Super User

Super User

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Ұстаз институты «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен «Алаш рухани кеңістігінің кемеңгері» атты республикалық семинар өтті.

Семинарға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессор-оқытушылары, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, ф.ғ.д., профессор Мекемтас Мырзахметұлы, Нұр-Сұлтан қаласындағы Еуразия Ұлттық университетінің тәрбие және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры, ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор Дихан Қамзабекұлы, Дулати университетінің профессоры ф.ғ.д., профессор Айгүл Үсен, Алматы қаласындағы «Ұлттық метатаным» педагогикасы негізіндегі Республикалық жекеменшік ұйымдар қауымдастығы білімді дамыту институтының директоры Ерұлан Жиенбаев, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Шара Қияхметова, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры ф.ғ.к., децент Анар Фазылжан, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің басшысы Шахризада Өсерова, Ұстаз институтының директоры Орынқыз Джолдасава, орта мектептердің мұғалімдері, магистранттар мен студенттер қатысты.   Ұлт ұстазының рухани мұраларын ұлықтауға арналаған аталмыш іс-шараның модераторы университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Гүлвира Мұсабекова алғы сөз алып А.Байтұрсынұлының шығармашылығы жайлы айтты. Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Тұрсынай Абдықадырова А.Байтұрсынұлының шығармашылығындағы әлі де болса толық зерделенбей жатқан дүниелердің бар екендігін, ұлы ұстаздың рухани мұраларын жас ұрпаққа әр қырынан танытуға бағытталған іс-шараларды алдағы уақыттарда да жалғасын табатындығына ерекше тоқталып, семинар жұмысын қорытындылады.

Ұлт көсемінің рухани әлемін тыңғылықты талдау мен түсіндіруге арналып үш жарым сағат уақытқа созылған семинарға қатысушылар   А.Байтұрсынұлының ғалымдық жолындағы феноменін жете түсініп, тың мәліметтермен танысып, ұлттық дүниетанымдары кеңейе түсті.

WhatsApp Image 2022 05 12 at 16.38.55

WhatsApp Image 2022 05 12 at 16.38.551

WhatsApp Image 2022 05 12 at 16.38.56

В Таразском региональном университете им.МХ.Дулати 12 мая 2022 года проведена  ярмарка вакансий «Молодой специалист-2022».

Организатором ярмарки является Центр карьеры и профессионального развития ТарРУ им. М.Х. Дулати. На мероприятие были приглашены руководители и представители предприятий, организаций и учреждений Жамбылской области, студенты выпускных курсов.

Представители ЖФ РГП «Казводхоз» заместитель директора Зарубаева Г.Г. и начальник отдела управления персоналом Ильясова Ж.Н. предоставили студентам-выпускникам необходимую информацию по имеющимся на сегодняшний день вакансиям и вопросам трудоустройства.

Еңбек нарығында қандай кадрларға сұраныс көп? Қай мекемелерде бос жұмыс орындары бар? Бірер айда қолға диплом алатын жас мамандарды толғандыратын сұрақтар осы. Бұл ретте М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастыратын «Бос жұмыс орындары: «Жас маман – 2022» жәрмеңкесі нағыз ізгенге – сұраған бағдар болды.

Жұмыс жәрмеңкесіне Дулати университетінде даярланатын мамандықтарға сәйкес өңірдегі ірі жұмыс беруші кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары шақырылды. Жалпы биыл университеттен бакалавриат бойынша 2796 түлек түлеп ұшқалы отыр. Оның 1518-і педагог мамандар. Сондықтан жас мамандардың облыстық білім басқармасынан келген өкілдерге қояр сұрағы көп болғаны түсінікті.

– Бос орындар жәрмеңкесі – еңбек нарығының мамандарға деген қажеттілігін айқындау үшін, жұмыс берушілермен және әлеуметтік әріптестермен байланыс орнатудың тиімді тетігі. Біздің мақсат – жастарды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша ортақ диалог алаңын құру, оларға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы керекті ақпарат алуына қолайлы жағдай жасау.

Университет тарапынан ұйымдастырылатын жұмыс жәрмеңкесі – жастар түлектер арасында жұмыссыздық мәселесін оңтайлы шешудің жолы болып отыр десек, артық айтпаймыз. Өткен оқу жылында университетті 2491 студент тәмәмдап, олардың 77 пайызы жұмысқа орналасқаны – осы сөзіміздің дәлелі. Жыл өткен сайын статистикалық көрсеткіштердің оң сипат алып келе жатқаны қуантады, - деді жұмыс жәрмеңкесінің ашылу салтанатында Дулати университетінің инфрақұрылымдық дамыту жөніндегі проректоры Бекет Алиғожин.

Ақпарат алмасу үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің жас мамандарға ғана емес, жұмыс берушілерге де берері көп. Мәселен, биылғы түлектердің 50 пайыздан астамы педагогтар. Ал өңірде маман тапшылығы бар аудандар бар. Жәрмеңкеге келген облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов осы мәселелерді қозғады.

Дулати университеті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізуді дәстүрге айналдырғалы бері өңірдегі бірқатар ірі өндіріс орындары мен мекемелердің басшылары қолдау көрсетіп, бүгінде сенімді әлеуметтік серіктестерге айналды. Іс-шара соңында проректор Бекет Қабиденұлы ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастығы үшін жұмыс берушілерге ризашылығын білдіріп, 10-нан астам әлеуметтік серіктесті Алғыс хаттармен марапаттады.

2

3

4

 

Среда, 11 мая 2022 13:36

Марапаттау

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай запастағы полковник К.Ш. Сағымбаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығымен жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жұмыстарына елеулі үлес қосқаны үшін грамотамен марапатталды.

Среда, 11 мая 2022 13:32

Награждение

В честь 30-летия образования Вооруженных Сил Республики Казахстан командующим регионального командованием «Юг» полковник запаса Сагимбаев К.Ш. был награжден грамотой за участие в военно- патриотическом воспитании молодежи.

«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті КЕАҚ «Аудит және салық салу» бағытында жоғары білімді бакалавр және магистр мамандарын даярлаумен айналысатын ауқымды білім ордасы саналады.

Білім берудің заманауи ерекшеліктеріне байланысты «Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы №50 бұйрығы мен 2020 жылы 23 желтоқсанда Директорлар кеңесімен бекітілген 2020-2025 жылдарға арналған «Даму» бағдарламасына сәйкес студенттер тәрбиесі мен тәжірибесіне бағытталған оқытуды күшейту, атап айтқанда тәжірибелі мамандарды тарту, дуальді оқыту, кафедра филиалдары жүйесін дамыту қарастырылған, сәйкесінше дуальды білім беру элементтерін оқу процесіне енгізу аймақта жоғары білікті әрі сұранысқа ие мамандарды даярлап шығару, әрі студенттер мен оқытушы құрамының білікті болуына ықпал ету барысында, тәжірибесі мол мамандардан іс жүзінде тәжірибелік дәріс алу, теория мен тәжірибе ортасын етене жақындату болып табылады. Бүгінгі заман талабына сай бухгалтерлік есеп пен салық есебі халықаралық стандарттар бойынша жүргізілуде, сондықтан қыры мен сыры көп қаржылық есеп бойынша есептілік жүргізу саласында болып жатқан өзгерістер мен толықтыруларды меңгеру мақсатында, 2022 жылдың 05 мамыры, сағат 10-00 де, 2.6.319 аудиторияда «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы  М.Әбдіманаповтың «Қаржылық есептің халықаралық стандарттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, және есеп жүргізу бағытындағы басқа да заңдылықтар» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға «Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушылары мен студенттер қатысып, ұйымдастырушыға сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды.

«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ 2022 жылдың 26-27 сәуірінде ,Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен іс-шаралар шеңберінде, 5B012000-Кәсіптік оқыту білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің ХIV Республикалық пәндік олимпиадасына, М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті КеАҚ,«Өнер және спорт» факультеті, «Музыка және қолданбалы өнер» кафедрасынан п.ғ.м., аға оқытушы Таттибаева Гулжан Берликовнаның ғылыми жетекшілігімен, 5В012000 –«Кәсіптік оқыту» мамандығының
ПО-18-1 тобының 4-курс студенттері:

Среда, 11 мая 2022 13:22

Поздравляем с победой!

НАО «Казахский национальный женский педагогический университет»
26-27 апреля 2022 года в рамках мероприятий, утвержденных Министерством образования и науки Республики Казахстан, провел ХIV Республиканскую предметную олимпиаду среди студентов высших учебных заведений по образовательной программе 5В012000-«Профессиональное обучение». В олимпиаде приняла участие команда НАО «Таразский региональный университет имени М. Х. Дулати» факультета «Искусство и спорт», кафедры «Музыка и прикладное искусство», по специальности 5В012000-«Профессиональное обучение» под научным руководством м.п.н., старшего преподавателя Таттибаевой Гулжан Берликовны.

Страница 158 из 453
Top