

Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде М.Үркімбаев атындағы «Жастар сарайында» М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде бірлескен қызмет туралы меморандум шеңберінде Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім мен Татарстан Республикасының «Кванториум» «Балалар технопаркі» коммерциялық емес дербес ұйымымен бірлесіп, Набережные Челны қаласы «Мобильді технопарк» шеберлік сыныптарының марафонын ұйымдастырды.
Марафонның мақсаты – Тараз қаласының студенттері мен жоғары сынып оқушыларын интерактивті мастер-класстардың көмегімен заманауи технологиялар тақырыптарына қызықтыру, одан әрі технологиялық жаңалықтарды зерделеуге және ойлап табуға ықпал ету, жаңа жоғары білікті инженерлік кадрларды даярлауға, инновациялық технологиялар мен идеяларды әзірлеуге, тестілеуге және енгізуге бағытталған жоғары технологиялық жабдықтармен таныстыру, техникалық ғылымдар саласында білім беруді жалғастырғысы келетін мектеп түлектерінің санын көбейту, сондай-ақ, IT ғылымына танымдық қызығушылықты дамыту мақсатында ғылыми-техникалық қоғамдастықтың жетістіктерін дәріптеу болып табылады.
Аталған іс-шараға М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері мен Тараз қаласының №7, №40 және №41 гимназияларының жоғарғы сынып оқушылары қатысты.
«Кванториум» технопаркінің тұсаукесерінен кейін, барлық қатысушы студенттер мен оқушылар дайындалған аудиторияларда 8 тақырыптық бағыт ұсынылды. Олар:
Барлық дайындалған 8 аудиторияларда студенттер мен оқушылар қызығушылық танытып,оқу бағыттарының біріне барып, екіншісіне де қатысуға ниет білдіріп, өз қолдарымен модельдеуге, дрондарды басқаруға, роботтарды жинауға, жасанды спутниктерді құруға тырысты. Нәтижесінде, жобаның барлық қатысушылары осы іс-шараның өте пайдалы болғанын, сонымен қатар жақсы пікірлерін айтып, болашақта осындай жобаларға қатысуға ниет білдірді.

