
Super User
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ "КҮМІСІ"
Дулати университетінің студенті, еркін күрес шебері Нұрдәулет Қуанышбай жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Башқұртстан Республикасы Уфа қаласында (Ресей) жасөспірімдер арасындағы 2021 (Junior World Wrestling Championships Ufa 2021) әлем чемпионатының еркін, әйелдер және грек-рим күресінен жарыстар аяқталды. 55 елден 1500-ге жуық спортшы қатысқан дода "Уфа-Арена" стадионында өтті. Турнирдің медальдарын 28 елдің балуандары жеңіп алды.
Қазақстандық "еркін күресшілер" бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды. Қазақстан құрамасы сапында Дулати университетінің студенті, балуан Нұрдәулет Қуанышбай 74-ке дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынасты. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда ол америкалық балуан Киган Отоолемен кездесті. Нәтижесінде Нұрдәулет Қуанышбай екінші орын алып, әлем чемпионатынан күміс медальмен оралды.
МЕДИА ҚЫЗМЕТ
ҰРПАҚТАР РИЗАШЫЛЫҒЫ
Дулати университетінің базасында Рымбек Мылтықбаев атындағы оқу аудиториясының ашылуы өтті.
Ашылу салтанатына Бірінші проректордың м.а. Ержан Әмірбекұлы, тарихшының туыстары, әріптестері қатысты.
Ұстаз, ғалым, тарихшы Рымбек Мылтықбаевтың бүкіл өмірі жоғары оқу орнымен байланысты. Ол Жамбыл педагогикалық институты құрылған күнінен бастап 2012 жылға дейін жұмыс істеді.Ғалым мемлекетіміздің тарихын, мәдениетін, әдебиетін дамытуға үлес қосты. Ол бес кітап және 300-ге жуық мақала жазды. Оның көптеген жарияланымдары жазушы Шыңғыс Айтматовқа арналды. Рымбек Мылтықбаев студенттердің бірнеше буынына тарихқа деген сүйіспеншілікті оята алатын талантты оқытушы болды.
МЕДИА ҚЫЗМЕТ
ЖОО-НЫҢ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
"Рухани жаңғыру" Қазақстандық қоғамдық даму институты” КЕАҚ орталығының жетекшісі Жанар Бұқанова Дулати университетінде болды.
Іс-шара университет мұражайын аралаудан басталды. Ары қарай Дулати университетінің "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша жобаларының таныстырылымы өтті. Жанар Бұқанова Жамбыл облысы этностарының интерактивті картасымен, "Жамбыл облысының ортағасырлық қалалары" мультимедиялық картасымен, "Қазақ хандығы" интерактивті энциклопедиясымен, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған "Балақай" танымдық жобасымен танысты. Сонымен қатар, "VIZIT TARAZ" және "Дәстүрім-асыл қазынам"студенттік телестудиясының жобалары ұсынылды. "Дәстүр және ғұмыр" жобасы аясында Дулати университетінде "Үшбас асық", "Қазақ шаңырағы", "Асықты шот" ойындары өткізілді. 2021 жылы "Қазақ шаңырағы" зияткерлік ойынын цифрландыру жұмыстары басталып, оның компьютерлік моделі жасалды. Университет ұжымы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында шығарған оқу әдебиеттері мен қазақ тіліндегі “100 жаңа оқулық" жобасы аясында аударылған кітаптардың экспозициясы ұсынылды.
Іс-шара семинармен аяқталды. Модератор Ержан Әмірбекұлы Дулати университетінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы мен "Ұлы даланың жеті қыры" жобасының жүзеге асырылуына қысқаша шолу жасады. Семинарда педагогика ғылымдарының кандидаты, "Психология және педагогика" кафедрасының доценті Рысты Керімбаева ұлттық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу тақырыбында баяндама жасады. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің магистранты Қанатқызы Көркемжан "7 ҚЫР" мобильдік қосымшасының жобасы туралы айтып берді.
МЕДИА ҚЫЗМЕТ
КҮЗГІ СЕМЕСТР ФОРМАТЫ
Жақында жаңа оқу жылы басталады. 2021-2022 оқу жылының күзгі семестрін ұйымдастыру туралы Дулати университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Талғат Ешенқұлов тікелей эфирде толығырақ түсіндіріп өтті және талапкерлердің сұрақтарына жауап берді.
Тікелей эфир әлеуметтік желілерде таратылды. Кездесу еркін диалогтық режимде өтті.
Спикер хабарлағандай, Дулати университеті студенттерді қабылдауға толық дайын. Күзгі семестр аралас оқыту форматында – онлайн (қашықтықтан) және оффлайн (дәстүрлі) өтеді.
Эфир қатысушылары гранттар, жеңілдіктер, жатақханалар туралы сұрақтар қойды.
Тікелей эфир жазбасын мына сілтеме бойынша көре аласыздар:
https://www.instagram.com/p/CSomcsmhFvi/
МЕДИА ҚЫЗМЕТ
МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТТАРЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Дулати университетінің білім беру бағдарламаларының топтары бойынша 2021-2022 оқу жылына мемлекеттік білім гранттарын 916 студент иеленді.
Қазақстанда мемлекеттік гранттар республикалық комиссияның қорытынды отырысының шешімі бойынша анықталды. ҚР БҒМ сайтының деректері бойынша ағымдағы жылы олардың жалпы саны 56 мыңға дейін өсті.
Естеріңізге сала кетейік, конкурсқа қатысу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен 75 мыңнан астам талапкер құжат тапсырған болатын. Үміткерлер арасында 8 мыңнан астам "Алтын белгі" иегерлері, 800-ден астам халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, сондай-ақ 520 республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың жеңімпаздары бар. Ұпайлар тең болған жағдайда, олар басым құқыққа ие болды. Бірінші ретте гранттық квота әлеуметтік осал топтағы балалар санаттарына берілді.
Сұранысқа ие бағыттардың алдыңғы қатарында "Білім беру", "Денсаулық сақтау", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Құқық", "Дизайн", "Менеджмент" салалары бар.
Барлық грант иегерлері ЖОО-ға қабылдау үшін құжаттарды 25-тамызға дейін тапсыруы тиіс.
МЕДИА ҚЫЗМЕТ
ВНИМАНИЮ АБИТУРИЕНТОВ
АБИТУРИЕНТЫ, ПОСТУПАЮЩИЕ НА ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ ГРАНТЫ И НА ПЛАТНУЮ ОСНОВУ·
Абитуриенты поступающие на обучение в Таразский региональный университет имени М.Х. Дулати на основе государственного образовательного гранта подают заявку через сайт Egov.kz. «Прием документов и зачисление в высшие учебные заведения для обучения по образовательным программам высшего образования» подают заявку на вид государственной услуги и сохраняет оригиналы документов.
- Поступающие на платною основу подают заявление через операторов виртуальной приемной комиссии по указанным ниже контактным телефонам и предоставляють оригиналы документов в приемную комиссию.
- Дата подачи заявки до 25 августа.
Документы для поступления:
- документ об общем среднем, техническом профессиональном, послесреднем или высшем образовании (аттестат, диплом с приложением в подлиннике);
- копия удостоверения личности;
- Документы, (льготы) подтверждающие предсталение преимущественного правы и квоты (при наличи);
- шесть фотографий размером 3х4;
- Выписка из ведомости специального или творческого экзамена (для поступающим по образовательным программам, требущим педагогической или творческой подготовки) справка о сдаче специального;
- Электронный сертификат единого национального тестирования;
- Электронный свидетельство о присуждении образовательного гранта (при его наличии);
- медицинская справка по форме 075-У.
Адрес: г.Тараз, пр. Толе би 60,
Call-center: тел. 8 /7262/ 55-67-20
Приемная комиссия: 8 /7262/ 45-73-92, 45-22-35
Сотовая связь: 8707266-24-64, 8707277-54-04, 8707869-16-08
Instagram: @dulaty_university, @dulaty_priemka
Facebook: DulatyUniversity
Youtube канал: Dulaty University
ТАЛАПКЕРЛЕР НАЗАРЫНА
МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫ ЖӘНЕ АҚЫЛЫ НЕГІЗДЕ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАНАТЫН ТАЛАПКЕРЛЕР!
М.Х. Дулати атындағы тараз өңірлік университетіне грант негізінде оқуға қабылданатын талапкерлер Egov.kz сайты арқылы «Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет түрі бойынша өтініш береді және құжаттардың төлнұсқасын өткізеді.
- Ақылы негізде қабылданатын талапкерлер виртуалды қыбылдау комиссиясының операторларымен төменде көрсетілген байланыс телефондары арқылы хабарласып құжаттардың төлнұсқасын қыбылдау комиссиясына өткізеді.
- Өтініш беру мерзімі 25 тамызға дейін.
Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар:
- Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта жоғары оқу орнына дейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (аттестат, диплом қосымшасымен түпнұсқа);
- жеке куәлік көшірмесі;
- Басым құқықтар мен квоталардың (жеңілдіктердің) берілуін растайтын құжаттар (болған жағдайда);
- 3х4 өлшеміндегі 6 дана фотосурет;
- арнаулы немесе шығармашылық емтихан ведомостынан үзінді (педагогикалық немесе шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру саласы бойынша түсушілер үшін);
- Ұлттық бірыңғай тестілеудің электрондық сертификаты;
- Білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік (болған жағдайда);
- 075-У нысанындағы медициналық анықтама;
Мекен жайымыз: Тараз қ. Төле би даңғылы 60,
Call-center: тел. 8 /7262/ 55-67-20
Қабылдау комиссияcы: 8 /7262/ 45-73-92, 45-22-35
Ұялы байланыс: 8707266-24-64, 8707277-54-04, 8707869-16-08
Instagram парақшасы: @dulaty_university, @dulaty_priemka
Facebook парақшасы: Dulaty University
Youtube канал: Dulaty University