Super User

Super User

Филология және журналистика кафедрасының «Дарын» студенттік ғылым үйірмесі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Жаһандану кезеңіндегі қазақ тіл білімі мен қазақ әдебиеттануы: дәстүрлер мен тенденциялар» тақырыбында республикалық деңгейде онлайн-оффлайн форматта семинар ұйымдастырмақшы. Семинарда жаһандану кезеңіндегі мемлекеттік тілдің ахуалы, заманауи қазақ тіл білімінде қалыптасқан проблемалар, қалыптасқан дәстүрлер мен жаңа тенденциялар, оны шешу жолдары, қазақ тілін оқытудың жаңа бағыттары, терминология мәселесі қарастырылады, сонымен қатар әдебиеттану бойынша отандық және әлемдік әдебиеттанудың даму бағыттары мен тенденциялары, тәуелсіз қазақ әдебиеті, балалар әдебиеті, әдебиеттегі аударма мәселесі мен оны оқыту әдістері жайлы сөз қозғалады.

Қазіргі қазақ тіл білімі мен әдебиеттану мәселесі бойынша өз ойыңызбен бөліскіңіз келсе, бізге қосылыңыз!

26-ноября 2021 года прошел открытый урок в рамках курса «Светскость и основы религиоведения» среди учащихся 9 класса средней школы №47. Данный курс является составной частью социально-гуманитарного и обществоведческого образования в системе общего среднего образования. Цель обучения предмета:

  • довести до обучающихся принцип светскости как ценности и научить принимать его суть как важного фактора стабильности государства, научить изучать и понимать религию на фоне светскости;
  • дать всестороннее знание о свободе совести, об истории и современном состоянии мировых и традиционных религий, о новых религиозных движениях, деструктивных религиозных течениях и запрещенных религиозных организациях;
  • научить учащихся не принимать идеологию экстремизма, терроризма и религиозного радикализма, на основе духовно-нравственных ценностей воспитывать у них чувство толерантности и формировать гуманистическое мировоззрение.

2021 жылдың 26-қарашада Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі №47 орта мектебінің ұйымдастыруымен 9-сынып оқушылары арасында өтілетін «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы аясында ашық сабақ өтілді. Аталған курс жалпы орта білім жүйесіндегі әлеуметтік-гуманитарлық және қоғамтанулық білім алудың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл курстың өткізудің негізгі мақсаты:

  • білім алушыларды зайырлылық қағидатын құндылық, яғни мемлекет тұрақтылығының басты факторы ретінде қабылдауға, дінді зайырлы таным аясында тануға үйрету;
  • діни сенім бостандығы, әлемдік және дәстүрлі діндердің, жаңа діни қозғалыстардың тарихы мен қазіргі жай-күйі, теріс пиғылды діни ағымдар мен тыйым салынған діни ұйымдар туралы жан-жақты білімін қалыптастыру;
  • оқушыларды экстремизм, терроризм және діни радикализм идеологияларын қабылдамауға үйрету, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде толеранттылық қасиетке тәрбиелеу және олардың гуманистік дүниетанымын қалыптастыру.
Четверг, 25 ноября 2021 12:15

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ДЕНЬ ДЕФЕКТОЛОГА

Старший преподаватель кафедры «Специальная и социальная педагогика» педагогического института «Ұстаз» университета Дулати Гульмира Ораловна провела мероприятие «Моя профессия - моя гордость», посвященное «Международному дню студентов» и «Международному дню дефектолога».

В традиционной мероприятии кафедры приняли участие заведующая КГУ Кабинет психолого-педагогической коррекции отдела образования города Тараз управления образования акимата Жамбылской области Улмира Садырова и логопед Улбала Байкеева.

1

В завершении праздника заведующая кафедрой Гаухар Санай поздравила первокурсников и пожелала им удачи в учебе, а также наградила специальными значками «Логопед».

2

Дулати университеті «Ұстаз» институты «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының аға оқытушысы Гүлмира Оралқызының ұйымдастыруымен «Халықаралық студенттер күні» және «Халықаралық дефектологтар» күніне орай, «Мамандығым-мақтанышым» атты іс шара өтті.

Іс-шараның мақсаты - жаңа оқу жылында қабылданған 1-курс студенттерін «Студенттер қатарына» қабылдап, мамандықтың қыр-сырын ашып көрсету.

1

Кафедраның дәстүрлі іс-шарасына Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімінің психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-ң меңгерушісі Ұлмира Садырова және логопед Ұлбала Байкеева қатысып, түзету кабинетінің жұмыс түрлерімен таныстырды.

Іс-шара соңында кафедра меңгерушісі Гаухар Санай 1-курс студенттеріне оқуда сәттілік тілеп, сонымен қатар, университетіміздің абыройын асқақтатар жас маман ретінде жоғары білім алуларына тілектес екенін айтып, арнайы «Логопед» төсбелгілерімен марапаттады.

2

Кафедра «Дошкольного и начального образования» университета Дулати и ассоциированный профессор З.Кашкынбаева провели семинар и мастер-класс для воспитателей ясли-сада «Кайнар и С» города Тараз на тему «Важные механизмы совершенствования детского творчества».

В ходе семинара были подведены итоги конкурса «Я-мамина звезда» среди детей и родителей старшей группы «Еркем-ай» и определены победители.

Дулати университеті «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасы мен қауымдастырылған профессор З.Қашқынбаеваның ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Қайнар и С» бөбекжай-бақшасында «Бала шығармашылығын жетілдірудің маңызды тетіктері» атты семинар өтті.

Семинар барысында «Еркем-ай» ересектер тобының балалары мен ата-аналары арасында өткен «Мен анамның жұлдызымын» байқауының нәтижесі анықталып, жеңімпаздар марапатталды.

24-ноября 2021 года кураторами групп специальности «Педагогика и методика начального обучения» 19-3,5 Сарыбековой К.Н. и Абжапаровой М.Т. был проведен воспитательный час на тему: «Религиозный экстремизм – угроза миру и стабильности». На данный воспитательный час был приглашен в качестве религиоведа главный специалист Центра религиоведения Б.К. Алпысбаев, который разъяснил угрозы религиозного экстремизма и их религиозно-политические идеологические признаки. «Какие меры необходимо предпринять для профилактики религиозного экстремизма?", «каким будет психологический портрет молодежи, попавшей под влияние нетрадиционных религиозных течений?», «работают ли в других вузах религиоведческие центры?» в свободной форме были обсуждены вопросы, касающиеся формирования религиозной грамотности среди студентов. Организатором был продемонстрирован видеоролик и слайды.

2021 жылдың 24-қарашада «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы  19-3,5 топтарының кураторлары Қ.Н. Сарыбекова және М.Т. Абжапарованың ұйымдастыруымен «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Аталған тәрбие сағатына Дінтану орталығының бас маманы Б.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде шақырылып,  діни экстремизмнің қауіп-қатері мен олардың діни-саяси идеологиялық белгілерін түсіндіріп өтті. Студенттер тарапынан қойылған «Діни экстремизмнің алдын-алу үшін қандай шаралар қолдану керек?», «Дәстүрлі емес діни ағымның ықпалына түскен жастардың психологиялық портреті қандай болады?», «Өзге жоғары оқу орнында Дінтану орталықтар жұмыс жасайды ма?» деген сұрақтардың жауаптары еркін түрде талқыланып,  студенттер арасында діни сауаттылықты қалыптастырудың қажет екендігіне тоқталды.  Ұйымдастырушы тарапынан бейнеролик пен слайдтар көрсетілді.

Бүгін Дулати университетінің ректоры Талғат Ешенқұлов пен Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының бірінші вице-президенті Иса Самсаев ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Осы құжат аясында Дулати атындағы университетте Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының Тараз қаласындағы филиалы ашылды.

Меморандумның мақсаты – «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын әзірлеу және ілгерілету. Ол: ғылыми-танымдық материалдармен, басылымдармен және академиялық ақпараттармен алмасу; сарапшылардың пікірін ескере отырып, рухани-адамгершілік білім беру саласындағы зерттеулер және олардың нәтижелерін тәжірибеге енгізу; бірлескен жобаларға қатысу; ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті дамытуға арналған гранттарға өтінімдерді дайындау; рухани-адамгершілік білім беру саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды өткізу.

4

Бүгінгі таңда «Бөбек» НПООК ұлттық білім беру жүйесінің барлық деңгейінде рухани-адамгершілік тәрбиелеу мен тәрбиелеудің «Өзін-өзі тану» бағдарламасын кешенді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ететін республикадағы жалғыз орталық болып табылады.

Талғат Ешенқұлов ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып, тұлғаның, әсіресе, жастардың дамуында өзін-өзі тану үлкен рөл атқаратынын, бұл студенттерді жаңа өмірге, бүгінгі күннің шындығына бейімдеудегі басты қадамдардың бірі екенін атап өтті. «Өзін-өзі тану» рухани өркендеуге, өскелең ұрпақтың мәдениеті мен имандылығын арттыруға да өз септігін тигізеді

Адамгершілік-рухани құндылықтарды жаңғыртуға арналған «Өзін-өзі тану» білім беру жобасының авторы С.А.Назарбаева халқымыздың тәрбиесінде дұрыс бағдар беріп отыр», - деді ректор.

2

Сондай-ақ, Меморандум аясында Дулати университетінде қазақстандық қоғамда балалар мен жастардың жан-жақты үйлесімді дамуына және тұлғаны дамыту бағдарламалары жүзеге асырылатын болады. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының негізі – адамгершілік-рухани тәрбие аспектісінде гуманитарлық-педагогикалық кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

Иса Самсаевтың айтуынша, бұл бағдарламаны жүзеге асыруда жетекші рөл ұстазға тиесілі. Сондықтан ҚазҰПУ еліміздің басты педагогикалық университеті ретінде Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының филиалы болып таңдалды. Аталған ұйымның бірінші вице-президенті филиалға балабақша, гимназия және колледж базасында студенттердің педагогикалық практикасын өткізуге тұрақты көмек көрсетіліп, сондай-ақ, қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілетінін айтты.

3

Айта кетейік, бұл қазірдің өзінде еліміздің педагогикалық университеттеріндегі Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының оныншы филиалы. Мұнда Тараз қаласының мұғалімдері біліктілігін арттыру курстарынан өтіп, конференцияларға, семинарларға, байқауларға қатыса алады. Сонымен қатар, мұнда оқу бағдарламасы аясында педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімінің қосымша біліктілігін ала алады.

Страница 218 из 453
Top