М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті атынан тренингке жобаның жергілікті үйлестірушісі, "Текстиль, материалтану және стандартизация" кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а. Г.Б. Джумабекова және оқытушы А.К. Байдильдаева, "Дизайн және сән индустриясы" кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а. У.С. Келесова қатысты.
Тренингтің бағдарламасы бойынша профессор LuminitaCiobanu "Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарында композитті материалдарды қолдану" туралы дәріс оқыды. Профессор Dorin Ionesi басшылығымен университет зертханасында композитті материалды алу эксперименті жасалды. Профессор ElenaAvram "Индустрия саласындағы менеджмент және кәсіпкерлік негіздері" тақырыбында дәріс оқып, топтық жұмыстар жүргізді. Профессор IrinaIonescu "Кестелеу технологиясын бұйымдар дизайнында қолдану" тақырыбында дәріс өткізді. Тренингке қатысушылар арнайы жабдықтарда кестелеу технологиясын тәжірибе жүзінде игерді.
Тренинг нәтижесінде сауалнама жүргізіліп, біліктілікті жоғарлату туралы сертификаттар табысталды.