Новости

ЖОБАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Ғылым және коммерцияландыру департаментінің Коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен университеттің ғылым жөніндегі декан орынбасарларының қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу мақсаты – бас жүлдесі 50 000 АҚШ долларын құрайтын Innovate for Impact Challenge 2026 халықаралық AgTech-стартаптар конкурсына университеттің ғылыми және инновациялық әлеуеті жоғары жобаларын дайындап, конкурсқа қатыстыру мәселелерін талқылау.

Кездесу барысында университет ғалымдарының коммерцияландыруға бағытталған стартап-жобаларын, IT-хакатондар мен стартап бастамаларын, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) орындау көрсеткіштерін арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, факультеттер деңгейінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2026–2028 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру конкурсына университет ғалымдарының жобаларын бағыттау, аталған жобаларды халықаралық AgTech конкурсына интеграциялау мүмкіндіктері қарастырылды.

Басқосу нәтижесінде факультеттер арасында перспективалы жобаларды іріктеу, оларды стартап форматында қайта құрылымдау және халықаралық әрі ұлттық конкурстар талаптарына сай дайындау бойынша бірлескен жұмыс жүргізу туралы келісілді.