Қазақ даласының кеңдігін, халқымыздың жан дүниесін, махаббат пен сағынышты, үміт пен сенімді әуенмен жеткізе білген Шәмші Қалдаяқовтың музыкасы – сондай өлмейтін, уақыттан биік әуен.
Оның әндері – кез келген адамның жүрегіне жақын. Біреу үшін бұл – жастық шақтың жарқын естелігі, біреу үшін – махаббаттың мөлдір сезімі, ал енді біреу үшін – туған жерге деген сағыныштың үні. Шәмші әндерін алғаш рет тыңдаған адам да оның сазынан бірден жылылықты сезеді.Бұл – шынайы дарынның, нағыз өнердің белгісі.