Университет қабырғасында Ғылым және коммерцияландыру департаментінің бастамасымен бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) аясында өңір кәсіпкерлеріне арналған оқу курстары ұйымдастырылды.
Курстың мақсаты - өңір кәсіпкерлеріне заманауи ғылыми жетістіктер негізінде өндірістік дағдыларды меңгеруге жағдай жасау. Ғылым мен бизнестің тиімді ықпалдастығын қамтамасыз ету арқылы технологияларды трансферттеу және өңірлік экономиканың дамуына үлес қосу.
Курс барысында қатысушыларға заманауи ғылыми жетістіктер негізінде өндірістік дағдыларды меңгеруге мүмкіндік берілді.
Курс аясында келесі бағыттар бойынша теориялық дәрістер, зертханалық жұмыстар және практикалық сабақтар кешені жүргізілуде:
- «Азық-түлік өндірісінің заманауи тәсілдері: ғылымнан тәжірибеге дейін»;
- «Биочарды өндіру мен қолданудың озық технологиялары және өсімдік шаруашылығында органикалық өнім өндіруді ұйымдастыру»;
- «Тоқыма және аяқ киім: бірегей бұйымдарды жасау өнері».
Сабақтарды университеттің тәжірибелі профессор-оқытушылар құрамы өткізіп, қатысушыларға ғылыми білім мен кәсіби тәжірибені ұштастыруға ықпал етті.
Курс соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.