Диссертация қорғау туралы хабарлама

«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» жанында құрылған 8D086 – Су ресурстары және суды пайдалану дайындық бағытының 8D08612 – «Мелиорация және суғармалы егіншілік» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңес 8D08612 – «Мелиорация және суғармалы егіншілік» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Құдайбергенова Индира Рахимжанқызының «Қазақстанның оңтүстігіндегі тауетегі-жартылай шөлейт аймағында тамшылатып суару әдісімен дәндік жүгерінің су тұтыну және суару режимін зерттеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы хабарлайды.

Диссертация қорғауға диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған.

Қорғау орыс тілінде жүргізіледі.

Диссертация «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС орындалған.

Ғылыми кеңесшілері:

  1. Балгабаев Нурлан Нурмаханович – а.ш.ғ.д., профессор, ҚР Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының және Халықаралық білім беру академиясының академигі, «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Бас директоры, Тараз, Қазақстан Республикасы;
  2. Кравчук Алексей Владимирович – т.ғ.д., профессор, «Н.И. Вавилов атындағы Саратов мемлекеттік аграрлық университеті», Саратов, Ресей.

Ресми рецензенттер:

  1. Алдиярова Айнура Есиркеповна –PhD доктор, «Су ресурстары және мелиорация» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ, Алматы, Қазақстан Республикасы;
  2. Сыдык Досымбек Алмаханбетулы – а.ш.ғ.д., профессор, «Өсімдік және егіншілік» бөлімінің бас ғылыми қызметкері, «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, Шымкент, Қазақстан Республикасы.

          Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелері:

  1. Балгабаев Нурлан Нурмаханович – а.ш.ғ.д., профессор, ҚР Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының және Халықаралық білім беру академиясының академигі, «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Бас директоры, Тараз, Қазақстан Республикасы;
  2. Касымбеков Жузбай Кожабаевич – т.ғ.д., профессор, «Қ.И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ, Алматы, Қазақстан Республикасы;
  3. Сагин Жанай – т.ғ.д., профессор, «Nazarbayev University», «Global Institute for Water Security», АҚШ;
  4. Омарова Галия Едильбековна – т.ғ.д., қауымдастырылған профессор, «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының директоры, «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» ҚЕ АҚ, Тараз, Қазақстан Республикасы.

          Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Тлеукулов Алмас Токтасынович – а.ш.ғ.д., «Су ресурстары және мелиорация» кафедрасының профессоры, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ, Алматы, Қазақстан Республикасы;
  2. Козыкеева Алия Тобажановна – т.ғ.д., «Су ресурстары және мелиорация» кафедрасының профессоры, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ, Алматы, Қазақстан Республикасы;
  3. Умирзаков Серикбай Идрисович – т.ғ.д., ҚР ҰАҒА академигі, «Агротехнология, мелиорация және топырақтану» бөлімінің бас ғылыми қызметкері, «Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, Қызылорда, Қазақстан Республикасы;
  4. Матякубов Бахтияр Шамуратович – а.ш.ғ.д., профессор, «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университеті, Ташкент, Өзбекстан.

Қорғау 2024 жылы 31 шілде сағат 11:00-де М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті жанындағы 8D08612 – «Мелиорация және суғармалы егіншілік» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 080000, Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 60, 3-қабат, Тәуелсіздік залы. Қорғау on-line және offline режимдерінде (аралас форматта) өтеді.

Ғалым хатшы: Омарова Галия Едильбековна

Тел.: +7 701 431 8485, E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Сайт мекен жайы: https://dulaty.kz.

Конференция идентификаторы: 843 0359 8398, Құпия код: 695662

Қосылу үшін сілтеме:

https://us06web.zoom.us/j/84303598398?pwd=GIECyXrK85Q47xmwj28Ya7BfAFqhLa.1

Ресми емес пікірлер келесі электрондық мекен жай бойынша қабылданады: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Top