Румыния кәсіпорындарымен танысу

Tex4Future Эразмус+ жобасының бағдарламасында Қазақстан мен Өзбекстанның Еуроодақ мемлекеттерінің арасында озық технологиялық тәжірибелермен алмасу қарастырылған. М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің жобаға қатысушы оқытушылары - Джумабекова Г. Б., Келесова У.С., Байдильдаева А.К. Румынияның “RIFIL” компаниясының жұмысымен танысуға барды.

RIFIL румын-италияндық өндірісі тоқыма жіптен бастап, дайын тұрмыстық киім, арнайы киім, автокөлік өндірісіне арналған өнімдерді толық циклін қамтитын әлемдік ірі компаниялар қатарына кіреді. Өндіріс тоқыма жіпті сұрыптау, бояу, иіру бөлімшелерінен, дайын өнім сапасын тексеретін зертханадан тұрады. Дайын өнім сапасы ISO стандарттарымен сәйкестендіріліп, арнайы зертханада тексеріледі. Сонымен қатар жобаға қатысушылар “Majutex” текстиль кәсіпорынның жұмысымен танысты. Majutex өндірісі жаккарт, арамид, ламинатес, медициналық арнайы, гидрофобты материалдар өндіруге бағытталған. Кәсіпорын құрылымына дизайны ерекше мата ғапринтті бастырып шығатын жеке бөлім кіреді. Арнайы зертханада принттердің түстік шешімін халықаралық стандарттарға сәйкес зерттеу сынақтарынан өткізеді. Majutex компаниясында дайын тоқыма бұйымдарын шығаратын бөлімі қамтылған. Жобаның мақсатына сай білім беру-өндіріс-кәсіпкерлік арасындағы өзара байланыстарды жүзеге асыру жолдары меңгерілді.

жоба митинг111111

 

Top