенттік ұйым жетекшілеріне нақты тапсырмалар берілді.

Бұл жиын жастар бастамаларын қолдауға және ұйымдар арасындағы үйлесімді жұмысты нығайтуға бағытталды.