«I’ve been afraid of it for years» тақырыбында ашық сабақ өтті

2025 жылдың 27 наурыз күні «Практикалық шетел тілдері» кафедрасының оқытушысы Қалымбет А.С. «Химия IP» мамандығының 1 курс студенттерімен «Шет тілі – 2» пәні бойынша «I’ve been afraid of it for years» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты – Present Perfect шағын since және for сөздерімен дұрыс қолдануды үйрету. Сабақ барысында студенттер мәтін оқып, грамматикалық тапсырмалар орындап, алған білімдерін ауызша сөйлеуде белсенді қолдана алды.

Сабақ жоғары деңгейде өтті. Студенттер тақырыпты жақсы меңгеріп, грамматиканы нақты мысалдар арқылы қолдана білді. Мұндай ашық сабақтар студенттердің тілдік құзыреттілігін арттырып, шет тілін үйренуге деген қызығушылығын күшейтеді.

сабак2 1111

сабак22 222

 

Top