«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті
"МУЗЫКА ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК БІЛІМ" КАФЕДРАСЫ
Қызметі Кафедра меңгерушісі, қауымдастырылған профессор м.а
Ғылыми дәрежесі Phd докторы
E-mail Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Мекен-жайы корпус - 5.4.Жамбыл даңғылы 16а, ауд. - 306
«Музыка және көркемдік білім» кафедрасының негізгі мақсаты – өнер, білім беру саласында музыка, көркем еңбек және сызу, кәсіптік оқыту бағыттары бойынша кәсіби педагогикалық қызметті жүзеге асыруға дайын бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Біртұтас музыкалық-педагогикалық, көркем-шығармашылық және әлеуметтік ортаны құру, үздіксіз және қосымша білім беру жүйесінде кәсіби құзіретті мамандары дайындау. Қазақстанның дамып келе жатқан экономикасы жағдайында қойылған міндеттерді кәсіби, өз бетінше және тиімді шеше алатын жеке тұлға қалыптастыру.
Кафедраның стратегиялық мақсаты – бәсекеге қабілетті, кәсіби-құзырлы және отансүйгіш мамандарды әлемдік стандарт негізінде дайындауға бағытталған оқу-тәрбие үдерісі мен оның материалдық базасын дамыту.
Білім беру бағдарламалары еңбек нарығындағы мамандарға қойылатын заманауи талаптарға сәйкес жасалды. Жұмыс берушілердің пікірінше, білім беру бағдарламалары білім саласында қажетті білімі бар мамандар даярлауға бағытталған.
Сонымен қатар, жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар, кәсіптік қызметті келесі бағыттарда жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау: оқушының жан-жақты дамыған тұлғасын тәрбиелеу және қалыптастыру, білім алушыларда музыка, қолданбалы өнер саласында жүйеленген білімді қалыптастыру, қазіргі заманғы деңгейде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, ғылыми зерттеулерді, жобаларды, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жүзеге асыру.
Кафедра үш білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау жұмыстарын жүргізу міндеттерімен қатар ұлттық музыка, сәнді-қолданбалы өнер мен ұлттық киімдерді дәріптеу және сақтау міндеті қойылған.
Бакалавриат
- 6В01402 – Музыка мұғалімдерін даярлау
- 6В01403 – Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау
- 6В01408 - Кәсіптік оқыту
Қызметі: Кафедра меңгерушісі, қауымдастырылған профессор, м.а
Ғылыми дәрежесі: Phd докторы
E-mail: nr.koshkinbaeva@dulaty.kz
Қызметі: қауымдастырылған профессор, доцент
Ғылыми дәрежесі: п.ғ.к.
E-mail: s.bejseuov@dulaty.kz
Қызметі: қауымдастырылған профессор, доцент
Ғылыми дәрежесі: т.ғ.к.
E-mail: ae.dzhaskilenova@dulaty.kz
Қызметі: қауымдастырылған профессор, доцент
E-mail: ai.makashova@dulaty.kz
Қызметі: қауымдастырылған профессор
Ғылыми дәрежесі: т.ғ.д.
E-mail: io.muldekov@dulaty.kz
Қызметі: қауымдастырылған профессор, доцент
E-mail: ekh.rysmetov@dulaty.kz
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы;
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Алматы;
- М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент;
- Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеті, Қызылорда;
- Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі, Тараз;
- Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы, Тараз;
- Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры, Тараз;
- Мектеп-лицей №3, Тараз;
- Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы, Тараз;
- Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығы,Тараз;
- Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық «Жамбыл дарыны» орталығы, Тараз.
- «Мадам Л» сән үйі;
- «Аспара» колледжі;
- «Асыл дизайн» сән орталығы;
- «Орыс драма театры» мекемелеріне іс-тәжірибеге барады
6В01402 – Музыка мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы бойынша бітіруші түлектер келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындай алады:
- білім беру (педагогикалық);
- оқу-тәрбиелік;
- оқу-технологиялық;
- әлеуметтік-педагогикалық;
- ұйымдық-басқарушылық;
- ақпараттық-коммуникациялық;
- ғылыми-зерттеушілік.
Білім беру бағдарламасының іске асырылуы түлектердің максималды жұмысқа орналастыру болып табылады. Жыл сайын мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушыларының еңбекақысы артып, Педагог мәртебесі көтеріліп келеді. Осыған байланысты түлектерді жұмысқа орналастыру нәтижелерін талдау жұмысқа орналастыру көрсеткіштерінің оң динамикасын көрсетеді.
6В01408 «Кәсіптік оқыту» мамандығының түлектері алған білімдері бойынша келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындай алады:
- орта және кәсіби мектептерде, колледждерде, лицейлерде, жұмысшы мамандықтарының жиынтығы бойынша арнайы технологияның жалпы техникалық пәндерінің оқытушысы;
- еңбек технологиясының мұғалімі;
- үйірмелердің жетекшілері;
- жоғары және орта кәсіби оқу жүйесінде өндірістік оқытудың шебері;
- ғылыми-зерттеу мекемелері, конструкторлық бюро және өндіріс кәсіпорындарының инженері;
Бітіруші түлектердің кәсіптік қызмет объектісі: жалпы білім беретін мектептер, кәсіптік – техникалық мектептер, колледждер, орта кәсіптік оқу орындары, жоғары оқу орындары, зауыттар, ғылыми-зерттеу ұйымдары.
6В01403 «Көркем еңбек және сызу» мамандығының түлектері алған білімдері бойынша келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындай алады:
- орта және кәсіби мектептерде, колледждерде, лицейлерде, көркем еңбек және сызу, графика және модельдеу пәндерінің оқытушысы;
- орта мектептерде өнер пәнінің мұғалімі;
- қолөнер үйірмелерінің жетекшілері;
- өнер мұражайларында және көрмелерде әдіскер, таныстырушы.