М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде 8D07411 – «Гидротехникалық құрылыс және құралымдар» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін ұсынылған Шаншабаев Нұржан Асқарбекұлының «Пирамидалдық-призмалы қадалардың конструкциясын әзірлеу және олардың гидротехникалық құралымдардың жеке тұрған іргетастарын орнату үшін жүк көтеру қабілетін бағалау» тақырыбына диссертациясының қорғауы өтеді.
Диссертация М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Ә.С. Ахметов атындағы Наноинженерлік зерттеу әдістер» инженерлік бейіндегі ҒЗЗ орындалды.
Қорғау тілі – орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
- Логинов Геннадий Иванович – техника ғылымдарының докторы, Б.Н. Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян университетінің «Су ресурстары және инженерлік пәндер» кафедрасының доценті (Бішкек, Қырғызстан Республикасы).
- Лукпанов Рауан Ермаганбетович – философия докторы (PhD), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Құрылыс» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Ғылыми кеңесшілер:
- Бекбасаров Исабай Исакович – техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰТҒА академигі, «Ә.С. Ахметов атындағы Наноинженерлік зерттеу әдістері» инженерлік бейінді ҒЗЗ меңгерушісі, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті;
- Пойта Пётр Степанович – техника ғылымдарының докторы, Брест мемлекеттік техникалық университетінің «Геотехника және көлік коммуникациялары» кафедрасының профессоры (Брест, Беларусь Республикасы).
Диссертациялық кеңестің тұрақты құрамы:
- Карлыханов Оразхан Карлыханович – техника ғылымдарының докторы, «Су ресурстарын басқару» бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ су шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС;
- Саинов Михаил Петрович – техника ғылымдарының докторы, «Энергетикалық және гидротехникалық құрылыстар» кафедрасының меңгерушісі, МЭИ Ұлттық зерттеу университеті (Мәскеу, РФ);
- Ли Марина Анатольевна – техника ғылымдарының кандидаты, «Су ресурстарын басқару» бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, «Қазақ су шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС;
- Джолдасов Сапарбек Куракбаевич – техника ғылымдарының кандидаты, «Су ресурстары» кафедрасының доценті, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:
- Штильман Владимир Борисович – техника ғылымдарының докторы, «Б.Е. Веденеев атындағы БГҒЗИ» бас директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары (Санкт-Петербург, РФ);
- Жакапбаева Гульназ Абсадыковна – техника ғылымдарының кандидаты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
- Карабаев Мулдаш Исмаилович - техника ғылымдарының кандидаты, доцент, «Мәскеу геомеханика және гидротехника институты» АҚБ бас инженері (Мәскеу, РФ).
Қорғау 2025 жылдың 24 қаңтарында сағат 11.00-де М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті жанындағы 8D07411 – «Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Мекен-жайы: 080000, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 60, 3 қабат, Тәуелсіздік залы (2.3-308).
Конференцияға сілтеме:
https://us06web.zoom.us/j/86171683557?pwd=uB0eeQyRYiRs5x1KDtnFWU41f4kMjS.1
Конференция идентификаторы: 8617168 3557
Кіру коды: 785356