БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІ УНИВЕРСИТЕТ МҰРАЖАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Университет мұражайының басты мақсаты – студенттерді халқымыздың тарихи-мәдени құндылықтарымен таныстыру, жастардың рухани білімін арттыру, олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Сондай-ақ, ата-бабаларымыздан жеткен тарихи мұралар мен құндылықтарды құрметтейтін мамандарды қалыптастыруға, студенттердің мұражай қызметкерінің кәсібіне деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

музей1111

Бірінші курс студенттері бас ғимаратта орналасқан мұражайда М.Х.Дулатидің шығармашылығымен танысып, әйгілі тарихшының жәдігерлері мен қоғамдық қызметін сипаттайтын мұрағат құжаттар, тарихи фотосуреттер, сирек басылымдарға, қазақ халқының тұрмыстық-этнографиялық өмірін бейнелейтін қолөнер туындыларына қызығушылық танытты. Мұражай меңгерушісі Ақсауле Қалабаева әр жәдігердің тарихын жете түсіндіріп, тұлғалар жөнінде мәлімет берді.Бұл экскурсия студенттерге ұлттық мəдениетті, қасиетті рухани құндылықтарды дәріптеуге мүмкіндік берді. 

музей2222

 

Top