Жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық бөлімі
Қызмет бағыты
«Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық» бөлімінің мақсаттары:
- мектеп бітіруші 10-11 сынып оқушыларына арналған ҰБТ-ға дайындау, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыра отырып Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына оқуға түсуі үшін жалпы білім беру деңгейін көтеру;
- тәрбие жұмыстарын жүргізе отырып, тыңдаушыларды қоғамдық ортаға бейімдеу;
- тыңдаушыларға көлемі қысқа мерзімді білім деңгейін көтеру курстарын күндізгі оқыту жүйесінде ұйымдастыру;
- тыңдаушылардың болашақта мамандығы бойынша кәсіби білім бағдарламаларын меңгеруге қажетті білім, дағды және іскерлік деңгейлерін қамтамасыз ету;
- үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, тыңдаушылар контингентін қалыптастыру;
- әдістемелік көмек көрсету арқылы білім сапасын арттыруға мүмкіндік жасау.
«Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық» бөлімінің міндеттері:
- Бөлімнің тыңдаушыларының контингентін қалыптастыруда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және ақылы негізде оқуға талап білдірген азаматтар есебінен қалыптастыру;
- Бөлімде тәрбиелік іс-шараларды жүзеге асыру;
- Бөлімге қажетті ақпаратты жоғары деңгейде дайындау;
- Бөлімді бітіргендігі туралы куәлік дайындау;
- Бөлімнің жұмысын жетілдіруге бағытталған процестердің жай-күйін болжау және басқару;
- Университеттің өндірістік қызметін басқа құрылымдық бөлімдермен қамтамасыз ету мақсатында өзара байланысын ұйымдастыру;
- жұмыскерлерден еңбек тәртібін бұзған жағдайда жазбаша түсініктеме талап ету;
- жұмыскерлерді марапатқа ұсыну үшін материалдар дайындау;
- жұмыскерлерді материалдық және тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша материалдар дайындау;
- еңбек қызметі үрдісінде жұмыскерлердің кәсіби, іскерлік және моральдық қасиеттерін зерделеу;
- Бөлімнің еңбек тәртібінің жағдайын және жұмыскерлердің ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтауын бақылау;
- мекемелерден, ұйымдардан, әкімдіктерден, жоғары оқу орындарынан және басқа да заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен барлық хат-хабарларды орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
- Университеттің даму стратегиясын жүзеге асыру;
- СМЖ талаптарын орындау.
Бөлім мамандары
Тлеубаев Даурен Қанатұлы
Лауазымы: маман
Ұялы телефон: +7705 296 96 82
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Танкина Алмагул Базарбаевна
Лауазымы: маман
Ұялы телефон: +7705 397 55 12
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.