ӘСКЕРИ САЛАСЫНДА ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН-АЛУ ЖОЛДАРЫ

2021 жылдың 08-қантарында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасының ұйымдастыруымен әскери оқу-жаттығу құрамында жүрген студенттерге ZOOM платформасы арқылы дін саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл кездесуге Дінтану орталығының жетекшісі, дінтанушы-магистр Б.Қ.Алпысбаев қатысып, өз баяндамасында: «...еліміздің  егеменді  мемлекет  ретінде қалыптасуының сипаты халықтың рухани, адамгершілік, имандылық  көзқарасы, жастар арасындағы білім мен тəрбиеге байланысты болады. Ата-бабаларымыздың болашақ ұрпақтың өмірлік  бет-бағдарын қалыптастыруға, яғни олардың  бойында ерік, жігер, табандылық, тұрақтылық қасиеттерінің болуына үлкен мəн берген...» дей келе, ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында діни экстремизмнің алдын-алу жолдардың бірі - өз уақытында шынайы мәлімет беру. Діни ағымдардың қаупі және олардың белгілері туралы жастарға көбірек ақпараттар берілсе, радикалдық діни топтардың қатарына кете қоймайды. Іс-шараның соңында бейнеролик көрсетіліп, сұрақ-жауап ретінде жалғасты.

Read More

ОРТА МЕКТЕПТЕРДЕ ӨТІЛЕТІН «ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДІНТАНУ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІНІҢ САПАЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

2021 жылдың 25-29 қантар аралығында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен №36, №3, №5 орта мектептерінің 9-11 сынып оқушылары мен «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдеріне дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу өтілді. Аталған кездесуге Жамбыл облыстық және Тараз қалалық дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі ретінде, дінтанушы Б.Қ.Алпысбаев шақырылып, ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарымен таныстырып өтті. ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру барысында «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің сапалық жүйесін жақсарту, жастардың діни сауаттылығын қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу мақсатында ағартушылық жұмыстарды жаңғырту және интернет-желісінде күмәнді діни парақшалардан сақ болу туралы оқушыларға кеңінен түсіндірілді. ҚР «діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңға байланысты сұрақтар қойылып, өзекті жауаптар берілді.

Read More

ТАРАЗ ҚАЛАСЫ, ЖАМБЫЛ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНДЕ ӨТІЛГЕН ОНЛАЙН СЕМИНАРДЫҢ АҚПАРАТЫ

2021 жылдың 27-қантарда Жамбыл инновациялық колледжінде «Теріс пиғылды діни ағымдар» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу ұйымдастырылды. Аталған кездесуге  М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Дінтану орталығының жетекшісі Б.Қ.Алпысбаев баяндамашы ретінде қатысып, қоғамдағы дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалынан сақтану жолдарына байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ислам бағытындағы жат діни ағымның идеологиясы демократиялық мемлекеттің зайырлылық принциптеріне, ханафи мазхабына, дәстүрлі қоғамның құндылығына қарама қайшы пікірлері бар екендігі және интернет желісінде олардың діни мазмұндағы үгіт-насихатын бөлісуге, тындауға және таратуға мүлдем болмайтындығы туралы кеңінен ақпараттар айтылды. Соңында сұрақ-жауап ретінде жалғасты. Барлығы қатысқан адам саны - 44.

Read More

«ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ – ӘЛЕМГЕ ТӨНГЕН ҚАУІП» ТАҚЫРЫБЫНДА ДІН САЛАСЫНДА КЕЗДЕСУ

2021 жылдың 11-қантарда Мектеп олимпиадалар және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық «Жамбыл дарыны» орталығының КММ ұйымдастыруымен «Діни экстремизм мен терроризм – әлемге төнген қауіп» тақырыбында дін саласында кездесу өткізді. Бұл кездесуге Дулати университетінің Дінтану орталығының бас маманы, дінтанушы Б.Қ.Алпысбаев баяндамашы ретінде шақырылып, оқушыларға діни экстремизмнің қауіп-қатерінен және интернет-желісінде радикалдық діни идеяны астарлы түрде насихаттайтын  діни ағымдардың парақшаларынан сақ болуға шақырды. Жастардың бойында ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды қалыптастыру, діни экстремизмнің алдын-алу профилактикалық жұмыстарды күшейту мәселесі өте өзекті.

Read More

ZOOM ПЛАТФОРМАСЫ АРҚЫЛЫ ДІН САЛАСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

2020 жылдың 23-желтоқсанда Дулати университеті «Мұнай, газ және механика» факультетіне қарасты «Электрэнергетика» кафедрасының аға оқытушысы Ғани Құттыбаев Үсенұлының ұйымдастыруымен 1-курс студенттеріне және топ кураторларына ZOOM платформасы арқылы дін саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл іс-шараға Дінтану орталығының бас маманы, дінтанушы-магистр Б.Қ.Алпысбаев қатысып, қоғамдағы дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалынан сақтану және алдын-алу жолдарына байланысты  ғылыми танымда рухани иммунитетті арттыратын бағыттарды тоқтатпау керек екендігін атап өтті. Рухани дүниетанымы, ой-санасы ұлттық құндылықтардан нәр алып  өз тарихын, мәдениетін білген жас ұрпақ,  өзге радикалдық діни ағымның қатарына кете қоймайды. Соңында сұрақ-жауап ретінде жалғасты.   Барлығы қатысушылар саны – 23.

Read More

«ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН СУИЦИДТІҢ АЛДЫН-АЛУ ЖОЛДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОНЛАЙН ФОРМАТТА ІС-ШАРА ӨТІЛДІ

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизм мен суицидтің алдын-алу жолдары» тақырыбында онлайн форматта іс-шара өтілді. Аталған іс-шараға Дулати университеті Дінтану орталығының бас маманы Б.Қ.Алпысбаев қонақ ретінде шақырылып, мекеме қызметкерлеріне дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Онлайн форматта барлық қалалық, аудандық өрт-сөндіру бөлімшелері қатысты. Дінтанушы Б.Алпысбаев өз сөзінде: ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы, ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған бағдарламаның бағыт-бағдарларын жүзеге асыру мақсатында қоғамдағы әсіресе, әскери саласында діни экстремзимнің алдын алу профилактикалық жұмыстарын тоқтатпау керектігін атап өтті.  Іс шара соңында сұрақ-жауап ретінде жалғасын тапты.

Read More

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Филология және журналистика» кафедрасының аға кураторы Айгул Ануарбекованың ұйымдастыруымен 1-курс студенттеріне ZOOM платформасы арқылы дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараға Дінтану орталығының бас маманы, дінтанушы Б.Алпысбаев қатысып, дәстүрлі емес діни ағымдардың қауіп-қатері, олардың қоғамға тигізетін кері әсері және сақтану жолдары туралы ақпараттар айтылды. Сонымен қатар, кураторлар мен студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға толықтай ғылыми танымда жауаптар берілді. Жалпы қатысқан студенттер саны -49.

Read More

«ДІН-ТӘРБИЕНІҢ РУХАНИ ТІРЕГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТІЛДІ

2020 жылы 11-қарашада Ұстаз институты «Филология» мамандығының топ кураторы Алия Түймебекованың ұйымдастырумен 3,4-курс студенттеріне арналған ZOOM платформасы арқылы «Дін-тәрбиенің рухани тірегі» тақырыбында кездесу өтілді. Аталған кездесуге Дінтану орталығының бас маманы, Б.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде шақырылып,  еліміздің дін саласындағы мемлекеттік саясатының бағыт-бағдарын жүзеге асыруына байланысты және жат діни ағымдардан сақтану жолдары туралы сұрақ-жауап ретінде өз пікірмен бөлісті. Қатысқан студенттер саны- 18.

Read More

«ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ДІНИ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ZOOM ПЛАТФОРМАСЫ АРҚЫЛЫ ОБЛЫСТЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

2020 жылдың 05-қарашада  Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Жалпы орта білім мекемелерінде діни сауаттылықты қалыптастырудың негіздері мен перспективалары» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы облыстық дөңгелек үстел өткізді.

Read More

ОҚЫТУ КУРСЫ ЖҮЗЕГЕ

2020 жылдың 03-қарашада «Қазақстан Республикасындағы Лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін даярлау және қайта даярлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру»  гранты аясында  қазақ және орыс тілдерінде жоғары кәсіби тренерлерді тарта отырып, оқыту курсы жүзеге асырылды. Аталған іс-шараға облыстық дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топ мүшесі ретінде Дулати университеті Дінтану орталығының бас маманы Б.Қ.Алпысбаев қатысып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мүшелерінің құзыреттілігі мен әлеуетін арттыру және профилактикалық жұмыста инновациялық тәсілдерді қолдану бағыттарымен танысты.

Read More
Top