Super User

Super User

fdo

Сырттай оқыту факультеті Тараз мемлекеттік университетінің сырттай оқытатын екі факультеті:  сырттай инженерлі – экономикалық және сырттай гуманитарлық факультеттерінің негізінде 2008 – 2009 оқу жылында құрылды.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіндегі сырттай және қашықтан оқыту институтының тарихы,  Мемлекеттік университетке біріктірілген ЖОО-ғы (Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институты, Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институты және Жамбыл педагогикалық университеті) сырттай оқыту факультеттерінің тарихымен тығыз байланысты.
Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтының өндірістен үздіксіз мамандар даярлау, кешкі және сырттай оқыту түрімен байланысты және бұл алғашқы есеп бойынша 1958 жылы құрылған. 1958 жылы Қазақ химия технологиялық институтының Жамбыл филиалы алғашқы білімгерлерін қабылдады, филиал басшысы болып Х.С. Сеитов тағайындалды. 1961 – 1962 оқу жылында филиал аясында кешкі сырттай оқыту факультеті ашылды, факультеттің алғашқы декандары:  С. Айтжанов, Б.Г. Инкаров,  К.А. Альманбетов,  А.А. Адилов. Ары қарай Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтындағы сырттай оқытуды ҚР ҰҒА қазіргі академигі У.К. Мадиев, доцент Д.Д. Нурпеисов, Х.Л. Кешаниди, С.С. Қожабеков,т.ғ.д., профессор М.С. Сахиев және басқалар басқарды.  
Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институты, 1962 жылдың мамыр айында Қаз ССР үкіметінің шешімімен Алматы қаласының Қазақ ауылшаруашылық институтының гидромелиоративтік факультетін  Жамбыл қаласына ауыстыру нәтижесінде құрылған. 1962 – 1965 жылдар аралығында тек «Гидромелиорация» мамандығына өндіріспен ұштастырылатын мамандар дайындалды. Кейінгі жылдары (1965 – 1985 ж.ж.) ЖГМҚИ-нің лабораториялық базасын құрал – жабдықтарының қамтамасыз етілуі мен дамуына байланысты: «Мелиоративті жұмыстың механизмі», «Гидротехникалық құрылыс», «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс», «Сумен қамтамасыз ету және канализация», «Су және ауыл шаруашылығының экономикасы», «Гидромелиоративті жүйенің құрылысы», «Гидромелиоративті жүйенің эксплуатациясы», «Ауыл шаруашылығын сумен қамту және жер астын суландыру», «Ауыл шаруашылық құрылысы» және т.б. жаңа мамандықтар ашылды. 
80 – 90 жылдары халық шаруашылығына ауыл, су шаруашылықтарының және құрылыстың жоғары білікті мамандары қажеттілігінен бірқатар жаңа мамандықтар ашылды: «АПК-ғы экономика мен ұйымдастыру», «Автомобильдер мен автомобиль шаруашылығы», «Автомобиль жолдар құрылысы», «Электр механикасы», «Электрмен қамту» және т.б.
Факультетте жоғары білікті оқытушылар қызмет атқарғанын айта кеткен жөн. Олар: академиктер – Жулаев Р.М., Сүлейменов Ж.Т., профессорлар – Горюнов С.Н., Серікбаев Б.С., Абдураманов А.А., доценттер Ким С.С., Даримбетов У.Д., Долженко Б.Ф., Қалдаров М.К., Ибраев Д.М., Ақжанов А.А., Өтегалиев Т.Т. және басқалар. ЖГМҚИ-ның сырттай оқу бөлімінің бірінші деканы т.ғ.к., доцент Баймұхамбетов М.В. болды, кейінгі жылдары факультетті П.У. Ундашев, т.ғ.к., доцент К.Е. Ермұханов, қазіргі ҚР ҰҒА академигі Ж.Т. Сүлейменов, т.ғ.д., профессор М.Н. Сенников, т.ғ.д., профессор Ш.Ж. Сұранқұлов басқарды. 
Қазіргі уақытта университет түлектері Г. Абдихаликова – ҚР премьер министрінің орынбасары, М.Ж. Жаманбаев – Манғыстау облысы  ішкі істер департаментінің  бастығы қызметін атқарса, С.Абдрахманов, Ш.Исабеков, А.Савченко, Б.Артаевтар  елімізге белгілі зиялы азаматтар
Соңғы он жылдықта М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-нің құрамында, сырттай оқу түрі бойынша нормативті және регламентті құжаттардың жасау әдісі мен формалары, міндеттері, мақсаттары алдыңғы тәжірибелі  оқу үрдісін ұйымдастырудың сырттай оқыту түрін дамытудағы болашағының бағыттарын анықтады. 
Сырттай оқыту факультеті 59 мамандықтар бойынша жоғары білікті мамандар дайындайды. Оның ішінде экономикалық мамандықтар – 7, технологиялық мамандықтар – 24, техникалық мамандықтар – 10 және гуманитарлық мамандықтар – 18. Қазіргі кезде  факультетте 2897 білімгер дәріс алады. 
Оқу үрдісін қамтамасыз етуге факультетте университеттің барлық кафедралары мен бөлімдері жұмыс атқарады. 2011 жылдың қараша айынан факультетті т.ғ.к., профессор Мұрат Мұсабекұлы Бекмұратов басқарады, ал оның орынбасары магистр, аға оқытушы Кабдушев Арман Арстанғалиұлы.

gumanitarlyk aleumettik

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың негізгі факультеттерінің бірі – гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті. Факультет 2003 жылы филология факультетінің құрамынан бөлініп, әлем тілдері мен әдебиеті факультеті деп аталды. Алғаш факультетте филология, қазақ тілі мен әдебиеті, аударма ісі, шетел филологиясы, журналистика мамандықтары бойынша мамандар дайындалды.  Алғашқы деканы ф.ғ.д., проф. С.Ж.Тәжібаева болды. 2006 жылы факультет құрамына психология, тарих, әлеуметтану мамандықтары қосылды. Соған орай, факультет атауы гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті деп өзгертіліп, тарих ғ.д., проф. Д.П.Қожамжарова декан болып бекітілді. 2008 жылы факультет құрамына дене шынықтыру және спорт, 2009 жылы мәдени-тынығу жұмыстары мамандықтары енді. 2009-2011 жылдары факультетті ф.ғ.к., доцент Л.Г.Мұқажанова басқарса, 2011 жылдан бері ф.ғ.к., доцент Ә.О.Ыбырайым  басқарады. Бұл кафедраларда 3 ғылым докторы, 31 ғылым кандидаты мен 60-тан астам магистрлер және бірнеше КСРО, Қазақстан Республикасы спорт шеберлері, еңбек сіңірген жаттықтырушылар, мәдениет және өнер қайраткерлері жұмыс істейді.

Пятница, 21 февраля 2020 10:41

Мұнай-газ факультеті

munai gaz

1965 жылы Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтының «Гидро-техникалық құрылымдар» факультетінде 1514 – «Гидромелиротивтік жұмыс-тарды механикаландыру» мамандығына 50 студент қабылданды. Сол кездегі Орта Азия және Қазақстанда қалыптасқан жағдайларға, әсіресе су- мелиорация саласындағы мекемелердегі құрылыс және мелиорация машиналарын жөндеп тиімді пайдаланатын инженер-механиктердің жетіспеулеріне байланысты КСРО-ның ауылшаруашылық министрлігінің бұйрығына сәйкес 1969 жылы қаңтар айында «Гидромелиративтік жұмыстарды механикаландыру» факультеті ашылып, студенттерді қабылдау саны 100 адамға дейін көбейтілді.
1998 жылы Тараз қаласының үш жоғары оқу орындары қосылып М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті пайда болуына байланысты факультет жаңадан ұйымдастырылып, 1998 жылы «Механикаландыру және энергетика», 2002 жылдан бастап факультет кұрамында мұнай-газ мамандықтарының ашылуына байланысты «Мұнай-газ ісі, энергетика және технологиялық машиналар», 2008 жылы структуралық өзгерістерге байланысты «Мұнай-газ ісі, энергетика және транспорт» факультеті болып, ал 2013 жылдан структуралық өзгерістерге байланысты «Мұнай-газ және механика» факультеті болып аталды.

Пятница, 21 февраля 2020 10:38

Заң факультеті

zan fakulteti

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің заң факультеті – оңтүстік аймақтағы іргелі білім ордасының ірі құрылымдық бөлімі.
М.Х. Дулати атындағы ТарМУ заң факультетінің ең басты мақсаты жоғарғы заң біліктілігі бар бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыру. Университеттің түлектері заң саласындағы қызметі арқылы қоғамның дамуына үлесін қосуға және Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде құқықтық, демократиялық мемлекетті құру бағытындағы маңызды мәселелерді шешуге дайындалған.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті 1998 жылы құрылған. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің заң факультеті 1998 жылдың наурыз айында құрылған. Әр түрлі уақыттарды декан қызметін з.ғ.к., доцент С.Т. Есімқұлов, с.ғ.д., профессор Б.А. Алдашов, з.ғ.к., доцент С.Р. Ушурова, з.ғ.к., доцент Е.Ш. Дусипов атқарған. Қазіргі уақытта факультетінің деканы з.ғ.к., доцент З.Т. Абдукаримова.
Факультетте 5 кафедра қызмет етеді.
4 маман дайындаушы кафедралар және 1 қызмет етуші кафедра.
Маман дайындаушы кафедралар:
«Азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқықығы»
«Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығы»
«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы»
«Конституциялық және халықаралық құқық»
Қызмет етуші кафедра: «Философия және саясаттану»
Кадрларды дайындауды және материалдық-техникалық құралмен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында факультетте:
студенттер клиникасы, онда жоғарғы курс студенттері мұқтаж азаматтарға құқықтық көмек көрсетеді.
Жамбыл облысы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығы болып табылатын криминалистикалық палигоны жұмыс істейді.
жетілдірілген криминалистік лаборатория: барлық баллистикалық, трасологиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
студенттерге тәжірибиелік сабақтар өткізуі үшін дайындалған сот отырысы залы ашылды.
Заң ғылымы мен құқық саласындағы зерттеу жұмыстарын жетілдіру мақсатында «Юриспруденция» мамандығы бойынша магистратура ашылды.
Алдыңғы Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Туркия және Индиана (АҚШ) университеттерімен ынтымақтастық қатынас орнаған.
Заң факультеті М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің құрылымдық бөлімі ретінде оқу барысын қамтамасыз ету үшін, студенттердің дене тәрбиесі үшін, тамақтануы үшін, медициналық көмек алуы үшін қажетті аудиториялары, оқу-арнайы кабинеттері және басқада аулалары бар.
Шет аймақтан келетін студенттер үшін жатақханада орындар бар.
Заң факультетінің оқу барысының маңызды бөлімі болып студентердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (БҒЗЖ) табылады. Студентердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (БҒЗЖ) заң факультетінің ауқымындағы, студенттер басқаратын ғылыми-үйірмелер негізінде жүргізіледі. Факультетте осындай 5 үйірме: «Цивилист», «Логос», «Жеті жарғы», «Әділет» және «Фемида» деп аталады. Оларға 70 студент мүшелікте жұмыс істейді. Үйірме мүшелері ғылыми конференцияларға белсенді түрде қатысуда.
Сонымен қатар жыл сайын факультетте студенттердің ғылыми конференциялары өтеді, онда баяндамалар екі секциясы «Юриспруденция», «Философия және саясаттану» жұмыс істейді. Студенттердің ең жақсы жұмыстары университеттік жас ғалымдар еңбектерінің жинағына жазылады. Студенттердің ғылыми конференциялары жоғарғы деңгейде өтуде, бұл жастардың ғылыми-зерттеуге қызығушылығының артып келуінің көрсеткіші..
Факультеттің оқытушылары жыл сайынғы халықаралық, республикалық ғылыми-тәжірибиелік конференциялар мен семинарларға белсенді қатысуда.
Факультетте жүйелі түрде ғылыми семинарлар өтуде, онда факультеттің оқытушылық-профессорлық құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері талқыланады. Семинар бекітілген кестеге сай өтеді.
Студенттерді таныстыру және өндірістік тәжірибиеден өту туралы келесі мекемелермен ұзақ мерзімдік шарттар жасасқан:

Жамбыл облысы Әділет басқармасы.
Жамбыл облысы прокуратурасы.
ІІБ №1, 2 полиция бөлімі.
Тараз қалалық соты.
Жамбыл облысы соты.
Тараз қалалық прокуратурасы.
Жамбыл облысы бойынша ІІБ.
Жамбыл облысы сот әкімшілігі.
Жамбыл облысы бойынша сыбайластық және экономикалық қылмыстармен күрес департаменті.

Пятница, 21 февраля 2020 10:37

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ

ekonomika biznes

«Экономика және бизнес» факультеті М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 50 жылдан аса тарихы бар ірі құрылымдық бөлімдерінің бірі болып табылады. Факультетте мемлекеттік және жергілікті органдарды басқару, ұлттық компанияларға, өндірістік кәсіпорындарға, фискалды мекемелерге, банктік жүйелерге, оқу орындарына, ғылыми-зерттеу орталықтарына қажетті кадрлар 8 бакалавриат мамандықтары және 5 магистратура мамандықтары бойынша дайындалады.
Қазіргі уақытта факультеттегі барлық мамандықтар бойынша мыңға жуық студент және жүзден аса магистрант білім алуда.
Факультеттің профессор-оқытушылар құрамының кәсіби деңгейі айтарлықтай жоғары: 6 ғылым докторлары, 35 ғылым кандидаттары және 25 магистр нәтижелі еңбек етуде. Оқытушылар құрамының 50%-дан астамының ғылыми дәрежесі бар. Білім мен ғылым саласындағы жетістіктері үшін факультеттің оқытушылары әртүрлі мемлекеттік наградалардың, сыйақылардың, гранттардың және төсбелгілердің иегерлері атанған:
Мемлекеттік наградалар:
Әбілдаев С.Т. – «Қазақстан тәуелсіздігіне 20-жыл» медалі» – 2011
Төсбелгілер:
Ауелбаев С.Ш. – ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері – 2008, ҚР үздік оқытушысы – 2012
Тажибаев С.Д. – ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері –2008, ҚР ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін – 2003
Ертаев К.Е. – ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері – 2011
Стамбеков Е.Е. – ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері – 2010
Молдабекова А.Ш. – ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері – 2011, ҚР үздік оқытушысы – 2012
Исакова С.А. - ҚР үздік оқытушысы – 2013
Сыйақылар мен гранттар:
Амалбекова Г.Е. – Жамбыл облысы Әкімінің сыйақысы – 2009
Әбілдаев С.Т.- Жамбыл облысы Әкімінің сыйақысы – 2010
Молдабекова А.Ш. – Жамбыл облысы Әкімінің сыйақысы – 2011
Искакова Г.К., Әбілдаев С.Т. – ҚР Президентінің халықаралық сыйақысының иегері – 2012
Муратова Д.Б. – «Ұлттық теңге – тәуелсіздік діңгегі» номинациясы бойынша Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Жамбыл облысы әкімінің сыйақысы – 2011
Молдашева А. Б. – «Қазақстанда жасалған» ҚР Жастар комитетінің сыйақысының иегері – 2010
Құттыбаева Г.Е. – ҚР Президентінің халықаралық сыйақысының иегері – 2014
Назикова Ж.А. – ҚР Президентінің халықаралық сыйақысының иегері – 2014
Молдашева А.Б. - ҚР Президентінің халықаралық сыйақысының иегері – 2014
Тлеубаева С.А. - ҚР Президентінің халықаралық сыйақысының иегері – 2014
Насибуллина А.В. – ҚР Ұлттық бизнес рейтингінің «Ерен еңбегі үшін» медалі – 2014
Назикова Ж.А. - ҚР Ұлттық бизнес рейтингінің «Үздік маман» Ұлттық сертификаты – 2014
Сыртқы академиялық ұтқырлық шеңберінде факультеттегі экономикалық пәндерден дәріс беруге алдыңғы қатарлы жақын және шалғай шетелдік университеттердің ғалымдары шақырылып тұрады. Факультет В Корфантого атындағы Жоғарғы Силезия экономикалық университетімен (Катовице қ., Польша), М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен (Ресей, Мәскеу), «Балыкесер» университетімен (Түркия), Вильнюс университеті (Литва), Қырғыз экономикалық университетімен (Қырғызстан) және т.б. білім беру және ғылыми орталықтармен белсенді қарым-қатынаста. 2008-2013 жылдар аралығында оқу-ғылыми жұмыстарға 14 шетелдік ғалымдар тартылған: С.М.Сидек – Стокгольм университеті (Швеция), Джемаль Окиян – Балыкесир университеті (Түркия), Суйц В.П – М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Вацловас Лацис – Вильнюс университеті (Литва), Арзыбаев А.А – Қырғыз мемлекеттік университеті және т.б.
Факультеттің магистранттары, докторанттары және оқытушылары жыл сайын АҚШ, Германия, Ресей, Қытай, Польша және т.б. жақын және шалғайдағы шетелдердің жоғарғы оқу орындарында біліктілігін арттырады. Экономикалық мамандықтардың студенттері екі жақты келісім-шарт негізінде Түркия, Германия, Ресей және Польшада өндірістік тәжірибеден өтеді.
Факультет құрамында екі ғылыми өндірістік орталық (ҒӨО) жұмыс істейді. Олар: «Аймақтық экономика» ҒӨО және «Креатив» ҒӨО.
Факультетте төрт жыл оқу кезінде студенттер экономикалық ғылымның барлық салалары туралы теориялық біліммен қатар, басқарудың қазіргі заманғы әдісінің, жүйелік талдаудың және экономикалық-математикалық моделдеудің тәжірибелерін меңгереді. Оқу процесі кезінде аудиторияларда және нақты өндірісте қалыптасқан ахуалды талдау терең, әрі жан-жақты жүргізіледі. Нақты өндірістік жағдайлар «іскерлік ойындар» арқылы да жүргізіліп, сол арқылы болашақ мамандар басқару шешімдерін қабылдау әдістерін үйренеді, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларға негізделген оқытудың инновациялық тәсілдері кеңінен қолданылады.
Факультетте қолданылатын оқытудың тиімді тәсілі – бұл дәстүрлі теориялық фундаменталді білім беру мен болашақ мамандықтарға бағытталған арнайы қолданбалы дайындықтың үйлесуі.
Студенттердің сараптау, талдау жұмыстары мен шығармашылық ой-өрісін қалыптастыруына үлкен көңіл бөлінеді. Осының барлығы бітірушілерге кәсіби қызметтің өзгермелі жағдайына тез бейімделуіне мүмкіндік береді.
Соңғы бес жыл бойы факультетте ағылшын тілін еркін меңгерген студенттер үшін 6 профильдік және базалық пәндер бойынша сабақтар ағылшын тілінде жүргізіледі. Сабақты арнайы дайындықтан өтіп, сертификат алған оқытушылар жүргізеді. Сонымен бірге АҚШ, Германия, Қытай, Польша, Ресей және Түркия елдерінде тағылымдамадан өтіп келген оқытушылар тартылады.
Студенттерге қаланың, облыстың, республиканың, жақын және шалғайдағы шетелдердің кәсіпорындарында, ұйымдарында, компанияларында, мемлекеттік мекемелерінде, әртүрлі деңгейдегі банктерінде, фискалды мекемелерінде өндірістік тәжірибеден өту барысында экономикалық және ұйымдастырушылық жұмыстардың әдіс-тәсілдерін меңгеруге мүмкіндіктер берілген.
Әр жыл сайын 10 студент бір семестр бойы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде ішкі академиялық ұтқырлық бойынша білім алады. Академиялық ұтқырлық бойынша студенттердің білім алуы факультеттің білім беру кеңістігін кеңейтіп, бітіруші түлектердің аймақтағы, тіпті елдегі еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Факультеттің студенттері мен магистранттары ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді түрде айналысады. Әр жыл сайын 300-ден аса студенттер мен магистранттар ғылыми-тәжірибелік конференцияларға баяндамаларымен қатысады. Өздерінің ғылыми жобаларымен республикалық және шетелдік конкурстарға да қатысып отырады. (Оңтүстік Корея, Польша, Турция). Өз жобаларын табысты жүзеге асырып жатқан студенттер де бар. Үшінші курс студенті Бижан Жанерке «Сорос Қазақстан» Қорының халықаралық бағдарламасы бойынша конкурсының грантын жеңіп алған. «Туризм» мамандығының студенттері Оңтүстік Кореяда өткен «Орталық Азия мен Африканың әйелдері мен қыздары» форумы конкурсының грантын жеңіп алып, осы форумға қатысып қайтты. Осы мамандықтың студенттері халықаралық DAAD бағдарламасы бойынша 2 апталық оқу-танысу тәжірибесінен өту мүмкіндігіне ие болып, Германияның 4 қаласында білімдерін жетілдіріп, халықаралық көрмелерге қатысты.
«Экономика и бизнес» факультеті Қазақстан бойынша біліктілігі жоғары экономист мамандарды дайындаумен қатар, әр түрлі деңгейдегі халықаралық спорттық жарыстарда ел мүддесін қорғап жүрген студенттер мен магистранттарды даярлап шығаруда. Бұл Еуропа, Азия және әлемдік деңгейдегі олимпиада чемпиондары, халықаралық турнирлер жеңімпаздары, республика чемпиондары боксшылар Бахтияр Артаев, Болат Ниязымбетов, Олжас Саттібаев; шахмат бойынша Қазақстанның және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мадина Даулетбаева, садақ атудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Татьяна Алексеева, таеквондодан халықаралық турнирлердің жеңімпазы, спорт шебері Есмырзаева Альмира, күрес ойыны бойынша спорттық шеберлікке кандидаттар Асылжан Ерманов, Ерназар Токсанбаев және тағы басқа студенттер.
Факультет студенттері облыстық, қала деңгейінде ұйымдастырылатын әлеуметтік-мәдени іс-шараларға, университеттегі жастардың қоғамдық ұйымдарының жұмысына белсенді түрде қатысып отырады: жастар арасында кәсіпкерлікті насихаттауға бағытталған «Enactus-Sife» командасы, «Студенттер Альянсы», «Студенттік парламент», «Жасыл ел» отряды, студенттер құрылыс отряды, т.б. Бүгінгі таңда факультеттің мыңдаған түлектері республиканың түкпір-түкпірінде, жақын және шалғай шет елдерде жемісті қызмет атқаруда. Олардың ішінде университеттің ғана емес, еліміздің мақтаныштарына айналған азаматтар да жеткілікті. Жыл сайын факультеттің 90%-дан астам түлектері сол жылы еңбекпен қамтылады.

Пятница, 21 февраля 2020 10:10

Оқу үрдісі

Оқыту жұмыстары кафедраның запастағы офицерлерді және запастағы сержанттарды даярлаудағы негізгі қызмет түрі болып табылады және бекітілген оқу бағдарламаларға сәйкес «әскери күн» әдісімен өткізіледі, оқу бағдарламалары студенттердің әскери дайындығының ұйымдастырылуын, ғылыми және тәжірибелік мазмұнын, сонымен қатар белгіленген әскери мамандықтар бойынша алатын тиісті теориялық білімін, тәжірибелік дағдыларын анықтайды.

Әскери дайындықтан теориялық және тәжірибелік сабақтар әскери кафедраның оқу материалдық базасын қолдана отырып және Тараз қаласында орналасқан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде өткізіледі.

Күн сайын жеке құрамды сабаққа тарату алдында студенттермен Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы - Ректорымен бекітілген күн тәртібіне сәйкес саптық жаттығу уақыттарында атыс және дене дайындығынан, жаппай жою қаруынан қорғану, жалпы әскери жарғылардан жаттығулар өткізіледі.

uchebnyi process vk14

uchebnyi process vk2

uchebnyi process vk 17

uchebnyi process vk15

uchebnyi process vk3

uchebnyi process vk4

uchebnyi process vk5

uchebnyi process vk6

uchebnyi process vk13

uchebnyi process vk11

uchebnyi process vk16

uchebnyi process vk18

 

 

Пятница, 21 февраля 2020 10:09

ТАРИХИ АНЫҚТАМА

Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты базасында 1963 жылы «Көлік жолдарын соғу және пайдалану бойынша инженер» мамандығы бойынша запастағы офицерлерді даярлау үшін әскери кафедрасы құрылды. Кафедраны ашқан бірінші бастық – полковник ШАМЕС Петр Яковлевич. Ол әскери кафедрада 1963 жылдан бастап 1971 жылға дейін қызмет етті. 
Әскери кафедрасында одан әрі қызмет атқарған бастықтар:
полковник ИВАНОВ Рюрик Александрович – 03.04.71–24.06.74ж. 
подполковник ПЕРЕРВА Николай Яковлевич – 08.05.75–31.12.77ж. 
полковник ЯДРЕННИКОВ Геннадий Алексеевич – 08.09.77–21.05.82ж. 
полковник НЕКЛЮДОВ Виктор Васильевич – 21.05.82–23.01.89ж. 
полковник ВТЮРИН Геннадий Алексеевич – 04.02.89–26.09.90ж.
полковник ПОТАПОВ Анатолий Васильевич – 04.06.91–24.06.93ж.
полковник ИВЛЕВ Александр Александрович – 28.06.93–24.09.2003ж.
полковник САДЫКОВ Аскар Бегайдарович – 24.09.2003–20.12.2013ж.
Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты жанындағы әскери кафедра 1998 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің әскери кафедрасы болып өзгертілді.
Қазіргі кезде М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті әскери кафедрасын полковник МУКУШЕВ Сагат Амангельдиевич басқарады, лауазымға ҚР ҚК БШБ бұйрығымен 2014 жылы тағайындалған.
Жамбыл обылысы бойынша жалғыз әскери кафедра болып табылатын М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті әскери кафедрасына 50 жылдан астам. Әскери кафедрасы құрылғанан бері Қарулы Күштері мен басқада құрылымдар үшін 20 мыңнан астам адам даярлады. Қазіргі кезде әскери кафедра бітірушілерінің көбісі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында қызмет атқарады, сонымен қатар ҰҚК, ІІБ, ТЖ, кеден басқармасы және т.б. орындарда. Әскери кафедрасы инженерлік профилдегі мамандарды даярлауға бағытталған, олар тек ғана Қарулы Күштерінде емес өзге саладада қажетті. Студенттермен сабақтар қазақ және орыс тілінде білікті профессорлық-оқытушы құрамымен жүргізіледі.
Оқу үрдісін сапалы өткізу мақсатында оқу материалдық-техникалық базасы құрылған: атыс тирі, тренажерлар, оқу-ұрыс машиналар паркі, оқу атыс қаруы, инженерлік техника мен мүліктер, спорт және қарауыл қалашықтары, кітапхана, акт залы, оқу сыныптары интерактивтік тақталар және заманауй стендтермен жабдықталған. Әскери кафедра оқу корпусының іргелі жөндеуі жүргізілді, жаңа жиһазбен қамтылды. Бұл жоғары әдістемелік және ұйымдастыру деңгейінде сабақтарды өткізуге мүмкіндік береді.
Әскери кафедрасы әр жылдары әскери-есептік мамандықтар бойынша мамандар даярлады:

1963-1982 жылдары:

  • көлік жолдарын соғу және қолдану бойынша инженерлерді;
  • көлік жолдарында көпір соғу және қолдану бойынша инженерлерді.

1983 жылдан:

  • жол-құрылыс бөлімше командирлері;
  • көпір соғу бөлімше командирлері.

1991 жылдан:

  • жол-құрылыс бөлімше командирлері;
  • көпір соғу бөлімше командирлері;
  • жол-құрылыс және көпір соғу механизация құралдары бөлімшесінің командирлері;

1999 жылдан:

  • жаяу әскер ұрыс машиналарында мотоатқыш бөлімше командирлері; 
  • жол-құрылыс бөлімше командирлері;
  • көпір соғу бөлімше командирлері;
  • жол-құрылыс және көпір соғу механизация құралдары бөлімшесінің командирлері;
  • жол-коменданттық бөлімше командирлері;
  • азық-түлік қызметінің бастықтары;
  • киім-кешек қызметінің бастықтары.

2003 жылдан бастап әскери кафедраға оқуға қабылдау ҚР Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік тапсырысына сәйкес жүргізіледі.

2006 жылдан бастап келесі мамандарды даярлайды:

  • жаяу әскер ұрыс машиналарында мотоатқыш бөлімше командирлерін;
  • жол-құрылыс және көпір соғу механизация құралдары бөлімшесінің командирлері;
  • жол-коменданттық бөлімше командирлері;
  • азық-түлік қызметінің бастықтары;
  • киім-кешек қызметінің бастықтары;
  • сумен қамтамасыз ету инженерлік бөлімше командирлері;
  • инженерлік жол-құрылыс және көпір соғу бөлімше командирлері.

2011 жылдан:

  • жаяу әскер ұрыс машиналарында мотоатқыш бөлімше командирлерін;
  • сумен қамтамасыз ету инженерлік бөлімше командирлері;
  • инженерлік жол-құрылыс және көпір соғу бөлімше командирлері;
  • жол-құрылыс және көпір соғу механизация құралдары бөлімшесінің командирлері;
  • азық-түлік қызметінің бастықтары.

2012 жылдан:

  • сумен қамтамасыз ету инженерлік бөлімше командирлері;
  • инженерлік, жол-құрылыс және көпір соғу бөлімше командирлері;
  • инженерлік-саперлық (инженерлік) бөлімше командирлері;
  • инженерлік бөгеттер және бөгеттерді алу бөлімше командирлері.

2015 жылдан және қазіргі кезге дейін:

  • инженерлік-саперлық (инженерлік) бөлімше командирлері; 
  • инженерлік бөгеттер және бөгеттерді алу бөлімше командирлері;
  • сумен қамтамасыз ету инженерлік бөлімше командирлері;
  • инженерлік жол-құрылыс және көпір соғу бөлімше командирлері;
  • телефонды байланыс құралдары бар бөлімше мамандары;
  • қару-жарақ пен әскери техниканы метрологиялық қамтамасыз ету мамандары.

2018 жылдан

  • автомобиль техникасын пайдалану және жөндеу командирлері;
  • инженерлік-саперлік бөлімшелер, бөлімдер мен құрамалардың командирлері;
  • инженерлік жол-құрылыс және көпір салу бөлімшелері мен бөлімдерінің командирлері;
  • көп мақсатты және арнайы мақсаттағы шынжыр табанды тартқыштар мен транспортерлерді пайдалану және жөндеу командирлері;
  • қару-жарақ пен әскери техниканы метрологиялық қамтамасыз ету мамандары;

2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін

  • автомобиль техникасын пайдалану және жөндеу командирлері;
  • инженерлік-саперлік бөлімшелердің, бөлімдер мен құрамалардың командирлері;
  • инженерлік жол-құрылыс және көпір салу бөлімшелері мен бөлімдерінің командирлері;
  • телефон байланысы құралдары бар бөлімше мамандары;
  • Инженерлік қару-жарақ құралдарын пайдалану және жөндеу командирлері

2021 жылдан запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша мамандар даярлау

  • инженерлік-саперлік бөлімшелердің мамандары;
  • өткел құралдары бөлімшелерінің мамандары;
  • инженерлік барлау бөлімшелерінің мамандары;
  • автомобиль қызметі бөлімшелерінің мамандары;
  • автомобиль техникасын диагностикалау және жөндеу жұмыстары бөлімшелерінің мамандары;

Азаматтарды запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери қызметке әскери даярлау Қазақстан Республикасының әскери оқытылған резервін қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері (бұдан әрі – ҚР ҚК) офицерлер құрамының бастапқы лауазымдарын қосымша жасақтау мақсатында алатын жоғары кәсіптік білім негізінде әскери-есептік мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.

Азаматтарды запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери қызметке әскери даярлау Қазақстан Республикасының әскери оқытылған резервін қалыптастыру, сондай-ақ ҚР ҚК сержанттар құрамының лауазымдарын қосымша жасақтау мақсатында әскери-есептік мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.

Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық мемлекеттік білім тапсырысы және ақылы негіздерде жүзеге асырылады, ақылы негізде оқыту құны мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыту құнынан аспайды. Запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери дайындық ақылы негізде жүзеге асырылады.

Студенттерді запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша ақылы негізде оқыту үшін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының (бұдан әрі – ЖЖООКБ) басшысы ҚР ҚМ-мен келісу бойынша басқа ЖЖООКБ-лардың студенттерін әскери кафедрада оқытуға жібереді.

Запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша оқыту үшін әскери кафедралары бар ЖЖООКБ басшылары басқа ЖЖООКБ-лардың студенттерін оқытуға жібереді.

 Конкурсқа қатысуға конкурс өтетін жылы 24 жастан аспайтын студенттер жіберіледі.

Әскери кафедрада оқыту үшін студенттерді іріктеуге конкурс төрт кезеңде жүзеге асырылады:

  • бірінші кезең – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі №373 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережеге (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген) сәйкес медициналық куәландырудан өту;
  • екінші кезең – кәсіби-психологиялық тестілеу жүргізу;
  • үшінші кезең – дене шынықтыру дайындығын тексеру;
  • төртінші кезең – ЖЖООКБ басшысы жасайтын және бекітетін рейтингілік балл есебіне сәйкес жүзеге асырылатын конкурстық іріктеу.

Конкурстың әрбір кезеңінен бір рет өтуге жол беріледі.

Іріктеу комиссиясының жұмыс істеу регламентін академиялық күнтізбеге сәйкес ЖЖООКБ басшылығы айқындайды.

Іріктеу комиссиясының жұмысы ЖЖООКБ-ның академиялық күнтізбесіне сәйкес жазғы сессия аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей басталады.  

Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар бірінші (4 жылдық оқумен) және екінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады.  

Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар бірінші, екінші (4 жылдық оқумен) және бірінші, екінші, үшінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады.

Әскери дайындық ЖЖООКБ-да оқу аяқталғанға дейін бір жыл бұрын оқу-жаттығу жиынымен (кәсіби практикамен) аяқталады.

Әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент келесі құжаттарды қоса берумен өтінішті ресімдейді:    

  1. Өтініш.
  2. Жеке куәлік (түпнұсқасы мен көшірмесі).
  3. Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы мен көшірмесі).
  4. Көлемі 3х4 см 2 фотосурет.
  5. Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама.
  6. Спорттық жетістіктерді (бар болған кезде) растайтын құжат.
  7. Студенттің ЖЖООКБ-да нақты оқитыны туралы факультет деканы қол қойған анықтама.

Медициналық куәландырудан өту үшін студенттерге әскери кафедрада ресімделген медициналық куәландыру карталары беріледі. Студенттерді медициналық куәландыру жергілікті әскери басқару органдарында қабылдау жылының 1 ақпанынан бастап жүргізіледі. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін медициналық куәландыру нәтижелері іріктеу комиссиясының жұмысы басталғанға дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей әскери кафедраға ұсынылады.

Медициналық куәландырудан өтпеген студенттер конкурсқа жіберілмейді.

Студенттердің дене шынықтыру дайындығы дене шынықтыру бойынша нормативтерді тапсыру нәтижелерімен бағаланады. Үш нормативті тапсыру сомасы бойынша 8 балл жинамаған студенттер конкурс кезеңінен өтпеген болып саналады.

Студент ер балалар үшін дене шынықтыру бойынша нормативтер

р/с

Бақылау жаттығулары

Балл

«5»
(өте жақсы)

«4»
(жақсы)

«3»
(қанағаттанарлық)

1.

100 м (с) жүгіру

14,2

14,5

15,0

2.

3000 м (мин) жүгіру

13,00

15,00

16,00

3.

Биік белтемірде тартылу (саны)

12

10

8

Студент қыздар үшін дене шынықтыру бойынша нормативтер

р/с

Бақылау жаттығулары

Балл

«5»
(өте жақсы)

«4»
(жақсы)

«3»
(қанағаттанарлық)

1.

100 м (с) жүгіру

16,0

16,5

17,0

2.

2000 м (мин) жүгіру

10,00

11,3

12,2

3.

Шалқасынан жатқан күйде қолын желкесіне қоюмен денені көтеру (саны)

25

20

15

Студенттерді кәсіби-психологиялық тестілеу ЖЖООКБ-ның компьютерлік сыныптарында жүргізіледі және ол ынталылық, күйзеліске төзімділік, сыни тұрғыдан және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды.

Іріктеу комиссиясының отырыстары іріктеу комиссиясының төрағасы бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі және «әскери дайындыққа жіберілсін», «ақылы негізде оқу үшін ұсынылсын», «бас тартылсын» деген шешімдердің бірін қабылдаумен хаттама ресімдеумен сүйемелденеді.

Шешім қарапайым көпшілік дауыс берумен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда іріктеу комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Тегін негізде оқу үшін әскери кафедраға бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейін рейтингіде тұрған студенттер жіберіледі.

Конкурс нәтижелері іріктеу комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін келесі күні сағат 17.00-ге дейін әскери кафедраның ақпараттық стендіне орналастырылады.

Әскери кафедраға запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқуға түскен студенттердің тізімі

Әскери кафедраға запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқуға түскен студенттердің тізімі

 

 

Пятница, 21 февраля 2020 10:05

Байланыс ақпараты

«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ

ӘСКЕРИ  КАФЕДРА

voennaya kafedra korpus1

voennaya kafedra korpus2


Электронды пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі, 62
Телефондар:
әскери кафедра бастығы – 8(7262) 45-33-23 (факс)
әскери кафедра бастығының орынбасары – 8(7262) 43-34-61
әскери кафедра кезекшісі – 8(7262) 45-66-19

Страница 416 из 452
Top