Super User

Super User

Четверг, 26 мая 2022 10:32

МАҚАЛА ЖАЗУ МАШЫҒЫ

Бүгін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттік телестудиясында шеберлік сағаты өтті. Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті "Филология және журналистика" кафедрасы Жас журналистер клубының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға облыстық "Арай" газетінің бас редакторының орынбасары Жасұлан Сейілханов қатысып, журналистика мамандығы бойынша білім алып жатқан 1,2-курс студенттеріне "Мақала жазу машығы" тақырыбында дәріс оқыды.

Кездесу барысында әскери журналистика мен спорт журналистері туралы сұрақтар қойылып, кәсіпке адалдық, баспасөздің болашағы мен әмбебап маманға деген сұраныс жайлы әңгіме өрбіді.
Болашақ журналистер өз ойымен бөлісіп, еркін сұқбаттасты. Сондай-ақ шеберлік сағатына мектеп оқушылары да қатысты.

27 мамыр күні Тараз қаласы мен аудандарда сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде жастарды жұмыспен қамту мәселелері, оқу орындарында көрсетілетін жеңілдіктер бойынша кеңес беріледі.

Өтетін орны: Тараз қаласы, «Жастар» аллеясы. (Сүлейменов пен Желтоқсан көшелерінің қиылысы).

Өз мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмаңыздар!

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Педагогикалық психология» кафедрасының доцент м.а., PhD Эльмира Айтенова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жариялаған постдокторлық бағдарлама конкурсының стипендиаты (17.05.22ж. №06-03-02/62 бұйрығымен) атанды.
Стипендиаттың болашақ педагогтерді кәсіби іс-әрекетке даярлау аясындағы ғылымға қосқан үлесі арта берсін. Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз! Кәсіби және ғылыми-зерттеу ізденісінде шығармашылық табыстар тілейміз!

Среда, 25 мая 2022 05:15

Құттықтаймыз!

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушы Аслан Мурзахметовті философия докторы  PhD дәрежесін алу үшін «6D070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша диссертациясын сәтті қорғады!

т/б «Ақпараттық тенологиялар» факультеті

«Ақпараттық жүйелер» кафедрасы.

Среда, 25 мая 2022 05:20

Поздравляем!

Старшего преподавателя кафедры «Информационные системы» Мурзахметова Аслана Нурбековича с успешной защитой диссертации на соискание степени  доктора философии PhD  по специальности «6D070300-Информационные системы»

с/п факультет «Информационных технологий, кафедра «Информационные системы»

III-ий Международный студенческий фестиваль-конкурс моды

«БАБАЛАР МҰРАСЫ-2022» - «НАСЛЕДИЕ ПРЕДКОВ-2022»

(г.Тараз, Республика Казахстан)

20.05.2022г.

Дипломдар, жүлделі орындар

Номинациялар бойынша дипломдар

Сертификаттар

Алғыс хаттар

Бас-жүлде:

Пернебек Альфия, Наурызбаева Мадина, Айдаралы Айдана, Бейсеғұл Айым.

Ғылыми жетекшілер: Келесова Уржамал, Жаппарова Акмарал, Каликулова Айнур

Мемлекет басшысы ұсынған саяси реформаларға сәйкес Конституцияға қандай өзгерістер енгізу ұсынылып отырғандығынан тұрғындар толық хабардар болуы тиіс. Сонда ғана қоғамда кереғар пікір туындамайды. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректоры, облыстық референдумды қолдау тобының мүшесі Талғат Ешенқұлов «Қазпошта» АҚ-ның өңірлік филиалының қызметкерлерімен кездесуде осыны айтты.

Кездесуде Талғат Ілиясұлы 5 маусымда өтетін республикалық референдумға дайындық пен ұсынылып отырған өзгерістерге тоқталды. Конституцияға енгізуге ұсынылған өзгерістермен таныстырып, референдумда азаматтық белсенділігін таныту – ел азаматтарының міндеті екенін атап өтті.

– Жалпы Ата Заңдағы 98 баптың 33-іне өзгерту ұсынылып отыр. Бұл елдегі саяси реформаларға құқықтық негіз береді. Өзгеріс өзімізге керек. Конституциямызға енгізілетін өзгерістерді бекіту үшін өтетін референдумның мәні мен маңызы осында. Елдегі реформаларға құқықтық негіз болатын өзгерістер халық талқысына салынып отыр. Ендеше, оны қолдап, дауыс беру – елге жүктелген жауапкершілік. Тәуелсіз Қазақстанның ең басты құжаты – Конституциясы, - деді Талғат Ілиясұлы байланыс саласының қызметкерлерімен кездесуде.

Жиын соңында спикер «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының қызметкерлері 5 маусымда референдумға қатысып, ел ертеңі үшін таңдау жасауға шақырды.

2 2

3 2

Вторник, 24 мая 2022 04:04

Референдум – жаңару жолы

Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстан Республикасының  Конституциясына  өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында қарастырылған өзгерістерге байланысты таңдау жасау жауапкершілігі – халықта. Сондықтан 5 маусымда өтетін референдумда тұрғындар азаматтық белсінділіктерін танытуы тиіс. Себебі саяси реформа – елдегі үлкен өзгерістердің бастауы.

Қазір  барлық өңірде 5 маусымда өтетін республикалық референдум өткізуге байланысты түсіндіру мен дайындық жұмыстары жүргізілуде. 19 мамыр күні М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде, «Ақпараттық технологиялар» факультетінде «КОНСТИТУЦИЯ – 2022: Жаңарудың жүйелі жолы!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Қолданбалы математика және статистика» кафедрасы ұйымдастырған дөңгелек үстелге референдумды қолдау жөніндегі облыстық қоғамдық штабтың төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Амангелді Кәрентаев және ардагер журналист Тұрсынхан Толқынбайұлы қатысты.

2

Штаб төрағасы А.Карентаев басқосуда Конституцияға енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер туралы нақты түсіндіріп берді. Ардагер журналист Т.Толқынбаев өз сөзінде жастарға жаңалықтарды сенімді ақпарат құралдарынан оқып-білу керектігін және болашақ білімде екендігін айтып өтті.  

Оқытушылар мен студенттер сұрақтар қойып, ой-пікірлерін айтып, референдумға байланысты маңызды мәселелер талқыланды.

Нәтижеде әрбір қатысушы референдумның Жаңа Қазақстанды құрудағы маңызды рөлін түсініп, таңдау жасауға дайын екендіктерін жеткізді.

3

Жастарды үміттендіретіні – елдегі саяси реформалардың ең алдымен басқару жүйесіне өзгеріс әкелетіндігі болып отыр. Ал саяси жүйе өзгерсе, басқа салаларға серпін әкелері сөзсіз. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері, болашақ журналистер «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы, республикалық референдумды қолдау штабы мүшесі Берік Уәлимен кездесуде тек тыңдаушы ғана емес, белсенді азаматтық ұстанымы бар азамат екендіктерін көрсетті.

Кездесуде Дулати университетінің академиялық қызмет жөніндегі проректоры Гүлвира Мұсабекова еңбек нарығында журналистика саласына қажетті маман даярлауда өңірлік университеттің елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті. Осы оқу жылында көптеген талапкердің осы білім ордасын дәл осы мамандықтың қыр-сырын оқып үйрену үшін таңдағананына тоқталды.

3

«Amanat» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Дауыл Бейсенқұлов бүгінгі кездесудің мәні мен маңызына тоқталып, 5 маусым күні өтетін референдумның ерекшелігін атап өтті.

Болашақ журналистердің «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы Берік Уәлидің әңгімесі ашық өрбіді. Спикердің елдегі жүргізіліп жатқан саяси реформалардың мәні мен маңызын күнделікті тіршіліктегі жайттармен, өңірдің тыныс-тіршілігімен байланыстыра отырып айтқан әңгімесін ынтамен тыңдады.

– Конституцияға енгізілгелі отырған өзгерістерде мемлекеттің басты капиталы – халқы және елдің, жердің иесі де сол халқы екенін айқындайтын басымдықтар бар. Жалпы Ата Заңдағы 98 баптың 33-і өзгерту ұсынылып отыр. Бұл елдегі саяси жүйені құқықтық тұрғыда бекітетін қадам, - дей келе Берік Уәли конституциялық реформалардың нақты қанда өзгерістер әкелетініне тоқталды. Сайлау жүйесінде пропорционалды, можаритарлы жүйенің қатар жүретінін, енді ел азаматтары Парламент Мәжілісіне, әр деңгейдегі мәслихаттарға сайлануы үшін өз бағдарламасын жасай отырып, өзін ұсына алатынын атап өтті.

2

Студенттердің Берік Уәлиге қояр сауалы да көп екен. Олар спикерден Президент қасында жұмыс істеудің қаншалықты қиын екенін сұрады. Референдум туралы қоғамдағы кереғар пікірлерге қалай жауап беру керегін білгісі келген жастар да болды.

Кездесуде Берік Уәли болашақ журналистерге кәсіби кеңес берді. Теориялық білімді практикамен ұштастырудың маңызды екенін айтты. Өңірдегі тәжірибелі тілшілермен кездесу өткізудің практикалық сабақтың рөлі зор екендігін әңгімеледі. Жалпы біздің қоғамда қаламгерлердің әлеуметтік мәртебесі қорғалмағанын айтып, бұл туралы Президент алдында көтергенін атап өтті. Журналистерді қолдауға бағытталған ұйым құрып жатқанын жеткізді.

– Журналистерді қолдау жөнінде ұйым құрып жатырмын. Бұл туралы осыған дейін айтқан жоқ едім. Бүгінде оның құжаттары әділет органдарында қаралып жатыр. Ұйым, әлде қор елдегі журналистердің құқықтарын қорғау,  оларға әлеуметтік қолдау көрсетумен айналысатын болады, - деді ол.

4

5

6

Страница 155 из 453
Top