АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ
Департамент директорының м.а., доцент
Контакный телефон: 8 (7262) 45-04-02
E-mail: sk.alimbaeva@dulaty.kz
Адрес: Тараз қаласы, Төле би көшесі 60, 2.3-206
Задать вопросАкадемиялық жұмыс жөніндегі департамент (АЖД) университеттің оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлім. Департамент жұмысының басты бағыты оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарды педагогикалық ғылымның заманауи жетістіктері мен өзіндік нормативтік-әдістемелік құжаттарды енгізу негізінде жетілдіруді ұйымдастыру. «М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті» КЕАҚ-ның 2020-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын» іске асыру жұмыстарына сәйкес білім бағдарламаларының мазмұны мен құрылымын жетілдіру, қоғамда білім беру қызметінің сапасын аккредитациядан өткізу арқылы мойындату мақсатында жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру.
Академиялық жұмыс жөніндегі департаменттің негізгі міндеттері:
- Университеттің білім беру қызметін оқу әдістемелік, нормативті-ақпараттық және ұйымдастыру-кеңес беру тұрғысынан қамтамасыз ету;
- Білім бағдарламаларын іске асыруды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету;
- Инновациялық білім беру технологиялары мен оқу үдерісін ұйымдастырудың перспективалы түрлерін енгізу;
- Дамудың нормативтік, әдістемелік және ұйымдастырылу негіздерін әзірлеу, оқу үдерісін жетілдіру және модернизациялау;
- Кафедралардың, факультеттердің және университеттің басқа оқу құрылымдық бөлімдерінің білім беру жұмыстарын үйлестіру;
- Оқу үдерісін жүргізудің сапасын жақсарту үшін оқу үдерісі мен оқу-әдістемелік жұмыстарына мониторинг;
- Оқу-әдістемелік бірлестіктің бекітілген мамандықтар бойынша атқаратын жұмысын ұйымдастыру;
- «Платонус» ААЖ және университеттің ҰБДҚ (НОБД) жұмыстарына жетекшілік ету.