Super User

Super User

Goal 1

Цель 1: Повсеместная ликвидация нищеты во всех ее формах

Задачи:

  • К 2030 году ликвидировать крайнюю нищету для всех людей во всем мире (в настоящее время крайняя нищета определяется как проживание на сумму менее чем 1,25 долл. США в день).
  • К 2030 году сократить долю мужчин, женщин и детей всех возрастов, живущих в нищете во всех ее проявлениях, согласно национальным определениям, по крайней мере наполовину.
  • Внедрить на национальном уровне надлежащие системы и меры социальной защиты для всех, включая установление минимальных уровней, и к 2030 году достичь существенного охвата бедных и уязвимых слоев населения.
  • К 2030 году обеспечить, чтобы все мужчины и женщины, особенно малоимущие и уязвимые, имели равные права на экономические ресурсы, а также доступ к базовым услугам, владению и распоряжению землей и другими формами собственности, наследуемому имуществу, природным ресурсам, соответствующим новым технологиям и финансовым услугам, включая микрофинансирование.
  • К 2030 году повысить жизнестойкость малоимущих и лиц, находящихся в уязвимом положении, и уменьшить их незащищенность и уязвимость перед вызванными изменением климата экстремальными явлениями и другими экономическими, социальными и экологическими потрясениями и бедствиями.
  • Обеспечить мобилизацию значительных ресурсов из самых разных источников, в том числе на основе активизации сотрудничества в целях развития, с тем чтобы предоставить развивающимся странам, особенно наименее развитым странам, достаточные и предсказуемые средства для осуществления программ и стратегий по ликвидации нищеты во всех ее формах.
  • Создать на национальном, региональном и международном уровнях надежные стратегические механизмы, в основе которых лежали бы стратегии развития, учитывающие интересы бедноты и гендерные аспекты, для содействия ускоренному инвестированию в мероприятия по ликвидации нищеты.
Goal 1

Мақсат 17: Тұрақты даму мүдделеріндегі жаһандық әріптестіктердің шектерінде жүзеге асыру құралдарын нығайту және жұмысты жандандыру

Тапсырмалар:

  • Салық жинау және басқа табыстар бойынша ұлттық мүмкіндіктерді көтеру үшін ішкі көздерден қорларды жұмылдыруды күшейту, соның ішінде дамушы елдердің қолдауы нәтижесінде.
  • Дамыған елдердің даму мақсаттарында ресми көмек көрсету (ДРК) бойынша өз міндеттемелерін, соның ішінде көптеген дамыған елдер өздеріне алған дамушы елдерге өзінің жалпы ұлттық кірісінің (ЖҰК) 0,7 пайызы деңгейінде ДРК бағыты бойынша қаражат бөлінуінің және ең нашар дамыған елдерге өзінің ЖҰК 0,15-0,20 пайызы деңгейінде ДРК бөлінуінің мақсаттық көрсеткішіне жету міндеттемесін толығымен орындауын қаматамасыз ету; ДРК ұсынатын мемлекеттерге ең нашар дамыған елдерге ДРК бағыты бойынша кем дегенде өзінің ЖҰК 0,20 пайызын бөлу мақсатын алдына қою туралы мәселені қарастыру ұсынылады.
  • Дамушы елдер үшін әр түрлі көздерден қосымша қаржылық қорларды жұмылдыру.
  • Жағдайларға, қарызға алынған қаражат есебінен қаржыландыруға, борыштық ауыртпалықты жеңілдетуге және берешекті қайта құрылымдауға байланысты мадақтауға бағытталған үйлестірілген саясатты жүргізу нәтижесінде дамушы елдердің берешегінің деңгейінің ұзақ мерзімді жарамдылығын қамтамасыз ету мақсатында көмек көрсету және борыштық ауртпалықтарын жеңілдету мақсатында үлкен берешегі бар кедей елдердің сыртқы берешек мәселесін шешу.
  • Ең нашар дамыған елдердің мүдделерінде инвестицияларды мадақтау тәртіптерін қабылдау және пайдлану.
  • Солтүстік-Оңтүстік, Оңтүстік-Оңтүстік бағытындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ ғылым, техника және инновациялар салаларында үш жақты аумақтық және халықаралық ынтымақтастықты және сәйкес жетістіктерге қолжетімділікті кеңейту; өзара келісілген талаптарда, соның ішінде қолданыстағы механизмдер арасындағы үйлесімнің жақсаруының нәтижесінде, атап айтқанда Біріккен Ұлттар Ұйымының деңгейінде, сондай-ақ технологияларды тапсырудың ғаламдық механизмі көмегімен білім алмасуды жандандыру.
  • Экологиялық қауіпсіз технологияларды дамушы елдер өзара келісілген қолайлы шарттарда, соның ішінде жеңілдікті және артықшылықты шарттарда қабылдайтындай экологиялық қауіпсіз технологияларды даярлау, тапсыру, тарату және игеруге жәрдемдесу.
  • 2017 жылға дейін ең нашар дамыған елдердің мүддесінде технологиялар банкі, ғылым, технология және инновация механизмінің толық ауқымды қызмет етуін қамтамасыз ету және тиімділігі жоғары технологиялардың, атап айтқанда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қолданысын кеңейту.
  • Атап айтқанда Солтүстік-Оңтүстік және Оңтүстік-Оңтүстік бағыты бойынша ынтымақтастық және үш жақты ынтымақтастық арқасында тұрақты даму саласында барлық мақсаттарға жету ұлттық жоспарларын іске асыруға жәрдемдесу үшін дамушы елдердің әлеуетінің тиімді және мақсаттық өсімін халықаралық қолдауды күшейту.
  • Дүниежүзілік сауда ұйымының аясында әмбебап, ережелерге негізделген, ашық, кемсітпейтін және әділетті көп жақты сауда жүйесін мадақтау, соның ішінде оның даму саласы бойынша Дохалық күн тәртібі бойынша келіссөздердің аяқталуының нәтижесінде.
  • Негізінен әлемдік экспорттағы ең нашар дамыған елдердің үлестерін 2020 жылға дейін екі есе көбейту мақсатында дамушы елдердің экспортын айтарлықтай көбейту.
  • Дүниежүзілік сауда ұйымының шешімдеріне сәйкес барлық ең нашар дамыған елдерді нарықтарға ұзақ мерзімді негізде бажсыз және бағасы белгіленбейтін қолжетімділікпен, соның ішінде ең нашар дамыған елдерден импортталатын тауарларға қатысты қолданылатын шығу тегінің артықшылықты ережелері таза әрі қарапайым болуын және нарықтарға деген қолжетімділікті жеңілдетуге жәрдемдесуін қамсыздандыру арқылы қамтамасыз ету.
  • Атап айтқанда саясатты үйлестіру және саясаттың жүйелілігін қамтамасыз ету арқылы ғаламдық макроэкономикалық тұрақтылықты көтеру.
  • Тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша саясатты анағұрлым жүйелі ету.
  • Стратегиялық орағытуға арналған әрбір елде бар кеңістікті және оның кедейлікті жою саясаты мен тұрақты даму саласындағы саясатты даярлаудағы және жүзеге асырудағы маңызды рөлін сыйлау.
  • Барлық елдерге, әсіресе дамушы елдерде тұрақты даму саласындағы мақсаттарға жетуді қолдау үшін білім, тәжірибе, технологиялар мен қаржылық қорларды жұмылдыратын және тарататын көптеген мүдделі тараптардың қатысуымен толықтырылатын тұрақты даму мүддесіндегі Ғаламдық серіктестікті нығайту.
  • Серіктестердің қорларын пайдалану тәжірибесіне және стратегияларына сүйене отырып, мемлекеттік ұйымдар арасындағы, мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы және азаматтық қоғам ұйымдары арасындағы тиімді серіктестікті ынталандыру және мадақтау.
  • 2020 жылға дейін табыс деңгейі, гендерлік тиістілігі, жасы, нәсілі, ұлты, көші-қон мәртебесі, мүгедектігі, географиялық орналасуы және ұлттық шарттарды ескерумен басқа да сипаттамалары бойынша бөлшектелген жоғары сапалы, өзекті және анық мәліметтерге деген қолжетімділікті едәуір көтеру үшін дамушы елдердің, соның қатарында ең нашар дамыған елдердің және шағын аралдық дамушы мемлекеттердің әлеуетін өсіру мақсатында қолдауды күшейту.
  • 2030 жылға дейін қазіргі бастамаларға сүйене отырып, тұрақты дамуды қамтамасыз ету ісінде жалпы ішкі өнімнің көрсеткішіне қосымша ілгерілеуді басқа да өлшеу көрсеткіштерін даярлау және дамушы елдердің статистика саласындағы әлеуетін өсіруге жәрдемдесу.
Goal 1

Мақсат 16: Тұрақты даму мүдделерінде бейбіт және ашық қоғамның құрылуына жәрдемдесу, барлығы үшін сот әділдігіне қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беруге міндетті және кең қатысуға негізделген мекемелерді құру

Тапсырмалар:

  • Зорлықтың барлық нысанының таралуын айтарлықтай азайту және осыдан пайда болатын өлімнің бүкіл әлемдегі көрсеткіштерін төмендету.
  • Балаларға қатысты қорлық көрсетуге, оларды пайдалануға, саудаға салуға және зорлау мен аазаптаудың барлық түрлеріне нүкте қою.
  • Ұлттық және халықаралық деңгейлерде құқық үстемдігіне жәрдемдесу және барлығын әділ сотқа тең қолжетімділікпен қамтамасыз ету.
  • 2030 жылға дейін заңсыз қаржылық ағындар мен қару-жарақ ағындарын едәуір азайту, ұрланған активтерді табу және қайтару бойынша қызметті жандандыру және ұйымдасқан қылмыстың барлық түрлерімен күрес жүргізу.
  • Жемқорлық және парақорлықтың барлық нысандарының ауқымын айтарлықтай азайту.
  • Барлық деңгейде тиімді, есеп беретін және таза мекемелерді құру.
  • Барлық деңгейде қоғамның бүкіл қабаттарының қатысуымен репрезентативті органдардың жауапты шешім қабылдауын қамтамасыз ету.
  • Ғаламдық реттеу органдарының қызметіне дамушы елдердің қатысуын кеңейту және жандандыру.
  • 2030 жылға дейін барлық адамдарда туу туралы куәлікті қосқанда заңды жеке куәліктің болуын қамтамасыз ету.
  • Ұлттық заңнамаға және халықаралық келісімдерге сәйкес ақпаратқа деген қоғамның қолжетімділігін қорғау және негізгі бостандықтарды қорғау.
  • Зорлықты тоқтату және лаңкестік пен қылмыспен күресу ісіндегі – негізінен, дамушы елдердің әлеуетін барлық деңгейлерде өсіру мақсатында ұлттық сәйкес мекемелерді халықаралық ынтымақтастық көмегімен күшейту.
  • Тұрақты даму мүддесіндегі кемсітпейтін заңдар мен саясатты мадақтау және жүзеге асыру.
Goal 1

Мақсат 15: Құрлық экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру және олардың оңтайлы пайдаланылуына жәрдемдесу, ормандарды оңтайлы пайдалану, шөлейттенумен күрес, жердің азу процесін тоқтату және кері бұру және биоәртүрлілікті жоғалту процесін тоқтату

Тапсырмалар:

  • 2020 жылға дейін халықаралық келісімдерде белгіленген міндеттемелерге сәйкес жер үсті және ішкі тұщысу экожүйелерін және олардың қызметтерін, атап айтқанда ормандардың, сулы-батпақты алқаптардың, таулардың және шөлейт жерлердің сақталуын, қалпына келтірілуін және оңтайлы қолданылуын қамтамасыз ету.
  • 2020 жылға дейін ормандардың барлық түрлерін оңтайлы пайдалану әдістерін енгізуге жәрдемдесу, ормансыздануды тоқтату, тозған ормандарды қалпына келтіру және бүкіл әлемдегі орман өсіру және орманды қалпына келтіру ауқымдарын кеңейту.
  • 2030 жылға дейін шөлге айналумен күресу, шөлге айналған, құрғақшылыққа ұшыраған және су басқан жерлерді қосқанда, тозған жерлер мен топырақтарды қалпына келтіру және бүкіл әлемдегі жердің жағдайын нашарлатпауға ұмтылу.
  • 2030 жылға дейін тау экожүйелерінің, соның ішінде олардың биологиялық алуан түрлілігінің олардың тұрақты дамуға деген игілік беру мүмкіндіктерін арттыру үшін сақталуын қамтамасыз ету.
  • Табиғи тіршілік ету орталарының тозуын тоқтату бойынша елеулі шараларды шұғыл түрде қолдану, биологиялық алуан түрлілікті жоғалтуды тоқтату және 2020 жылға дейін қырылу қаупіндегі түрлерді сақтау және олардың жоғалуының алдын алу.
  • Генетикалық қорларды пайдалану игіліктерін әділетті үлестіруге жәрдемдесу және халықаралық деңгейде келісілген шарттарда осындай қорларға тиісті қолжетімділікті қамтамасыз етуге ықпал ету.
  • Браконьерлік және флора және фаунаның қорғалатын түрлерінің контрабандалық саудасына нүкте қою үшін шұғыл түрде шаралар қолдану және тірі табиғаттың заңсыз өнімдеріне деген сұранысқа және олардың ұсынылуына қатысты мәселелерді шешу.
  • 2020 жылға дейін бөтен инвазивті түрлердің енуінің алдын алу бойынша және олардың жер үсті және су экожүйелеріне деген әсерін едәуір азайту бойынша шаралар қолдану, сондай-ақ сандарының шектелуінің немесе басым түрлерінің жойылуының алдын алу бойынша шаралар қолдану.
  • 2020 жылға дейін жалпы ұлттық және жергілікті жоспарлау және даму үдерістерінің барысында, сондай-ақ кедейлік ауқымдарын қысқарту стратегиялары мн жоспарларын дайындау жағдайында экожүйелер мен биологиялық алуан түрлілік құндылықтың есепке алынуын қамтамасыз ету.
  • Биологиялық алуан түрлілік пен экожүйелерді сақтау және тиімді пайдалану мақсатында барлық көздерден қаржылық қорларды жұмылдыру және айтарлықтай ұлғайту.
  • Орманды тиімді пайдалануды қаржыландыру үшін барлық көздерден және барлық деңгейде елеулі қорларды жұмылдыру және осындай басқару әдістерін пайдалану, соның ішінде ормандарды сақтау және қалпына келтіру үшін дамушы елдерге адекватты ынта беру.
  • Браконьерлік және қорғалатын түрлердің контрабандалық саудасымен күрес бойынша ғаламдық күш жұмылдыруды іске қосу, соның ішінде жергілікті халықтың тіршілік ету үшін экологиялық қауіпсіз түрде қаражат алу мүмкіндіктерін кеңейту арқылы.
Goal 1

Мақсат 14: Мұхиттарды, теңіздерді және теңіз ресурстарын орнықты даму мүдделерінде сақтау және оңтайлы пайдалану

Тапсырмалар:

  • 2025 жылға дейін теңіз қоқысымен және қоректік заттарды қоса есептегенде құрлықта әрекет ету салдарынан теңіз ортасының кез келген ластануының алдын алу және едәуір қысқарту.
  • 2020 жылға дейін елеулі жағымсыз әсер етудің алдын алу мақсатында теңіз және жағалау экожүйелерінің тиімді пайдаланылуын және қорғанысын атап айтқанда, осы экожүйелердің беріктігін арттыру арқылы қамтамасыз ету және мұхиттардың жақсы экологиялық жағдайы мен өнімділігін қамтамасыз ету мақсатында оларды қалпына келтіру шараларын қабылдау.
  • Барлық деңгейде ғылыми ынтымақтастықтың дамуына орай теңіздің қышқылдану салдарын барынша азайту және жою.
  • 2020 жылға дейін олжаны тиімді реттеуді қамтамасыз ету және аулап бітіруге, заңсыз, хабарланбайтын және реттелмейтін балық аулауға және жойғыш балық аулау тәжірибесіне нүкте қою, сондай-ақ балық қорын кем дегенде осы қорлардың биологиялық сипаттамаларын ескере отырып, экологиялық оңтайлы аулауды қамтамасыз етуге қабілетті шама көрсеткішіне дейін ең қысқа мерзім ішінде қалпына келтіру үшін ғылыми негізделген шаруашылық қызметінің жоспарларын орындау.
  • 2020 жылға дейін табиғатты қорғау шараларымен ұлттық заңнамаға және халықаралық құқықа сәйкес кем дегенде 10 жағалау және теңіз ауданын ең жақсы қолданыстағы ғылыми ақпарат негізінде қамту.
  • 2020 жылға дейін шамадан тыс қуаттылық пен аулап бітірудің пайда болуына алып келетін балық аулау субсидияларының кейбір нысандарына тыйым салу, заңсыз, хабарланбайтын және реттелмейтін балық аулауға септігін тигізетін субсидияларды алып тастау және дамушы және ең нашар дамыған елдерге қатысты ерекше және сараланған тәртіпті тиісті түрде және тиімді пайдалану Дүниежүзілік сауда ұйымының аясында өтіп жатқан балық аулауды субсидиялау туралы келіссөздердің ажырамас бөлігі болып табылуы тиіс екенін мойындай отырып, осындай жаңа субсидияларды енгізуден бас тарту.
  • 2030 жылға дейін шағын аралдық дамушы мемлекеттер және ең нашар дамыған елдер теңіз қорларын оңтайлы пайдаланудан алатын, атап айтқанда балық шаруашылығын, аквамәдениетті және туризмді эколоогиялық оңтайлы ұйымдастыру нәтижесіндегі экономикалық тиімділікті көтеру.
  • Мұхит ортасының экологиялық жағдайын жақсарту үшін және теңіздік биологиялық алуан түрліліктің дамушы елдердің, әсіресе шағын аралдық дамушы мемлекеттердің және ең нашар дамыған мемлекеттердің дамуына қосатын үлесін арттыру мақсатында ғылыми білімдердің көлемін ұлғайту, ғылыми зерттеулерді кеңейту және теңіз технологияларын тапсыруға қатысты Үкіметаралық мұхиттану комиссиясы әзірлеген Өлшемшарттар мен жетекші қағидаларды назарға ала отырып, теңіз технологияларын тапсыруды қамтамасыз ету..
  • Майдагерлік балық кәсіпшілігімен айналысатын ұсақ шаруашылықтардың теңіз қорлары мен нарықтарға қолжетімділігін қамтамасыз ету.
  • «Біз қалайтын болашақ» құжатының 158 тармағында көрсетілгендей Әлемдік мұхитты және оның қорларын сақтау және тиімді пайдалану үшін заңды негізді қалайтын Біріккен Ұлттар Ұйымының теңіз құқығы жөніндегі конвенциясында бекітілген халықаралық құқық нормаларын сақтау арқылы мұхиттар мен олардың қорларын сақтау және тиімді пайдалану бойынша жұмысты жақсарту.
Goal 1

Мақсат 13: Климаттың өзгеруімен және оның салдарларымен күрес бойынша шұғыл шаралар қабылдау

Тапсырмалар:

  • Барлық елдерде қауіпті климат құбылыстарына және табиғи зілзалаларға төзімділікті және бейімделу қабілетін арттыру.
  • Климаттың өзгеруіне ден қою шараларын саясатқа, стратегияларға және ұлттық деңгейдегі жоспарлауға енгізу.
  • Ағарту, ақпаратты тарату және адамдар мен мекемелердің климат өзгерісінің қауіптілігін жеңілдету және салдарын әлсірету, оларға бейімделу және ерте ескерту бойынша мүмкіндіктерін жақсарту.
  • Климаттың өзгеруі жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының негіздемелік Конвенциясының қатысушылары болып табылатын дамыған елдердің өздеріне қабылдаған климаттың өзгеру салдарының қауіптілігін жеңілдету бойынша сындарлы шараларды қабылдау мәнмәтініндегі дамушы елдердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін және олардың жүзеге асырылуының айқындығын қамтамасыз ету үшін 2020 жылға дейін ортақ күш-жігермен барлық көздерден 100 млрд. АҚШ долл. жыл сайынғы жұмылдыру мақсатына қол жеткізу міндеттемесін орындау, сондай-ақ Жасыл климаттық қорды мүмкіндігінше ең қысқа мерзім ішінде капиталдандыру арқылы оның толық ауқымды жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
  • Аз дамыған елдерде және шағын аралдардағы дамушы мемлекеттерде климаттың өзгеруімен байланысты жоспарлау және басқару мүмкіндіктерін күшейту тетіктерін құруға жәрдемдесу, бұл ретте әйелдерге, жастарға сондай-ақ жергілікті және маргиналданған қауымдарға баса назар аудару.
Goal 1

Мақсат 12: Оңтайлы тұтыну мен өндіру үлгілеріне өтуді қамтамасыз ету

Тапсырмалар:

  • Барлық елдердің қатысуымен Тұтыну мен өндірудің оңтайлы үлгілерін пайдалануға көшу бойынша іс-қимылдардың Он жылдық стратегияны жүзеге асыру, ең алдымен дамушы елдердің дамуы мен әлеуетін ескере отырып, оған дамыған елдер алғашқы болып кірісуі тиіс.
  • 2030 жылға қарай табиғи ресурстарды оңтайлы игеру мен тиімді пайдалануға қол жеткізу.
  • 2030 жылға қарай жеке және тұтынушылық деңгейлердегі тағам қалдықтарының бүкіләлемдік мөлшерін халықтың жан басына қайта есептегенде екі есеге қысқарту және өндіру-өткізу тізбектеріндегі азық-түлік шығындарын, соның ішінде түсімді жинаудан кейінгі шығындарды азайту.
  • 2020 жылға қарай халықаралық келісілген қағидаттарға сәйкес химиялық заттар мен барлық қалдықтарды олардың тіршілік кезеңінің барысында экологиялық оңтайлы пайдалануға қол жеткізу және олардың адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға деген жағымсыз әсерін мейлінше қысқарту үшін олардың ауаға, суға және топыраққа түсуін барынша қысқарту.
  • 2030 жылға қарай қалдықтардың пайда болуының алдын алу, оларды қысқарту, қайта өңдеу және қайта пайдалану бойынша шаралар қолдану арқылы қалдықтар көлемін едәуір қысқарту.
  • Компанияларға, әсіресе ірі әрі трансұлттық компанияларға өндірістің орнықты әдістерін қолдануды және өз есептерінде ресурстарды оңтайлы пайдалану туралы ақпаратты көрсетуді ұсыну.
  • Ұлттық стратегиялар мен басымдылықтарға сәйкес мемлекеттік сатып алулардың тұрақты тәжірибесін қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
  • Жұмыс орындарының құрылуына, жергілікті мәдениеттің дамуына және жергілікті өнімдердің өндірісіне ықпал ететін орнықты туризммен тұрақты дамуға деген әсерді мониторингілеу құралдарын әзірлеу және енгізу.
  • Ұлттық талаптарды ескере отырып, нарықтық теңсіздіктерді жою арқылы, соның ішінде салық салуды қайта ұйымдастыру және зиянды субсидиялар қолданылатын жерден олардың экологиялық салдарын есепке алу үшін олардан біртіндеп бас тарту арқылы, халықтың мұқтаж және осал топтарының мүдделерін қорғайтындай, дамушы елдердің айрықша қажеттіліктері мен жағдайларын толығымен назарға ала отырып және олардың дамуы үшін ықтимал жағымсыз нәтижелерді мейлінше қысқарта отырып, қазба отынды пайдаланудың тиімсіз ерекшеленетін, субсидиялануымен қазбалы отынды ысырапсыз тұтынылуына алып келетін, отынды пайдалану субсидиясын оңтайландыру.
Goal 1

Мақсат 11: Қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өміршеңдігін және экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету

Тапсырмалар:

  • 2030 жылға қарай жеткілікті, қауіпсіз және қымбат емес тұрғын үйге және жаңа қызметтерге жалпыға ортақ қолжетімділікті қамтамасыз ету және қалың тоғайларды абаттандыру.
  • 2030 жылға қарай жағдайы төмен тұлғалардың, әйелдердің, балалардың, мүгедектердің және қарт адамдардың қажеттіліктеріне баса назар аудара отырып, жол қозғалысының қауіпсіздігін, атап айтқанда қоғамдық көлікті пайдалануды кеңейту негізінде барлығының қауіпсіз, қымбат емес, қолжетімді және экологиялық орнықты көлік құралдарын пайдалануын қамтамасыз ету.
  • 2030 жылға қарай барлығына ашық және экологиялық тұрақты қалаланудың және елді мекендерді кешенді және тұрақты жоспарлау және оларды барлық елдерде қатысу негізінде басқару мүмкіндіктерінің ауқымын кеңейту.
  • Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау және сақтау бойынша күш-жігерді жандандыру.
  • 2030 жылға қарай ауа сапасына және қалалық және басқа да қалдықтарды жоюға ерекше назар аудару арқылы халықтың жан басына қайта есептегендегі қалалардың жағымсыз экологиялық әсерін азайту.
  • 2030 жылға қарай қауіпсіз, қолжетімді және барлығы үшін арналған ашық жасыл аймақтар мен қоғамдық орындарға, әсіресе әйелдер мен балалар, қарт адамдар мен мүгедектер үшін жалпыға ортақ қолжетімділікті қамтамасыз ету.
  • Ұлттық және өңірлің дамытуды жоспарлау сапасын арттыру негізінде қалалық, қала маңындағы және ауылдық аудандар арасындағы жағымды экономикалық, әлеуметтік және экологиялық байланыстарды қолдау.
  • 2020 жылға қарай әлеуметтік кедергілерді жоюға, ресуртарды пайдалану тиімділігін арттыруға, климаттың өзгеру нәтижелерін жұмсартуға, оның өзгерісіне бейімделуге және табиғи апаттарға қарсы тұру қабілеттілігіне бағытталған, кешенді стратегиялар мен жоспарларды қабылдаған және жүзеге асыратын қалалар мен елді мекендердің сандарын едәуір ұлғайту және 2015-2030 жылдар бойынша апаттардың пайда болу қаупін төмендету бойынша Сендай негіздемелік бағдарламасына сәйкес барлық деңгейдегі апаттармен байланысты туындайтын қауіп-қатерлерді кешенді басқару бойынша шараларды әзірлеу және енгізу.
Goal 1

Мақсат 10: Елдер ішіндегі және олардың арасындағы теңсіздікті қысқарту

Тапсырмалар:

  • 2030 жылға қарай халықтың ең аз қамтылған 40 пайызының табыс өсімін біртіндеп ел бойынша орташадан жоғары деңгейге жеткізу және ұстап тұру.
  • 2030 жылға қарай барлық адамдардың жасына, жынысына, мүгедектігіне, ұлтына, этникалықшығутегіне, шығутегіне, дініне және экономикалық немесе басқа мәртебесіне қарамастан әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірге белсенді араласуын заңнамалық жолмен қолдау және көтермелеу.
  • Тиісті саясатты, әсіресе бюджеттік-салықтық саясатты және еңбекақы мен әлеуметтік қорғау мәселелеріндегі саясатты қабылдау және біртіндеп көбірек теңдікті қамтамасыз етуге ұмтылу.
  • Ғаламдық қаржылық нарықтарды және мекемелерді реттеу және мониторингілеу әдістерін жетілдіру және мұндай әдістерді неғұрлым жүйелі қолдану.
  • Ғаламдық халықаралық экономикалық және қаржылық мекемелерді неғұрлым тиімді, беделді, есепті және заңды ету мақсатында олардағы шешім қабылдау үдерістеріндегі дамушы елдердің басым өкілділігін және басым дауыс беру құқығын қамтамасыз ету.
  • Адамдардың реттелген, қауіпсіз, заңды және жауапты болуына көші-қоны мен жұмылғыштығы атап айтқанда жоспарланған және ақылға салынған көші-қон саясатын жүргізу көмегімен жәрдемдесу.
  • Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімдеріне сәйкес дамушы, әсіресе ең аз дамыған елдер үшін айрықша және сараланған тәртіп қағидатын жүргізу.
  • Дамыту мақсатында ресми көмекті және қаржы ағынын, соның ішінде тікелей шетел инвестицияларын неғұрлым мұқтаж мемлекеттерге, әсіресе ең аз дамыған елдерге, африка елдеріне, шағын аралдағы дамушы елдерге және олардың ұлттық жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес теңізге шыға алмайтын дамушы елдерге бөлуді көтермелеу.
  • 2030 жылға қарай мигранттардың ақшалай қаражаттарды аударуымен байланысты операциялық шығындарын аудару сомасынан кем дегенде 3 пайызға дейін қысқарту және бұл шығындар 5 пайыздан асатын ақша аудару арналарын жою.
Goal 1

Мақсат 9: Берік инфрақұрылым құру, ауқымды және орнықты индустриализация мен инновацияларға жәрдемдесу

Тапсырмалар:

  • Экономикалық дамуды және адамдардың әл-ауқатын қолдау мақсатында барлығына бірдей қымбат емес және тең құқылы қолжетімділікті қамтамасыз етуге айрықша назар аудара отырып, өңірлік және трансшекаралық инфрақұрылыммен бірге сапалы, сенімді, орнықты әрі берік инфрақұрылымды дамыту.
  • Жалпыны қамтитын және орнықты индустрияландыруға жәрдемдесу және 2030 жылға қарай өнеркәсіптегі жұмыспен қамту деңгейін және ұлттық талаптарға сәйкес жалпы ішкі өнімдегі өнеркәсіптік өндіріс үлесін едәуір арттыру және ең аз дамыған елдердегі тиісті көрсеткіштерді екі есеге арттыру.
  • Әсіресе дамушы елдерде ұсақ өнеркәсіптік және басқа кәсіпорындардың қаржылық қызметтерге, соның ішінде қымбат емес кредиттерге қолжетімділігін арттыру және олардың өндіру-өткізу тізбектері мен нарықтардағы интеграциясын күшейту.
  • 2030 жылға қарай жеке мүмкіндіктеріне сәйкес барлық елдердің қатысуымен инфрақұрылымды жетілдіру және ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру мен таза әрі экологиялық қауіпсіз технологиялар мен өнеркәсіптік процесс неғұрлым кең пайдалану есебінен кәсіпорындарды тұрақты етіп қайта жабдықтау.
  • Барлық елдерде, әсіресе дамушы елдерде ғылыми зерттеулерді жандандыру, өнеркәсіптік секторлардың технологиялық әлеуетін өсіру, соның ішінде 2030 жылға қарай инновациялық қызметті ынталандыру және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар саласында (ҒЗТКЖ) 1 миллион адамға есептегенде жұмыскерлер санын, сондай-ақ ҒЗТКЖ-ға мемлекеттік және жеке шығыстарды едәуір арттыру арқылы.
  • Африка елдерін, ең аз дамыған елдерді, дамушы елдерді, теңізге шыға алмайтын елдерді және шағын аралдағы дамушы мемлекеттерді қаржылық, технологиялық және техникалық қолдауды арттыру есебінен экологиялық орнықты және берік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу.
  • Дамушы елдердегі отандық технологиялар саласындағы әзірлемелерді, зерттеулерді және инновацияларды, соның ішінде, атап айтқанда өнеркәсіпті әртараптандыруға және шикізат салаларындағы қосылған құнды ұлғайтуға қолайлы жағдай туғызатын саяси климатты жасау арқылы қолдау.
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қолжетімділікті едәуір кеңейту және 2020 жылға қарай ең аз дамыған елдерде интернетке деген жалпыға ортақ және қымбат емес қолжетімділікті қамтамасыз етуге ұмтылу.
Страница 5 из 453
Top