
Super User
Өңірлік университет облыс әкіміне интеграциялық жобаларын таныстырды
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басшылық құрамы мен ғалымдары облыс әкімі Нұржан Нұржігітовпен кездесіп, оқу орнының интеграциялық жобаларын таныстырды.
Дулати университеті – өңірдегі кадрлық сұранысты өтеп отырған іргелі оқу орны. Білім ордасының профессор-оқытушылар құрамы сан сала бойынша мамандар даярлап қана қоймай, облыс экономикасын дамытуға серпін беретін инновациялық жобалар жасап, оны өндіріске енгізуде.
Университеттің ІТ мамандары өңір мектептеріндегі, жалпы білім мекемелеріндегі кадрлық сұранысты анықтайтын арнайы электронды бағдарламасын әзірлеген. Ортақ жүйеге он аудан түгел қосылса, қай жақта қандай маман қажет екенін алдын ала нақты саралауға мүмкіндік туады. Кездесуде мамандар осы бағдарламаның тиімділігін түсіндірді.
Дулати университетінің Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру институтында еңбек нарығындағы сұранысқа ие гидротехниктер даярланады. Бұл бағытта кадр даярлауда аталған институттың тәжірибесі мол, ғылыми база қалыптасқан. Жыл сайын мемлекеттік оқу гранттары бөлінеді. Алайда су саласына керекті мамандарды оқытуда кездесетін түйткілдер де аз емес. Жиында осы мәселелер де қозғалды.
Ал, биылғы оқу жылынан бастап Дулати университеті Д.И.Менделеев атындағы РХТУ-мен бірлесіп, «Қос дипломды» білім беру бағдарламасы шеңберінде химик-технолог мамандарды оқытуға кіріседі. Бұл – келесі жылы Дулати университетінің базасындағы Ресей химия-технологиялық университетінің филиалын ашудың негізгі қадамы. Ал филиалға талапкер тарту – бүгіннен басталатын жұмыс. Университет ғалымдары облыс мектептерінде ғылыми-тәжірибелік химия кластарын ашу туралы бастама көтерді.
Сондай-ақ жиында Дулати университетінің ғалымдары ұсынған шағын ГЭС жобасын өндірке енгізу мәселесі талқыланды. Қалдықтарды қайта өңдеу жобасының тиімділігі қозғалды.
Өткен аптада ғана Дулати университеті 2025 жылғы жазғы универсиаданың жалауын қабылдап алған еді. Осылайша өңірлік университет екі жылда бір өтетін спорттық бәсекені өткізу мәртебесіне ие болып отыр. Таразда өтетін жазғы универсиаданы ұйымдастыру мәселелерін талқыға салынды.
Облыс әкімі Нұржан Молдиярұлы Дулати университетінің интеграциялық жобаларын қолдайтынын жеткізіп, тиісті сала басшыларына тапсырма жүктеді.
Военная присяга
25 июня 2023 года в торжественной обстановке студенты учебного сбора, обучающиеся по программе сержантов запаса на строевом плацу военной кафедры были приведены к военной присяге.
Мероприятие закончилось прохождением студентов торжественным маршем и исполнением строевой песни.
Әскери ант
2023 жылдың 25 маусымында әскери кафедраның саптық алаңында запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша оқу жиынының студенттері салтанатты түрде әскери ант қабылдады.
Іс-шара студенттердің салтанатты маршпен және саптық әнмен жүріп өтуімен аяқталды.
ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДА ЖАЛАУЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Ақтау қаласында өткен ЖОО студенттері арасындағы ХІІ жазғы универсиада өз мәресіне жетті.
Келесі жоғары оқу орындарының студенттері арасында әр екі жыл сайын ұйымдастырылатын спорттық бәсекені өткізу мәртебесі М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне берілді.
Универсиада жалауы Дулати университетінің ректоры Мұхтар Байжұмановқа табысталды.
Бір айғасозылған жарыстар нәтижесінде жалпыкомандалық есепте Әл-Фараби Қазақ ұлттық университеті топ жарды. 2-орынды Яссауи университеті, 3-орынды Есенов университеті иеленсе, Дулати университеті – 4-орынға табан тіреді. Қозыбаев университеті мен Абай университеті – үздік алтылықтың құрамында.
Айта кету керек, 17 спорт түрінен өткен жазғы универсиадаға еліміздің 55 университетінен 3000-нан астам студент қатысты.
Қазақ жазуының тарихы және латын әліпбиіне көшу мәселелері
Қазақстанның бүгінгі жай-күйін және келешектегі даму бағытын сөз еткенде, өткен тарихын да әрдайым есте ұстап, тарихтан тағылым алған абзал. Бұл орайда тарихтың бөлінбес бір бөлігі- тіл мәселесі. Қазақ тілінің өсіп-өркендеуін бағадарға ала отырып, қазақ қоғамының рухани жағынан жаңғыруына, баюына бірлесе еңбектенгенде ғана ана тіліміздің мәртебесі биік болатыны анық. Еліміздің латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлық - жер, екіншісі - тіл, үшіншісі - мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады. Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тілі» деген. Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды. Бұл бізге таңсық дүние емес. Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Өзектілгі дау тудырмайтын бүгіннің де, ертеңнің де негізгі мәселелерінің бірі болып қала беретін дүние - қазақ тілінің жай-күйін зерделеу, ұлттық лингвистиканың көшбасшысы ретіндегі даму бағытын айқындау, қазақ жазуының тарихына талдау жасай келе болашақтағы латын әліпбиіне көшуде алдағы уақытта лингвист- ғалымдардыңдың алар орнын, бағытын танып, анықтауымыз қажет.
ТІЛ ҮЙРЕНУШІЛЕРГЕ SMART БАҒДАРЛАМАЛАР АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ-ОРЫС-АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІН САЛЫСТЫРА МЕҢГЕРТУ
«Адамзат ақыл-ойы талай ғажайыптарды ойлап тауып жатыр. Алда ғаламат жаңалық ашылары сөзсіз. Дегенмен адамзаттың ең ұлы жаңалығы – жазу. Жазудың пайда болуы-мәңгіліктің біржола мойындалуы. Жазу қоғамды ақылды, айлалы етіп қана қойған жоқ, иманды да ибалы, парасатты да етті. Шын мәнінде ғылым, дін, мәдениет жазудың арқасында пайда болды. Осы арқылы өткен ұрпақтардың құндылықтарымен сусындады, кемелденді» – деген қазақ халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың ойын жалғастыра келе, жазу – халықтың өткені мен ертеңін байланыстырушы. Жазу – халықтың ой-пікірін ұзақ жылдарға, көптеген қашықтықтарға жеткізетін сызбалы немесе суретті таңбалар жүйесі. Адамның ұзақ жылдардағы басты табысына айналған жазу ешқандай уақыт пен кеңістікке тәуелді болмай, барлық салада қолданылып келеді. Қазіргі заманда орта, жоғары оқу орындарының білім беру қызметіне тек білім беру, тәрбиелеу ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің интеллектуалдық капиталын инновациялық жұмыстар арқылы қалыптастыру да енеді. Білімнің, ғылымның және өндірістің үштұғырлы қағидалары қазақстандық оқу орындарының оқытудың зерттеу моделіне көшу жолдары арқылы жүзеге асырылады. Үштұғырлы тіл туралы идеяның негізі Қазақстанды бүкіл әлем халқы жоғары білімді мемлекет ретінде тану болса, осы бағытта балабақшадан бастап жоғары оқу орындарында, тіпті кейбір мемлекеттік, жекеменшік мекемелерде де үш тілде білім берудің тиімді жүйесін дамыту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.
Информационный семинар на тему ««МЕЖДУНАРОДНЫЕ ФОНДЫ И ГРАНТЫ, ПРОГРАММЫ И ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКИЕ СТИПЕНДИИ»
26 июня 2023 года в 12. 00 часов в актовом зале Главного корпуса университета (ул. Сулейменова 7, 2 этаж), Управление международного сотрудничеста организует информационный семинар на тему ««МЕЖДУНАРОДНЫЕ ФОНДЫ И ГРАНТЫ, ПРОГРАММЫ И ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКИЕ СТИПЕНДИИ»
На семинаре представлены следующие презентации:
1. МЕЖДУНАРОДНЫЕ ФОНДЫ И ГРАНТЫ
2. ПРОГРАММА ФИНАНСИРОВАНИЯ ИССЛЕДОВАНИЙ И ИННОВАЦИЙ - ГОРИЗОНТ ЕВРОПЫ
3. ERASMUS + ПРОГРАММА ЕС ПО ПОДДЕРЖКЕ ОБРАЗОВАНИЯ, ОБУЧЕНИЯ, МОЛОДЁЖИ И СПОРТА В ЕВРОПЕ
Приглашаем директоров институтов, деканов факультетов, заведующих кафедрами и профессорско-преподавательского состава университета!
"Халықаралық қорлар мен гранттар, бағдарламалар мен зерттеу стипендиялары" тақырыбында ақпараттық семинар
2023 жылғы 26 маусымда сағат 12.00-де университеттің Бас ғимаратының акт залында (Сүлейменов көш. 7, 2 қабат) Халықаралық ынтымақтастық басқармасының ұйымдастыруымен "Халықаралық қорлар мен гранттар, бағдарламалар мен зерттеу стипендиялары" тақырыбында ақпараттық семинар өтеді.
Семинарда ұсынылып отырған тақырыптар:
1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОРЛАР МЕН ГРАНТТАР
2. ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ-ЕУРОПА КӨКЖИЕГІ
3. ERASMUS + ЕУРОПАДАҒЫ БІЛІМ БЕРУДІ, ОҚЫТУДЫ, ЖАСТАРДЫ ЖӘНЕ СПОРТТЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ЕО БАҒДАРЛАМАСЫ
Университеттің институт директорларын, факультет декандарын, кафедра меңгерушілерін және профессор-оқытушылар құрамын шақырамыз!
Грек-рим күресінен палуандарымыз командалық есепте бірінші орында | XII Жазғы универсиада
Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары арасындағы XІІ-жазғы Универсиадасында грек-рим күресінен М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің құрамасы командалық бірінші орынды жеңіп алды.
«Өнер және спорт» факультетінің студентерінің грек-рим күресінен жүлдегерлері: 87 кг салмақта Бекназаров Ален бірінші орын. 97 кг салмақта Ерланов Ерзат бірінші орын.
63 кг салмақта Мухамадиев Асаухат бірінші орын.
82 кг салмақта Асан Нұржан екінші орын.
55 кг салмақта Ерғазы Рысбек үшінші орын
77 кг салмақта Әшірханов Талас үшінші орын.
Сонымен қатар еркін күресінен жүлдегерлері:
74 кг салмақта Куанышбай Елдос үшінші орын.
65 кг салмақта Қали Мағжан үшінші орын.
57 кг салмақта Айтанов Нұрданат үшінші орын.
61кг салмақта Альмухамедов Әділет үшінші орын.