ЖЕҢІМПАЗ БОЛҒАН ҚОС БАТЫРЫМЫЗДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Дулати университетінің студентттері армрестлингтен Азия чемпионатынан қос күміспен оралды.

65 кг. салмақта білек сынасқан «Дене тәрбиесі» мамандығының 3-курс студенті Хабиев Адам қос қолда да екінші орын иеленсе, осы мамандықтың 2-курс студенті Джидебаев Аят 70 кг. салмақ дәрежесінде күміс алқа иегері атанды.

Алматы облысының Жанашар қаласында өткен армрестлингтен Азия чемпионатына Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Иран, Түркіменстан және Моңғолиядан 600-ден астам спортшы қатысты.

Азия біріншілігі мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өтті.
Жеңімпаз болған қос батырымызды құттықтаймыз!!!

Top