Super User

Super User

Жаңа реформалар – сөзсіз жаңа өзгерістердің бастауы. Бұл жаңа кезеңге қарай жасаған батыл қадам болмақ. Халық осыны күтіп отыр. Өйткені, жұрт жадағай жалаулатқан науқандық жұмыстардан шаршады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, барлық саладағы тоқырау тығырыққа тіреді. Ел ертеңге сенуден қалды.

Жалпы, мемлекеттің саяи-әлеуметтік жүйесіне өзгеріс көптен қажет еді. Басқару тетіктерінде де жаңа талаптар енгізу керек болды. Көпшілік нәтижесіз іс-шаралардан әбден шаршады. Орындалмайтын уәделер үмітсіздікке әкеліп соқты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы» атты Жолдауында осыған айрықша тоқталды.

Жаңа Жолдауында еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынған Мемлекет басшысы бұл өзгерістер жұртқа жақсы көріну үшін жасалмайтынын атап өтті. Президент қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кеткенін ашық айтты.

– Халыққа қажетті реформаларды жүзеге асыру – менің мемлекет басшысы ретіндегі басты міндетім. Саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту, ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жасау мүмкін емес. Бұл – анық нәрсе»,  - деді Президент.

Сонымен, жұрт күткен жаңа реформалар елдегі басқару жүйесіне қандай өзгерістер әкеледі, соның маңызды бірнеше қадамдарына тоқталсақ. Мемлекет басшысы алдымен, бұған дейін қалыптасқан «барлық іс Президенттің араласуымен шешіледі» қағиданы өзгерту қажеттегін баса айтты. Жасыратыны жоқ, қоғам демократия үдерістеріне сай, Президенттік-парламенттік басқару жүйесінің іс жүзіндегі шынайы бейнесін қалыптастыратын осындай кесімді сөзді ұзақ күтті. Бұл бетбұрыс Парламенттің рөлі күшейетінін көрсетеді.

Негізі елде жүргізілетін саяси реформаның қарапайым формуласы мынадай: Күшті Президент, ықпалды Парламент, еститін Үкімет. Ендігі мәселе – осы жүйенің жұмысын жүйелі етуде жатыр. Мемлекет басшысы «Парламент республикалық бюджеттің сапалы орындалуына бақылауды күшейтуі қажет», деп атап өтті. Сол үшін Есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құруды ұсынды. Бұл – өзгерістердің сөз жүзінде қалмайтындығының көрінісі.

Өңірлерде азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттардың да мәртебесін көтеру керек екендігі айқын нәрсе. Мемлекет басшысы әр деңгейдегі мәслихаттардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету үшін Мәслихат төрағасы лауазымын енгізуді ұсынды. «Сондай-ақ, мәслихаттардың ықпалын барынша күшейту үшін облыс әкімдерін тағайындау тәртібін өзгерту қажет деп санаймын», деді Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында.

Жаңа реформада тізбекті түрде өзара өзгеріске бастайтын – жаңа қайта құрулар бар екенін атап өткен жөн. Ал бетбұрыстардың негізгісі – өңірлердегі диспропорцияны жою мақсатында қабылданған шешімдер. Атап айтсақ, бірнеше жаңа облыстың құрылатындығы. Тарихымызды танытар Ұлытау даласының енді бір өңірге айналатыны, Абай атындағы облыстың пайда болатыны – жұрт құптайтын бастамалар. Жетісулықтардың көкейінде жүрген облыс орталығының шалғайлығы туралы мәселе  де шешімін табатын болды. Ең бастысы ұлттың арда ұлы Дінмұхаммед Алматы облысының орталығы – Қапшағайға Қонаевтың есімімен атауды көпшілік қуана қолдайтынына сенім мол. Қолдаймыз, қуаттаймыз!

Талғат Ешенқұлов,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректоры.

16 наурыз күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы» атты жолдау жасады. Осыған орай М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің бас ғимаратында университет қызметкерлері мен белсенді студенттер  қатысып, зейін қойып тыңдады.

Бұл жолдау президенттің еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынуымен ерекшеленеді.

Қатысушылар Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған ұсыныстар мен өзгерістерді біліп, Жаңа Қазақстанды құру жолында ел ертеңіне сеніммен қарайтынын жеткізді.

2

3

4

5

14 марта со студентами военной кафедры была проведена лекция на тему: «Суицид, как социально-психологическое явление. причины и условия совершения суицидальных поступков». Старший преподаватель подполковник в отставке  У. Жумабеков довел до студентов эффективные стратегии поведения, повышающие стрессоустойчивость, поддерживающие и укрепляющие психическое здоровье, технику саморегуляции.

Целью данной лекции является формирование у студентов системы нравственных ценностей, способствующей уменьшению риска асоциального поведения.

Қазіргі қоғамдағы дертті жағдайдың бірі – өз-өзіне қол жұмсайтындардың көбейіп бара жатқаны. Мамандар мұны әлеуметтік-психологиялық құбылыс деп анықтама бергенімен, бұл түйткілдің астары терең зерделеуді қажет ететін секілді.

14 наурыз күні Дулати университетінің әскери кафедрасында өткен «Өзіне-өзі қол жұмсау бұл әлеуметтік-психологиялық құбылыс. Суицидтік әрекеттерді жасаудың себептері мен шарттары» тақырыбындағы дәрісте осындай өзекті мәселелер айтылды.

Кафедраның аға оқытушысы отставкадағы подполковник У. Жұмабеков студенттерге қай кезде де сабыр сақтаудың маңызды екенін түсіндірді. Адам ашуға булығып тұрған сәтте жан-жағын жайпап жібермейінше жаны тынышталмайтындай көрінгенімен, біраз уақыт өткен соң, оның соншалықты мәні болмайтынын түсінеді. Қазіргі термин сөзбен жеткізсек, стресске төзімділікті арттыру, психикалық денсаулықты қолдау және нығайту, өзін-өзі реттеудегі тиімді мінез-құлық стратегияларының  қарапайым баламасы – сабыр сақтау.

На сегодняшний день экстремизм и терроризм являются одной из наиболее серьезных угроз в современном мире. Всё чаще в ряды террористов вступают очень молодые граждане нашего общества, еще не окрепшие духом. В силу своей молодости, полученного воспитания, окружения, не сложившегося мировоззрения молодежь становится «слепым орудием» в руках экстремистов.

22 февраля 1 и 2 курсов образовательной программы 6В04128 – «Менеджмент» и 6В04114 – «Государственное и местное управление» был проведен открытый кураторский час на тему:«Угроза терроризма и религиозного экстремизма в условиях современности». Были приглашены оперуполномоченный Управления по борьбе с экстремизмом ДП Жамбылской области А. Тайтелиев и инспектор центра исследования религий акимата области А. Сарсенбаев   которые провели информативную беседу и ответили на вопросы студентов.

Вторник, 15 марта 2022 05:37

«СОҚЫР СЕНІМ» СОРЛАТАДЫ

Білім алу, сауатты болуы – діннің де талабы осы. Алайда, шала біліп, шала үйренгендер «көрдім-білдім» деп өзін де, айналасындағыларды шатастырып бітеді. Міне сол терең зерделеп, ашық сананамен таразылай білмегендер, яғни «соқыр сенімнің» жетегіндегілер ғой, ең соңында ата-анасын да, жақындарын да сорлатып кететін.

Олардың жастық албырттығы, сенгіштігі – өзіне жау. Не нәрсенің болмасын байыбына бармай, айтқанға сеніп, айдағанға көне беретін жастар бүгінде экстремистердің қолындағы «соқыр құралға» айналғаны жасырын емес. Ал жас буынды осы жолдан қалай қайтаруға болады? Аңғалдықпен алданып қалмау үшін не істеу керек?

Бүгінде ұлттық тәрбие беру басты назарда болу керек. Ата-баба дәстүрін, ұмыт болған ата кәсіпті қайта жаңғырту, ұлттық құндылықтарымызды жастар арасында насихаттау арқылы ұлттық тәрбие беру маңызды.

Осы ұстаныммен "Экономика және құқық" факультеті, "Бизнес экономикасы" мамандығының 1 курс студенттерінің қатысуымен "Қазақтың ұлттық ойындары" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Студенттер бабаларымыздан мирас болып қалған ұлттық ойындарымызды көрініс түрінде жақсы ойнап шықты, шығармашылық қабілеттерін ашты. Көріністе бүгінгі амал күніне орай "көрісу", "амандық сұрасу", "үлкендерді құрметтеу", "асық ойнау", "білектесу", "тоғызқұмалақ", "шекемтас", "бастаңғы" сияқты ойын-сауық түрлеріне тоқталды.

Бастысы - ұлттық құндылықтарымыз арқылы құнды ілім-білім, тәрбие алды. Қойылым соңында студенттер қазақтың ұлттық тағамдары қойылған ақ дастарханнан дәм татып, өлең шырқап, көңіл көтерді. Іс-шараны ұйымдастырушы - "Экономика" кафедрасының доценті Гүлмира Амалбекова, аға оқытушы Айнагүл Блялова, Ардақ Жантаева студенттерге алғыстарын білдіріп, осындай тәрбие сағаттары әлі де жалғасын табатындығын айтты.

WhatsApp Image 2022 03 15 at 09.47.11

 

Спортқа бетбұрған жастардың дені кезінде атақты саңлақтардың жемісті де, жеңісті жолына қарап, қызығушылықпен келгендер. Жас буынның алдыңғы толқынға еліктеуі – заңдылық. Алайда табысқа жетудің жолы оңай емес. Ол үшін ұзақ уақыт және табандылық қажет.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде өткен кездесуде Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген жаттықтырушысы, Дене шынықтыру және спорт қайраткері, қауымдастырылған профессор Нұрлан Ақүрпеков, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген жаттықтырушысы, Құрметті спорт қызметкері Ғалымжан Джылгелдиев, Рио 2016 олимпиадасының күміс жүлдегері, Токио олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметов жастарға осыны айтты.

Дулати университетінің Өнер және спорт факультетінің Дене шынықтыру мен спорт теориясы кафедрасы ұйымдастырған кездесу студенттерге серпін бергені анық. Қалай десек те, Жамбыл өңірі емес, бүкіл елдің мақтанына айналған өз ісінің шеберлерінің спорттағы жолы – жастарға үлгі.

2

Мақтан тұтар спортшы, жетістіктері көп жаттықтырушылар кездесуде спорттағы өмірі жайлы әңгіме қозғады. Жарыстар кезінде кездесетін. жастарға серпін берер қызықты жайттарды қозғады.

– Кәсіпкер болғысы келгендер – мықты, табысты бизнесмендерге, спортты таңдағандар – чемпиондарға, қаржы саласындағылар – іскер қаржыгерге, басқа кез келген мамандықтың тізгінін ұстағандар өзінен бұрынғылардың еңбек жолына қарап, соны бағдар ретінде ұстанатыны белгілі. Ол дұрыс, бірақ көп жағдайда балаға мотивацияны үйде ата-анасы беруі керек. Ұл-қыздың ең басты ұстазы – әке-шешесі, - деді дзюдошы Елдос Сметов.

Студенттер жаттықтырушылар мен спортшыға қояр сұрақтары көп екен. Тіпті, оқытушылардың өзі қызығушылық танытып, көкейдегі көп сауалын жолдап жатты.

3

М.Х.Дулати атындағы

Тараз өңірлік университетінің медиақызметі

Страница 179 из 453
Top