Жоба серіктестері аяқ киім өнеркәсіптерінде!

Жобаның Грекия, Италия, Түркия, Румыния және Өзбекстаннан келген шетелдік серіктестері Дулати университетінің физико-механикалық зерттеу орталығы мен наноинженерлік зерттеу лабораториясын аралағын соң Тараз қаласындағы аяқ киім фабрикаларына барды: «ТаразКожОбувь» ЖШС және «Ellin Shoes» ЖШС. Олар аяқ киім өндіру технологиясымен және бұйым ассортиментімен танысты. Аяқ киім фабрикасының бас директоры мен жұмысшыларымен әңгімелесу жүргізілді. Аяқ киім өнеркәсібінің мәселелері және оны соңғы технологиялар мен 3D модельдеу арқылы шешу жолдары талқыланды.

Reileap жобасының қатысушылары «Сән және қолөнер» ұраны болған Aspara Fashion Week халықаралық сән апталығының ашылуына құрметті қонақ ретінде шақырылды. Әріптестер Үндістан, Бразилия, Қытай, Ресей, Түркіменстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Франция, Италия және басқа да елдердің шеберлерінің көрмесін көрді. Былғарыдан, киізден және табиғи жібектен жасалған қолдан жасалған кәдесыйлармен танысты. Татарстан, Италия, Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан модельерлерінің топтамалары қызығушылықпен қабылданып, жоғары бағаланды.

2

3

4

Байдильдаева А.К.

Top