
Super User
ДУЛАТИЛЫҚ ДЗЮДОШЫЛАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА
Қазақстан Республикасының XI жазғы Универсиадасы аясында, Түркістан қаласында 24-27 мамыр аралығында дзюдодан жарыс аяқталды. Аталмыш жарысқа 23 студенттік команда қатысты. Осы жолы да Дулати университетінің командасы өз нәтижелерімен бізді қуанта білді. Бірінші жалпыкомандалық орынды Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ құрамасы иеленді. Тұғырдың екінші сатысынан Дулати университетінің командасы көрінсе, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің спортшылары үшінші сатыдан орын тепті.
Жас жігіттер командасы :
1 орын Серікбаев Нұрғанат 60 кг 1 курс
3 орын Қайратұлы Дәурен 60 кг 2 курс
3 орын Ортай Нұрбек 90 кг 4 курс
3 орын Серікбай Сұлтан +100 кг 3 курс
Қыздар командасы:
1 орын Балапанова Аяулым 70 кг. 3 курс
1 орын Нұрмахамбетова Рауза 57кг. 3 курс
2 орын Орынбасарова Асылжан 70 кг. 2 курс
2 орын Қуанышова Аяулым 63 кг. 2 курс
3 орын Адасхан Аружан 57 кг. 2 курс
3 орын Сагинбаева Мөлдір 78 кг. 1 курс
Университет спорт клубы мен оқытушылары студенттердің жүлделі орындардан және жеңіс тұғырынан көріну үшін аянбай еңбек етуде. Жарысқа қатысушыларды құттықтаймыз! Алдағы уақытта толастамайтын жеңістер тілейміз!
Сұңқар спорт клубының төрағасы Джылысбаев Дастан
ДУЛАТИЛЫҚ ДЗЮДОШЫЛАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА
Қазақстан Республикасының XI жазғы Универсиадасы аясында, Түркістан қаласында 24-27 мамыр аралығында дзюдодан жарыс аяқталды. Аталмыш жарысқа 23 студенттік команда қатысты. Осы жолы да Дулати университетінің командасы өз нәтижелерімен бізді қуанта білді. Бірінші жалпыкомандалық орынды Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ құрамасы иеленді. Тұғырдың екінші сатысынан Дулати университетінің командасы көрінсе, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің спортшылары үшінші сатыдан орын тепті.
Жас жігіттер командасы :
1 орын Серікбаев Нұрғанат 60 кг 1 курс
3 орын Қайратұлы Дәурен 60 кг 2 курс
3 орын Ортай Нұрбек 90 кг 4 курс
3 орын Серікбай Сұлтан +100 кг 3 курс
Қыздар командасы:
1 орын Балапанова Аяулым 70 кг. 3 курс
1 орын Нұрмахамбетова Рауза 57кг. 3 курс
2 орын Орынбасарова Асылжан 70 кг. 2 курс
2 орын Қуанышова Аяулым 63 кг. 2 курс
3 орын Адасхан Аружан 57 кг. 2 курс
3 орын Сагинбаева Мөлдір 78 кг. 1 курс
Университет спорт клубы мен оқытушылары студенттердің жүлделі орындардан және жеңіс тұғырынан көріну үшін аянбай еңбек етуде. Жарысқа қатысушыларды құттықтаймыз! Алдағы уақытта толастамайтын жеңістер тілейміз!
Сұңқар спорт клубының төрағасы Джылысбаев Дастан
БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ
«Карьера және бизнес серіктестігі» бөлімінің ұйымдастыруымен мәжіліс залында «Жас маман -2021» атты бос орындар жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараға э.ғ.д. профессор Ержан Әмірбекұлы, «Ұстаз» институтының директоры Орынқыз Джолдасова, «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институтының директоры Бейсембин Кұдайберген және факультет декандары қатысты.
Елдегі етек алған жағдайға байланысты түрлі саланың жұмыс берушілері Zoom платформасы арқылы онлайн режимінде қатысуға мүмкіндік алды.
Жиында «Карьера және бизнес серіктестік бөлімінің басшысы» - п.ғ.д., профессор Расима Амандосова қатысушы қонақтарға шынайы алғысын білдіріп, бас қосудың мәні мен маңызы туралы тоқталды.
Жәрмеңке барысында мемлекет тарапынан жұмыс істеуге ниетті жастар үшін барлық жағдай қарастырылғаның реттімен сөз алған қатысушылар атап өтті. Сарысу ауданы Ш.Уалиханов атындағы мектеп, Қордай ауданы Д.Конаева атындағы № 1 мектеп, АО «Евразийский банк» ТФ АО «JusanBank» қатарлы Білім беру мекемелері мен кәсіпорындарының 11 өкілі сөз сөйлеп, университет мамандықтары бойынша 129 бос жұмыс орнын ұсынды, оның ішінде 75 - і Сарысу ауданы екенің ерекше атап өткіміз келеді.
Медиа -қызмет
ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ ТҮЛЕКТЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!
26.05.2021 сағат 11:00-де "Жас маман – 2021" бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ZOOM платформасында онлайн режимде өтеді. Жәрмеңкеге түрлі саланың жұмыс берушілері мен университет декандары қатысады.
Шарада тағылымдамадан өту, тәжірибе және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері талқыланады.
Мақсаты: жастар арасында жұмыссыздықты азайту және жастарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету.
Ссылка: https://us04web.zoom.us/j/2445125411...
Инденификатор 244 512 54 11
Код 86Q7wR
СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті базасында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары республикалық конкурсының (СҒЗЖ) екінші кезеңінің қорытындысы жарияланды:
ИТОГИ ВТОРОГО ЭТАПА РЕСПУБЛИКАНСКОГО КОНКУРСА НАУЧНО-ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКИХ РАБОТ СТУДЕНТОВ
Итоги второго этапа республиканского конкурса научно-исследовательских работ студентов (НИРС) на базе Таразского регионального университета им. М.Х. Дулати – базового вуза по 4 разделам НИРС:
ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ ӨЛМЕЙДІ
«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» дейді дана халқымыз. Оқу ордамызда саналы ғұмырын жастардың жарқын болашағына арнаған тау тұлғаларымыз аз емес. Солардың бірі әрі бірегейі, арамыздан мезгілсіз аттанып кеткен экономика ғылымдарының докторы, профессор Ертаев Қарабек Ертайұлы еді. Зиялы тұлғаны жастар санасына терең сіңіру, есімін ұлықтау мақсатында «Экономика және бизнес» факультетінде Ертаев Қарабектың атындағы аудитория ашылды.
Ашылу салтанатына экономика ғылымдарының докторы, профессер Ержан Әмірбекұлы, Экономика кафедрасының ұстаздары, әріптестері, Қарабек Ертайұлының асыл жары Алия Оспанова, ұлы Дарын Ертаев және ет жақын туыстары қатысты.
Алғашқы болып сөз Ержан Әмірбекұлы Қарабек ағамыздың терең білім иесі екенін айта келіп, көптеген жоспары болғанын еске салды. Әрі жақсы адамның жолын ұрпақтары жалғастырады, оқытушылар ол кісі туралы естеліктерді әр студенттің санасына терең сіңіреді деп сенім білдірді. Сөз кезегін алған туыстары арнайы аудитория ашып, есімін еске алып жатқан, университетке, «Экономика» кафедрасы ұжымына шынайы алғыстарын білдірді. Әріптес оқытушылар тәтті естеліктерімен бөліссе, шәкріттері ұстаздың адамгершілік қырын, бауырмалдық қасиетін сағынышпен еске алды.
Медиа-қызмет