
Super User
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021 жылдың 7 қазан күні ерекше білім алуға қажеттілігі бар оқушыларға сабақ беретін мұғалімдер үшін «Инклюзивті білім беру жағдайында оқу процесін ұйымдастыру жолдары» тақырыбында облыстық семинар өткізді. «Zооm» бейнебайланыс режимінде өткен іс-шараға 150 педагог, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектептің әлеуметтік педагогтері, психологтары, ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларға сабақ беретін мұғалімдер қатысты. Іс-шара барысында "Ән-Нур-Фат" халықаралық біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау академиясының ректоры Ф.Бизақова мен М.Х.Дулати атындағы Тараз университетенің «Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу» орталығының аға үйлестірушісі, психология ғылымының магистрі С.Үсенова инклюзивті білім берудің теориясы мен технологиясы және ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жасаудың әдістемесі бойынша іс-тәжірибесімен бөлісті. Электронды материалдар таратылып, ақпараттық-әдістемелік көмек берілді.
ДУЛАТИ СТУДЕНТІ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында 24 қыркүйек пен 5 қазан күндері «Тірек-қимыл аппараты зақымдалған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының VI Спартакиядасы өткізілді.
Аталмыш жарыста, пара жүзу спорт түрінен Дулати университеті «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Искра Айбек жеңіс тұғырынан көрінді.
Студентіміз S-13 дисциплинасы бойынша «Брасс» әдісімен 100 метр қашықтықта ІІ орынды иеленіп, одан бөлек S-13 дисциплинасы бойынша еркін жүзу әдісі бойынша 400 метр қашықтықта ІІ орынды иеленіп отыр. 100 метр қашықтықта жеңіс тұғырынан көрініп еркін жүзуден І орынды қанжығасына байлап қайтты.
Айта кетейік, университетіміздің спортшы студенттері облысымыздан бастап әлемдік додаларда бақ сынап, өз шеберліктерін айқын көрсетіп келеді. Жеңісіміз көп болғай!
ТАУ-КЕН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ЖАНДАНДЫРЫЛАДЫ
Ректор Талғат Ешенқұлов Қаратау қаласына Тау-кен технологиялық колледж ұжымымен кездесу үшін іссапармен барды. Колледж тыныс-тіршілігімен танысып, алдағы уақытта бұл білім ордасының жұмысын жандандыру мақсатында іс-шара жоспарын әзірледі.
Алдағы уақытта өңірдегі тау-кен мамандарын дайындайтын жалғыз колледждің мастер-техникалық базасын жақсарту жұмыстарын жүргізіп, химия өндірісіне бағытталған жаңа мамандықтарды ашуды мақсат қойды. Колледж базасында өңіріміздің тау-кен саласындағы үлкен өндіріс мекемелеріне қажетті маман иелерін дайындауға міндетті алғышарттарды атап өтті.
ДУЛАТИ СТУДЕНТІ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында 24 қыркүйек пен 5 қазан күндері «Тірек-қимыл аппараты зақымдалған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының VI Спартакиядасы өткізілді.
Аталмыш жарыста, пара жүзу спорт түрінен Дулати университеті «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Искра Айбек жеңіс тұғырынан көрінді.
Студентіміз S-13 дисциплинасы бойынша «Брасс» әдісімен 100 метр қашықтықта ІІ орынды иеленіп, одан бөлек S-13 дисциплинасы бойынша еркін жүзу әдісі бойынша 400 метр қашықтықта ІІ орынды иеленіп отыр. 100 метр қашықтықта жеңіс тұғырынан көрініп еркін жүзуден І орынды қанжығасына байлап қайтты.
Айта кетейік, университетіміздің спортшы студенттері облысымыздан бастап әлемдік додаларда бақ сынап, өз шеберліктерін айқын көрсетіп келеді. Жеңісіміз көп болғай!
ҚАРТҚА ҚЫЗМЕТ – АЗАМАТҚА МІНДЕТ
1 қазан Халықаралық Қарттар күні…Бұл мерекенің негізгі мақсаты - өз шаңырағыңдағы құт-береке кіргізіп отырған ақ жаулықты әже мен ақ сақалды қарияны құрметтеу, ұлықтау. Қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген ерен еңбектері мен мемлекетіміздің дамуына қосқан зор үлестерін жоғары бағалап, оларға сый-құрмет көрсету. Осы игі ниетті жүзеге асыруда Филология және журналистика кафедрасының оқытушылары (Ә.Түймебекова, Ғ.Абдыханова, Б.Мырзабаева, А.Иматаева, А. Ануарбекова) мен студенттері бүгінде дәстүрге айналдырған қайырымды істің ұйытқысы болды. Тараз қаласындағы №1 Қарттар үйінде қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
КӘСІПОДАҚ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР ӨТТІ
Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының ұйымдастыруымен сала қызметкерлері-кәсіподақ мүшелері арасында бильярд және баскетболдан облыстық турнир өтті. Ұстаздар күні және Қазақстан кәсіподақтары күні қарсаңында ұйымдастырылған спорттық шараға облыс аудандары мен Тараз қаласының білім саласы қызметкерлерінің құрама командалары, облыстық мәндегі білім мекемелерінің және Дулати Университетінің құрама командалары қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты - білім және ғылым саласы қызметкерлері арасында дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануды насихаттау, кәсіподақ ұйымдары арасында шынайы бәсекелестікті дамыту мен кәсіподақ мүшелігімен қамтуға ынталандыру болды.
250-ден аса қатысушы жинаған турнир қорытындысы бойынша бильярдтан ерлер арасында да, әйелдер арасында І орынды Меркі ауданынан келген спортшы-ұстаздар иеленді. Ал, Дулати университетінің намысын қорғаған Парманов Мақсат пен Бейсенова Жансая 4-орынды қанжығаға байлады.
Ал баскетбол бойынша Тараз қаласының спортшы-ұстаздары өзгелерден бәсі биік екендіктерін дәлелдеп, жеңіс тұғырына көтерілді. Төрешілер алқасының шешімі бойынша әйелдер арасында Дулати университетінің ойыншысы Диана Көпбосынова «Үздік ойыншы» атанды. Турнирдің жеңімпаздарына Жергілікті кәсіподақтың атынан Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар берілді.
Кәсіподақтар күніне арналған спорттық жарыстар Дулати университетінде жалғасын тапты. Жеңіл атлетикадан жекелей біріншілікке институт, факультеттер мен әкімшілік қызметкерлерінен құралған 8 команда қатысты.
Әйелдер арасында 60 метр қашықтықта Исаева Зарина ("Ұстаз") ең жылдам қатысушы атанды, Юлия Шмидт ("Әкімшілік") екінші нәтиже көрсетті және Куандықова Гүлчехраның (Технологиялық фак.) үшінші орын иемденді. Ерлер арасында 100 м қашықтықта Өксікбаев Ізбасар (Өнер және спорт) үздік нәтиже көрсетті, Сенгірбай Арман (Өнер және спорт) екінші, Ешметов Мейіржан ("Су шаруашылығы ж/е табиғатты үйлестіру") үшінші нәтижені көрсетті.
Әйелдерге арналған 4x100 м жеңіл атлетикалық эстафетада Экономика және құқық факультеті көшбасшы атанды, Технологиялық факультеттің командасы жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді, Ақпараттық технологиялар факультетінің командасы үшінші орынға табан тіреді. 4х100 м эстафетасындағы ерлер үшін орындар келесідей бөлінді: Өнер және спорт факультетінің командасы бірінші болса, Су шаруашылығы ж/е табиғатты үйлестіру институты жүгірушілері күміс жүлдеге, «Әкімшілік» командасы үшінші орынға ие болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер университет кәсіподақ комитетінің дипломдарымен, медальдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Дулати Университетінің
медиа-қызметі
ПЕРВЕНСТВО ПО ЛЕГКОЙ АТЛЕТИКЕ, ПОСВЯЩЕННОЕ ДНЮ ПРОФСОЮЗОВ
В университете Дулати завершилось личное первенство по легкой атлетике, посвященное Дню профсоюзов. Целью соревнований была пропаганда здорового образа жизни и выявление сильнейших спортсменов, для дальнейшего участие в областных профсоюзных соревнованиях.
На старт вышли 8 команд: команда «Администрация», ФЭП, ФИТ, ИВХП, ФГСН, ФИС, ТФ, Ұстаз. На дистанции 60 метров у женщин самой быстрой участницой стала Исаева Зарина (Ұстаз), второй результат показала Шмидт Юлия (Администрация) и закрыла тройку призеров Куандыкова Гульчехра (ТФ). На дистанции 100м у мужчин лучший результат показал Оксикбаев Избасар (ФИС), вторым финишировал Сенгирбай Арман (ФИС), третий результат показал Ешметов Мейржан (ИВХП).
В легкоатлетической эстафете 4х100м у женщин лидерами стали представительницы ФЭП, на второй ступеньке пьедестала разместилась команда ТФ, третье почетное место зеняла команда ФИТ. У мужчин в эстафете 4х100м места распределились следующим образом: лидирующую позицию заняла комада ФИС, серебряными призерами слали бегуны ИВХП, третье место заняла команда «Администрация».
Завершились соревнования на приятной ноте – церемонии награждения. Победители и призеры были награждены дипломами, медалями и ценными подарками от профсоюзного комитета университета. Благодарственными грамотами были отмечены ответсвенные за команду, которые приняли активное участие в организации соревнований. Праздник удался все получили отличный заряд бодрости и хорошего настроения!
Наталия Сиротина
старший преподаватель кафедры
«НВП и Физическое воспитание»
ЛЕКЦИЯ НА ТЕМУ: «COVID – 19 МЕРЫ ПРЕДОСТОРОЖНОСТИ»
7 октября 2021 года со студентами военной кафедры была проведена беседа на тему: «COVID – 19 меры предосторожности». Старший преподаватель военной кафедры полковник запаса Егизеков Н.К. довел до студентов важность соблюдения санитарно-эпидемиологических требований и мер предосторожностей.
«COVID – 19 САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӘРІС ӨТТІ
2021 жылғы 7 қазанда әскери кафедра студенттерімен «COVID – 19 сақтық шаралары» тақырыбында әңгіме болды.
Әскери кафедрасының аға оқытушысы, запастағы полковник Н.К. Егизеков студенттерге санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды және сақтық шараларын сақтаудың маңыздылығын жеткізді.
АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ
Құрметті білім алушылар!
2021-2022 оқу жылының көктемгі семестріне шетелдік және қазақстандық серіктес университеттерде академиялық ұтқырлық бағдарламасымен білім алу аясында құжаттарды қабылданып жатқандығын хабарлаймыз!Қажетті құжаттарды 2021 жылғы 30 қазанына дейін Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі, 7 (301 кабинет) мекен-жайдағы Халықаралық ынтымақтастық орталығына тапсыру қажет.Барлық сұрақтар бойынша 87479570530 телефонға хабарласыңыз:
Бағдарламаға қатыса алады!
* Сыртқы академиялық ұтқырлыққа:
- докторанттар 2-4 семестрде;
- магистранттар 2-3 семестрде;
- студенттер 3-6 семестрде ;
* Ішкі академиялық ұтқырлыққа:
- докторанттар 2-4 семестрде;
- магистранттар 2-3 семестрде;
- студенттер 3-6 семестрде ;
- студенттер отбасылық және денсаулығына байланысты екінші және жетінші семестрге өтініш бере алады;
- ағылшын тілін меңгерген студенттер (алыс шетелдік елдерде білім алуға ниет білдірген үміткерлер үшін қажет);
- құжаттарды тапсыру сәтінде академиялық және қаржылық қарыздары жоқ студенттер;
- оқу үлгерімі (GPA) 3,3-тен төмен емес студенттер;
- университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысатындар студенттер.
Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- Өтініш (ХЫО-да толтырылады);
- үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) транскрипт ;
- Институт директоры / факультет деканы атынан ұсыныс хат;
- Ағылшын тілін меңгергендігін растайтын құжат (алыс шетелдік елдерде білім алуға ниет білдірген үміткерлер үшін қажет);
- Дипломдар мен сертификаттар (көшірмелері);
- Халықаралық төлқұжат пен жеке куәлік көшірмесі.
- Келесі санаттарға жату фактісін растайтын құжаттар (өтініш берушілер үшін):
- жетім балалар мен ата -анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - балаға ата -анасының жоқтығын растайтын құжат;
- бала кезінен мүгедектер мен мүгедек балалар;
- көп балалы отбасының балалары - бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігі немесе бала асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесі.