
Super User
ВСТРЕЧА СО СПОРТСМЕНАМИ
Сегодня ректор университета Дулати Талгат Ешенкулов встретился со студентами, которые показали высокие результаты на различных спортивных состязаниях.
Встреча проходила в рамках презентации плана работы на 2021-2022 учебные годы спортивного клуба "Сункар" "Развитие и перспективы спорта в университете" его председателем Д. Джылысбаевым.
В ходе свободного общения ректор выслушав идеи будущих чемпионов выразил готовность всячески поддержать инициативы, направленные на повышение уровня мастерства и привлечения в спорт еще больше молодежи.
СПОРТШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ
Бүгін ректор Талғат Ешенқұлов Дулати университетінің жоғары спорттық нәтижелері бар студенттермен кездесті.
«Дулати университетіндегі спорттың дамуы мен болашағы» тақырыбында өткен іс-шара «Сұңқар» спорт клубының төрағасы Д.Джылысбаев 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырудан басталды.
Басқосу барысында ректор мен спортшылар еркін форматта әңгіме айтып, түрлі идеялармен бөлісті.
Ректор өз сөзінде, жастарды әрдайым қолдайтынын айтып, спортшылардың көбеюуіне тілектес екенін жеткізді.
ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ «БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМІ» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
Қоғамдағы мұғалімнің әлеуметтік мәртебесін көтеру үшін мұғалімдердің миссиясын дәріптеуге және педагог кәсібінің мәртебесін арттыруға бағытталған «Қазақстан мұғалімі- 2021» Ұлттық сыйлығының аясында өткен «Болашақ мұғалімі» жобасында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті "Ұстаз" институтының "Шет тілі: екі шет тілі" мамандығының 4-курс студенті Тұрғұмбек Іңкәр Кенжебекқызы "Болашақ мұғалімі" аталымының иегері болды.
Салтанатты марапаттау рәсімінде Қазақстанның 10 ЖОО арасынан 10 үздік студент «Болашақ мұғалімі» аталымының жеңімпаздары марапатталды. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы тәжірибе беру, болашақ педагогты мамандығына тарту, студенттің тәлімгермен ынтымақтастығын арттыру мақсатында жаңа - "Болашақ мұғалімі" бағыты енгізу туралы шешім қабылданған болатын.
"Болашақ мұғалімі" аталымының жеңімпазы Тұрғұмбек Іңкәр Кенжебекқызын құттықтаймыз. Оқу барысында толағай табыстар мен жетістіктерге жетуіңізге тілектеспіз!
УНИВЕРСИТЕТ ОҚЫТУШЫЛАРЫ БІЛІКТІЛІГІН КӨТЕРУДЕ
Нұр-Сұлтан қаласында «Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту бойынша мұғалімдердің біліктілігін көтеру» бағдарламасы өз жұмысын бастады. Дүниежүзілік банктің жобасы бойынша бастау алған жиынға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессор-оқытушылары қатысуда.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Назарбаев Университеті және Финляндияның HAMK Häme University of Applied Sciences Университетімен бірлесіп ұйымдастырылған шара 27 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өткізілмек.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
![]() |
Жаңа оқу жылының басы “Қолданбалы математика және статистика” кафедрасы үшін жақсы жаңалықтармен басталды. Математика және статистика білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Саткожаева Эльвира Н.Назарбаев қорының стипендиясын жеңіп алды. |
Университет бойынша 3 студент осы стипендияны жеңіп алған екен. Солардың қатарында біздің студентіміздің бар болғанына қуаныштымыз. Эльвира “Қолданбалы математика және статистика” кафедрасының үздік студенттерінің бірі, ғылыми конференцияларда белсенділігін көрсетеді. Дарынды студентімізді шын жүректен құттықтаймыз!
ПОЗДРАВЛЯЕМ!
![]() |
Начало нового учебного года началось с хороших новостей для кафедры «Прикладная математика и статистика». Саткожаева Эльвира студентка третьего курса образовательной программы Математика и статистика, выиграла стипендию Фонда Первого Президента. Эту стипендию выиграли 3 студента с университета. |
Мы рады, что среди них есть и наша студентка. Саткожаева Эльвира - одна из лучших студенток кафедры «Прикладная математика и статистика». Принимает активное участие в научных конференциях и конкурсах. Поздравляем нашу талантливую студентку и желаем ей успеха в дальнейшей жизни!
2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ 1 СЕМЕСТРІНДЕГІ КУРАТОРЛАР САҒАТТАРЫНЫҢ КЕСТЕЛЕРІ
ПОБЕДИТЕЛИ СТУДЕНЧЕСКИХ СТИПЕНДИЙ ФОНДА ПЕРВОГО ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН-ЕЛБАСЫ
В 2021 году победителями республиканского конкурса на соискание студенческих стипендий Фонда Нурсултана Назарбаева Республики Казахстан от Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати стали 3 студентов:
![]() |
Жаманқара Аяулым Булатқызы – студентка 3 курса по образовательной программе «Конвергентная журналистика» факультета гуманитарно-социальных наук |
![]() |
Саткожаева Эльвира Бакытжановна – студентка 3 курса по образовательной программе «Математика и статистика» факультета информационных технологий, автоматики и телекоммуникаций |
![]() |
Нұрланқызы Мадина – студентка 4 курса по образовательной программе «Финансы» факультета экономики и права |
Поздравляем наших студентов с победой и желаем им творческих успехов в учебе и жизни!
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ - ЕЛБАСЫ ҚОРЫНЫҢ СТУДЕНТТІК СТИПЕНДИЯ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
2021 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3 студенті Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының студенттік стипендияларын алуға республикалық конкурстың жеңімпазы атанды:
![]() |
Жаманқара Аяулым Болатқызы – Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің "Конвергентті журналистика" білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс студенті |
![]() |
Сатқожаева Эльвира Бақытжанқызы - Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникациялар факультетінің "Математика және статистика" білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс студенті |
![]() |
Нұрланқызы Мадина - Экономика және құқық факультетінің "Қаржы" білім беру бағдарламасы бойынша 4 курс студенті |
Студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз оларға оқуда және өмірде шығармашылық табыс тілейміз!
АДАМИ РЕСУРСТАРДЫҢ ДАМУЫ - ЕЛ БОЛАШАҒЫН ОЙЛАУ
Елімізде адам ресурстарын басқару мәселесінің маңыздылығын дәлелдеу және оны ары қарай жетілдіруді, дамыту жолдарын іздестіру және еңбек нарығын дамыту бойынша нақты ұсыныстар жасау мақсатында «Адами ресурстардың дамуы-Ел болашағын ойлау» тақырыбында 21.09.2021ж. Технологиялық факультетінің «Тамақ өндірісі және биотехнология» кафедрасында факультет деңгейінде В18-БТЕ-1тобының 4 курс студенттерімен дөңгелек стол өткізілді.
Студенттер адам ресурстарын басқару- бұл белгілі бір саясат, кәсіпорындағы адам потенциалының өсуіне бағытталған, стратегиялық мақсаттарға жету үшін іскерлікті жүргізу және ұйымдастыру, кәсіпорынның жалпы стратегиясына қызметкерлерді басқаруды енгізгенде жоғарғы экономикалық жетістіктерге жету, деп ұғатындары жөнінде ой білдірді.