Қазақстандағы АҚШ елшілігінің өкілдері Дулати университетіне келді

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде Қазақстандағы АҚШ елшілігінің өкілдерімен кездесу өтті. Делегация құрамында қоғаммен байланыс жөніндегі қызметкердің міндетін атқарушы Деже Холмс және ресурстар жөніндегі үйлестіруші Жанайдар Дүзгенбай болды.

Қонақтарды Басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Орынбаев Сейтжан Әуесжанұлы қабылдады.

Кездесудің мақсаты – екіжақты ынтымақтастық орнату, 2025–2026 оқу жылына арналған Фулбрайт ағылшын тілі ассистентін Дулати университетіне шақыру және оның жұмыс жоспарын нақтылау.

Келіссөз нәтижесінде, 2025–2026 оқу жылына арналған Фулбрайт ағылшын тілі ассистенті Дулати университетіне бекітілді. Ол «Әлем тілдері» және «Шетел филологиясы» кафедраларында жұмыс істейді. Сонымен қатар, басқа факультет студенттері үшін ағылшын тілінде тегін сөйлесу клубтарын (speaking club) және оқыту семинарларын өткізеді.

Аталған бағдарлама АҚШ мемлекеттік департаментінің Білім және мәдениет мәселелері жөніндегі бюросының қаржыландыруымен жүзеге асырылады.

америка1111

 

Read 27 times
Top