Super User
Обучение слушателей подготовительных отделений организаций высшего и послевузовского образования
Обучение слушателей подготовительных отделений организаций высшего и послевузовского образования Республики Казахстан на 2023-2024 учебный год
Уважаемые претенденты,
Министерство науки и высшего образования Республики Казахстан приглашает иностранных граждан, граждан Республики Казахстан, а также лиц казахской национальности, не являющихся гражданами Республики Казахстан, к обучению на подготовительных отделениях высших учебных заведений страны.
Количество и виды грантов:
- для лиц казахской национальности, не являющиеся гражданами Республики Казахстан – 1 300
- языковые курсы для граждан Республики Казахстан – 200
- для иностранных граждан – 50
- для граждан Турецкой Республики и других тюркоязычных республик – 200
Прием документов осуществляется на сайте Национального центра развития высшего образования https://enic-kazakhstan.edu.kz/priem-dokumentov-na-podgotovitelnye-otdeleniya-vuzov/podacha-dokumentov-1 с 11 августа по 5 сентября 2023 года
Вся необходимая информация на сайте https://enic-kazakhstan.edu.kz
По всем вопросом обращаться:
Тел.: +7 (7172) 28 75 26
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінде білім алу
2023-2024 оқу жылына Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінде білім алу
Құрметті үміткерлер,
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі шетел азаматтарын, Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларды еліміздің жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне оқуға шақырады.
Гранттардың саны мен түрлері:
- Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлты үшін – 1 300
- тілдік курстар үшін (Қазақстан Республикасы азаматтарына) – 200
- тілдік курстар үшін (шетел азаматтарына) – 50
- Түркия Республикасының және басқа түркітілдес республикалардың азаматтары үшін – 200
Құжаттар 2023 жылдың 11 тамызы мен 5 қыркүйегі аралығында Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығының сайтында https://enic-kazakhstan.edu.kz/priem-dokumentov-na-podgotovitelnye-otdeleniya-vuzov/podacha-dokumentov-1 қабылданады.
Қажетті ақпаратты https://enic-kazakhstan.edu.kz сайтында табуға болады.
Барлық сұрақтар бойынша:

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімі
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөліміне Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ шетел азаматтарын оқытуға мемлекеттен бейімділігіне қарай техникалық жаратылыстану және гуманитарлық бағыттарында білім алады.
Дайындық бөлімі ұлты қазақ, ҚР азаматтары болып табылмайтын алыс-жақын шет елдерде тұратын қазақ диаспорасы мен репатрианттарын оқытуға арналған бөлім болып табылады.
Дайындық бөлімі үлгілік оқу жоспары негізінде келесі пәндер бойынша оқытуды ұйымдастырып, жүргізеді.
Негізгі пәндер :
- Қазақстан тарихы
- Оқу сауаттылғы
- Математика сауаттылық
Таңдау пәндері :
- Математика-Физика;
- Химия-Биология;
- Ағылшын-Дүние жүзілік тарих;
- Дүние жүзілік тарих-География:
Оқытудың қосымша түрлері бойынша:
1.Қазақ тілі
2.Орыс тілі
3.Информатика
4.Дене шынықтыру
Аталған пәндерді оқи отырып, мамандық таңдауына үлкен септігін тигізеді.
Оқу үрдісі
Сабақ екінші ауысымда оқытылады. Оқу мерзімінің ұзақтығы 9 ай. Дайындық бөлімінде университетіміздің тәжірибиелі профессор-оқытушы құрамы заманауи оқу-технологияларын , тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып дәрістер откізеді.
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ
Шетел азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарымен, ұлттық тарихымен жете танысады. Ата жұртқа бейімдеу мақсатында оңтүстік өңірдегі киелі жерлермен Арыстан Баб, Қожа АхметЯссауи, Айша Бибі, Қарахан баба,Тектұрмас сынды тарихи ескерткіштермен мәдени орындармен таныстырып отыру, олардың мән-маңызын кеңінен түсіндіру дәстүрге айналған. Тыңдаушылар университетөміріндегі іс-шаралар мен қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.
Оқуға қажетті құжаттар:
- Орта білімі туралы аттестат, орта-арнайы білімі туралы құжат (колледж, лицей дипломы)
- Төлқұжат (шет елдің паспорты, ықтиярхат)
- 6 дана 3х4 фотосурет
- У № 075 формалы медициналық анықтама
Құрметті талапкер!
Сіз, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімінде оқып, жоғары оқу орындарының мемлекеттік грант иегері атана аласыз!!!
Біздің мекен-жайымыз: 080000, Тараз қаласы
Қабылдау комиссиясы - Төле би көшесі, 60
Төле би көшесі, 62, 3-1-корпус, 208 каб.
Дайындық бөлімінің техникалық хатшыларының байланыс телефоны: +77002209191, +77053975512
Бос лауазымдық орындарға конкурс
«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
бос лауазымдық орындарға конкурс жариялайды:
«ҰСТАЗ» ИНСТИТУТЫ
«Химия және биология» кафедрасы бойынша:
Аға оқытушы – 2 бірлік (1- Биология), (1-Химия) |
«СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТҚА ҮЙЛЕСІРУ» ИНСТИТУТЫ
«Мұнай, газ және тау-кен ісі» кафедрасы бойынша:
Қауымдастырылған профессор (доцент) – 1 бірлік |
«Көлік техникасы мен технологиялары» кафедрасы бойынша:
Аға оқытушы – 1 бірлік |
«Механика және машина жасау» кафедрасы бойынша:
Аға оқытушы – 4 бірлік |
«Электр энергетикасы» кафедрасы бойынша:
Қауымдастырылған профессор (доцент) – 1 бірлік |
Аға оқытушы – 1 бірлік |
«Құрылыс және материалдар өндіру» кафедрасы бойынша:
Қауымдастырылған профессор (доцент) – 1 бірлік |
ӨНЕР ЖӘНЕ СПОРТ ФАКУЛЬТЕТІ
«Дене шынықтыру және спорт теориясы» кафедрасы бойынша:
Қауымдастырылған профессор (доцент) – 10 бірлік |
«Спорттық пәндердің әдістемесі» кафедрасы бойынша:
Қауымдастырылған профессор (доцент) – 10 бірлік |
«Дизайн және сән индустриясы» кафедрасы бойынша:
Қауымдастырылған профессор (доцент) – 2 бірлік |
«Алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі» кафедрасы бойынша:
Қауымдастырылған профессор (доцент) – 5 бірлік (Дене тәрбиесі) |
ГУМАНИТАРЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ
«Филология және журналистика» кафедрасы бойынша:
Аға оқытушы - 1 бірлік (журналистика) |
«Шетел филологиясы мен аударма ісі» кафедрасы бойынша:
Қауымдастырылған профессор (доцент) – 1 бірлік |
«Әлеуметтік психология» кафедрасы бойынша:
Қауымдастырылған профессор (доцент) – 2 бірлік |
«Мәдениет және өнер» кафедрасы бойынша:
Аға оқытушы - 4 бірлік (мәдени-тынығу жұмысы) |
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ
«Техникалық физика» кафедрасы бойынша:
Қауымдастырылған профессор (доцент) – 1 бірлік |
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
«Азаматтық құқық және процесс» кафедрасы бойынша:
Қауымдастырылған профессор (доцент) – 1 бірлік |
«Философия және саясаттану» кафедрасы бойынша:
Қауымдастырылған профессор (доцент) – 1 бірлік |
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ
«Тамақ өндірісі және биотехнология» кафедрасы бойынша:
Қауымдастырылған профессор (доцент) – 2 бірлік |
Кафедраның қауымдастырылған профессоры біліктілігіне қойылатын талаптар:
Негізгі талаптар
- кафедраның ББ сәйкес келетін жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- ғылыми дәрежесінің (немесе ғылыми-педагогикалық бейіндегі PhD дәрежесінің) және/немесе қауымдастырылған профессор атағының болуы;
- білім беру ұйымдарындағы ғылыми-педагогикалық лауазымдардағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес немесе мамандығы бойынша өндірістік өтілі 5 жылдан кем емес;
- шығармашылық сипаттағы ББ бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын кафедраларда (Дене шынықтыру және спорт, Мәдени-бос уақыт жұмысы, Дизайн, Көркем еңбек және сызу, Бастапқы әскери дайындық, Хореография) «еңбек сіңірген», «құрметті» және ҚР Мемлекеттік наградалары бар, подполковниктен төмен емес әскери атағы, спорт шебері, спорт және өнер бойынша континентальдық және әлемдік ресми біріншіліктердің жеңімпаздары және т.б. ҚР ресми танылған атақтары бар маман аталған лауазымға үміткер бола алады. Жоғарыда аталған атақтардың иегерлері «қауымдастырылған профессор» ғылыми атағына теңестіріледі;
- университет әкімшілігінің, білім алушылар мен оқытушылардан «Университет ПОҚ, қызметкерлері мен білім алушыларының академиялық адалдық ережелеріне» сәйкес ескертулері мен наразылықтарының болмауы.
Қосымша талаптар
- соңғы 5 жыл ішінде біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы;
- «Оқытушы студенттер көзімен» сауалнамасы бойынша нәтижелер 6,5-тен астам болуы;
- оқу, оқу-әдістемелік (оқу-әдістемелік құралдар мен білім беру бағдарламаларының (ББ) авторлары болып табылатын) және ғылыми қызметтерде (соңғы 5 жыл ішінде ҚР БҒМ БҒССҚК ұсынған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген басылымдарда және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда кемінде 10 ғылыми мақалаларды жариялауы) жоғары жетістіктердің болуы.
Кафедраның аға оқытушысының біліктілігіне қойылатын талаптар:
Негізгі талаптар
- кафедраның ББ сәйкес келетін жоғары (специалист) және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім (ғылыми-педагогикалық магистратура, ғылыми-педагогикалық өтілі жоқ болғандағы ғылыми-педагогикалық PhD докторантура, бейіні бойынша PhD докторы);
- білім беру ұйымдарындағы ғылыми-педагогикалық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл (оның ішінде оқытушы лауазымында кемінде бір жыл) немесе мамандығы бойынша өндірістік өтілі кемінде 5 жыл;
- университет әкімшілігінің, білім алушылар мен оқытушылардан «Университет ПОҚ, қызметкерлері мен білім алушыларының академиялық адалдық ережелеріне» сәйкес ескертулері мен наразылықтарының болмауы.
Қосымша талаптар
- соңғы 5 жыл ішінде біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы;
- «Оқытушы студенттер көзімен» сауалнамасы бойынша нәтижелер 6,5-тен астам болуы;
- соңғы 3 жыл ішінде оқу, оқу-әдістемелік әзірлемелерінің болуы және кемінде 5 ғылыми мақалаларды жариялауы.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
- «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ Басқарма Төрағасы - Ректор атына жазылған өтініш;
- кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы;
- жеке куәлік көшірмесі;
- өмірбаян;
- резюме;
- соңғы жұмыс орнынан мінездеме;
- жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмелері;
- біліктілікті арттыру және қайта даярлау туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);
- денсаулығы туралы медициналық (санитарлық) кітапша;
- соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
- ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
- ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;
- Қызмет нәтижелері туралы презентация (қағаз және электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес).
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.
Өтініш беру мерзімі: хабарландыру университеттің http://dulaty.kz. сайтында жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірілмеуі тиіс, 2023 жылғы тамыздың 22 мен 31 күндері аралығында.
Мекен-жайымыз: 080000, Тараз қаласы, Ы. Сүлейменов көшесі, 7, 101 бөлме (1.1 корпус) (Персоналды басқару қызметі), тел. 8-(7262)-43-27-77, 8-(7262)-43-26-38, e.mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
2023-2024 жаңа оқу жылына дайындық
«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ әскери кафедрасының мәжілісінде әскери кафедра бастығы қауымдастырылған профессор, полковник С. Мұқышев студенттердің 2022-2023 оқу жылының қорытындысын шығарды. Әскери кафедра қызметкерлеріне келесі 2023-2024 оқу жылына оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу үшін оқу материалдық базасын, әдістемелік құжаттамаларын және оқытудың техникалық құралдарын дайындау міндеттері қойылды.
Подготовка к новому 2023-2024 учебному году
Начальником военной кафедры ассоциированным профессором, полковником С. Мукушевым на совещании военной кафедры НАО «Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати» были подведены итоги обучения студентов за 2022-2023 учебный год. Поставлены задачи сотрудникам военной кафедры на следующий 2023-2024 учебный год: подготовить учебную материальную базу, методическую документацию и технические средства обучения для организации и проведения учебного процесса.
Dulaty колледжіне оқуға шақырамыз
Dulaty колледжі 2023-2024 оқу жылына 9 сынып базасында техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік тапсырыс (грант) негізінде күндізгі оқыту бөлімінде келесі мамандықтар бойынша талапкерлер қабылдайды.
- 06130100 - Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша);
- 07130700- Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша);
- 07161300 – Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану;
- 07110100 – Химиялық технология және өндіріс;
- 07130300 – Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша);
- 07140100 – Технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару (бейін бойынша);
- 07240300 – Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық қазу;
Келесі мамандықтар бойынша ақылы түрде оқуға талапкерлерді қабылдайды.
- 04130100 – Менеджмент (қолдану салалары бойынша);
- 07120200 - Экологиялық қондырғыларды пайдалану және қызмет көрсету;
- 07240500 - Пайдалы қазбаларды байыту (кен байыту);
- 07151100 – Машиналар мен жабдықтарды пайдалану (өнеркәсіп салалары бойынша);
- 07240900 – Мұнай және газ кен орындарын пайдалану ; 4S07240902 –Техник технология;
- 07321100 - Тұрғын коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану.
- 06130100 - Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша);
- 07130700- Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша);
- 07161300 – Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану;
- 07110100 – Химиялық технология және өндіріс;
- 07130300 – Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша);
- 07140100 – Технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару (бейін бойынша);
- 07240300 – Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық қазу;
Сонымен қатар барлық мамандықтар бойынша интеграцияланған білім беру бағдарламалары бар. Бұл бағдарламалар арқылы өз оқуыңызды университетте 3 жылдың орнына 2 және 2.5 жылда бітіріп шығу мүмкіндігіңіз бар.
Талапкерлердің өтініштері күндізгі бөлімге 20 маусымнан 18 тамызға дейін қабылданады.
Ақылы түрле оқитын талапкерлердің өтініштері 25 тамызға дейін қабылданады.
Мекен-жайымыз: Тараз қаласы, Төле би 60.
Байланыс телефондары: +77079325787
+77019325787
+77071463766
+77479941051
Хабарландыру
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтасыз ету комитетінің сайтына 8D05311 – «Химия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Мурзакасымова Назгуль Саттаркуловнаның «Сульфокөмір және модификацияланған аниониттер көмегімен суды ауыр металл иондарынан сорбциялық тазалау» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы 2023 жылдың тамыз айының 9 жұлдызында кеткен ақпаратқа Диссертациялық кеңес туралы Типтік ереженің 1 тарауының 8 тармағы бойынша Диссертациялық кеңестің уақытша құрамына шетелдік ғалымның қосылуына байланысты өзгерту енгізулеріңізді сұрайды:
Қорғау қазақ тілінде жүргізіледі.
Диссертациялық жұмыс М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің х.ғ.д., профессоры Мұхаметқалиев Тасболат Марденұлы атындағы физика-химиялық ғылыми орталығында, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің химия кафедрасының, Томск политехникалық Ұлттық зерттеу университетінің, Химиялық инженерия бөлімінің зертханаларында жасалынды.
Рецензенттер:
Тажибаева Сағдат Медербековна – химия ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы, 02.00.11 - Коллоидтық химия және физика-химиялық механика.
Кеңес Қайрат Маратұлы – PhD, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы, 6D072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы.
Ғылыми кеңесшілері:
Бектенов Несипхан Абжапарович – химия ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің химия кафедрасының профессоры, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы, 02.00.06-Жоғарымолекулалық қосылыстар.
Гавриленко Михаил Алексеевич – химия ғылымдарының докторы, "Томск политехникалық Ұлттық зерттеу университеті" Федералды мемлекеттік автономды жоғары оқу орны, табиғи ресурстар Инженерлік мектебінің химиялық инженерия бөлімінің профессоры, Томск қаласы, Ресей Федерациясы, 02.00.02 - Аналитикалық химия.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Ниязбаева Алмагүл Иембердиевна – химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а., Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының меңгерушісі, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы.
Оспанова Алья Қапановна – химия ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының профессоры, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы.
Кетегенов Тлек Айтмұханович – химия ғылымдарының докторы, профессор, «Институт проблем горения» Механикалық-химиялық процестер және материалтану зертханасының меңгерушісі, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы.
Teixeira Helder Gomes – PhD, Браганса политехникалық институтының профессоры, Браганса қаласы, Португалия.
Қорғау 2023 жылдың 15 қыркүйекте сағат 14:00-де М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті жанындағы 8D05311 – «Химия» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн түрде өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/7050044324?pwd=YmhYL1ZoRi8xR2E2WEplb1dnMFU4QT09
Идентификатор: 705 004 4324
Код: 234564
Сайт: https://dulaty.kz/ru/
e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.