Super User

Super User

Жат ағымның жетегінде кетіп адасқандар көп. Әсіресе, жастар жағы. Тез елітіп, жылы сөзге тез еріп кететін болғандықтан, солай. Ал бір рет жаңылысып, жаза басқанды қайта қатаруға қосу оңай емес. Жас буынды қауіп-қатерден сақтандырудың бірден-бір жолы – алдын алу.

Осындай мақсатпен «Қолданбалы математика және статистика» кафедрасы №1 Студенттік үйінде «Жастар және имандылық» тақырыбында 2022 жылдың 28 ақпанында студенттермен кездесу ұйымдастырды.

Іс-шараға Дулати университетінің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментіне қарасты Дінтану орталығының бас маманы Б.Алпысбаев және кафедра оқытушылары қатысты.

Среда, 09 марта 2022 06:30

ВЕСЕННИЕ ПРАЗДНИКИ

1 марта – ко дню благодарности подготовлен баннер «От сердца к сердцу», организованный профессорско-преподавательским составом и студентами кафедры «Землеустройство и кадастр».

На баннере благодарности «От сердца к сердцу» коллектив института и студенты выразили свои благодарности, каторые были написаный и наклейиный  на баннере.

Благодарность – это чувство признательности за сделанное добро. Благодарность может быть выражена словами или действиями, дарения в натуре и даже в виде хорошего общения. Каждый, получая благодарность, может оценить свои отношения с окружающими и свое место в жизни.

Это праздничное настроение продлилась долго. В связи с Международным женским праздником 8 марта куратор 1 курса Г. Дубурбаева провела открытый кураторский час со студентами на тему – «Превить любовь, доброту к матери, быть примером для старшего и младшего поколения».

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының профессор оқытушылар құрамы мен студенттері Алғыс айту күніне орай «Жүректен жүрекке» алғыс білдіру баннерін дайындаған болатын.

Бұл бастама студенттер арасында үлкен қызығушылық туғызды. Жастар ақжарма көңілмен өз жақындарына, достарына алғыстарын жетікізіп, жүрек пішіндегі ашықхаттарын жапсырды. Ізгі тілектерін жеткізу үрдісінен оқытушылар да тыс қалған жоқ.

Адам баласы шынайы ризашылық сезімін әртүрлі жеткізеді. Біреуі ықыласын іс-әрекетпен, екіншісі – заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым - қатынас түрінде де білдіретіндер бар. Әркім алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады.

Топ алдында қиыннан қиыстырып сөз бастай білу де өнер. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Балалар жылына орай ұйымдастырылған «Ректор кубогына» арналған дебат турнирінде шешендік өнермерейіңді өсіріп қана қоймай, табысқа жеткізетінін көрдік.

Өңір мектептеріненкелген 52 команда бақ сынаған турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айта кету керек. Жарыстың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек арнайы қатысып, командаларға сәттілік тіледі.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов дебат қозғалыстарын жандандырудың маңызды екенін атап өтіп, осы бағытта жұмысты жандыруды тапсырғаны белгілі.Жалпы жасөспірімдер арасында дебат турнирлерін жиі ұйымдастырудың мәні зор. Мұндай іс-шаралардың жастар тәрбиесіне тигізер оң әсері көп.Осыны атап өткен Дәулет Жамаубайұлы бүгінде білімді, өнерлі жастарға жан-жақты қолдаулар көрсетілетінін жеткізді.

1

Дебат тек зияткерлік ойын ғана емес. Шешендік өнер сынға түсетін инттелектуалдық ойынең алдымен, жас жеткіншектерге топ болып бірге жоспар жасай білуді үйретеді. Сыни ойлау жүйесін қалыптастырады. Ал сынға түсу жасөспірімдердің бәсекелік қабілеттерін ширата түсетіні анық. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректоры Талғат Ешенқұлов іс-шараның осындай мән-маңызына тоқталып өтті. Бұл турнирдің университет пен мектептер арасындағы байланысты арттыратынынатап айтты.

Ректор атап өткендей, осындай тығыз қарым-қатынас мектеп түлектеріне жоғары оқу орнын, мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына көмектесетіні анық.Дулати университетінде дебат клубы 2010 жылы құрылған. «Еркін сайыс» инттелектуалдық пікір-сайыс клубының 10 жылдан астам тарихы қалыптасқан. Қазіргі кезде «Еркін сайыс» инттелектуалдық пікір-сайыс клубының 50-ден астам мүшесі бар.«Еркін сайыс» – еліміздегі оқу орындары арасындағы 10 жылдық тарихы қалыптасқан ең тәжірибелі клубтардың бірі. Жақында ғана осы клубтың командасы көрші облыста өткен жарыстан «Ең үздік клуб» номинациясын жеңіп алып, зор жетістікпен оралған болатын.

4

Турнирге қатысуға Жуалы, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Меркі, Шу, Байзақ аудандарының, Тараз қаласының мектеп оқушылары өтінім берді. Жалпы 52 команда бақ сынады. Әр команданың құрамында екі оқушыдан болуы тиіс екенін ескерсек, Дулати университетінде өткен жарысқа 104 жасөспірім келді.Ал жас шешендердің өнеріне «Еркін сайыс» клубының мүшелері төрелік жасағанын айта кету керек.

Жарыс қорытындысында Шу ауданынан келген Іңкәр Жанатбек пен Серік Ерсұлтанның командасы жеңіске жетті. Байзақ ауданындағы Сарыкемер мектеп-гимназиясының үкілеген үміттері – Ажар Шадыбек пен Аружан Әбутәліп 2-орынды иеленді. 3-орын тағы да байзақтықтардың еншісіне тигенін айта кеткен жөн. Түймекент орта мектебінің оқушылары Асылжан Серікбай мен Балауса Тоқтарбай үздік үштіктің қатарынан көрінді.

5

Сондай-ақ «Ең үздік спикер» номинациясы бойынша турнирдің ең шешен қатысушысы анықталып, жүлде байзақтық Ажар Шәдібектің еншісіне тиді. Бұл – топ алдында тосылмаған Ажардың ерекше табысы. Өйткені «Ең үздік спикерге» Дулати университетінің оқу грантын ректор Талғат Ешенқұловтың өзі табыс етті.

«Үздік спикері» аталымына арналған жүлде Ұлдана Есенбаеваға бұйырды. Сонымен қатар, екі номинацияның иегерлері анықталып, «Спутник В» фракциясы «Үздік кейстің» иегері атанса, «Түймедақ» фракциясы «Үздік сараптамашы» аталымын еншіледі. Турнирдің «Үздік төрешілері –  Аружан Тоқтар, Ұланбике Баушыбай, Шұғыла Қыдырәлі.

2

8

Среда, 09 марта 2022 05:17

ҚЫЗДАРҒА ӘСЕМДІК ЖАРАСАДЫ...

Көктем мен арулардың табиғатында ұқсастықтың бар. Халықаралық әйелдер мерекесінің де осы көктемнің алғашқы айында келуі де содан болар. Осы мерекеге орай М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде өткен арулар байқауында осыны байқадық. Қалай десек те, көктемдей құлпырған қыздарға әсемдік жарасатынына талас жоқ.

«Дулати аруы – 2022» байқауында университеттің 11 үміткері бақ сынады .Арулардың сыны мен сымбаты, ақылы мен білімі сынға түскен байқауға университет проректоры Данияр Нұрмұханбет, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа, облыстық іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Меруерт Мейрамбайқызы, А.Тоқманбетов атындағы облыстық қазақ драма театрының актрисасы Назым Ақылова әділ төрелік жасады.

Байқау қорытындысында «Өнер және спорт» факультетінің 2-курс студенті Гаухар Бекмахан бас жүлдені жеңіп алды. Ал «Гуманитарлы-әлеуметтік ғылымдар» факультетінде білім алып жатқан Талшын Жаханова 1-орынды иеленді. «Ұстаз» институтының үміті Малика Бақаева 2-орынды еншіледі. үздіктер қатарын «Экономика және құқық» факультетінің 2-курс студенті Малика Арманқызы мен «Өнер және спорт» факультетінің 1-курс студенті Қарақат Мейрамбек түйіндеді.

2

3

4

5

6

7

Асылы, шынайы пейілден асқан сый жоқ. Әсіресе, ол әлемге тыныштық тілеген аналарға арналса... Негізі шын көңілден шыққан ән мен жырдан артық тарту жоқ – оны жүрегі нұрға, көңілі сазға толы қыз-келіншектерге, әйелдер қауымына жеткізгіңіз келсе...

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде өткен салтанатты шара ізгіліктің өзі – ізеттен басталатынын сезіндірді. Мерекелік шарада университеттің басқарма төрағасы-ректоры Талғат Ешенқұлов мереке иелерін құттықтап, жылы лебізін жеткізді. Оқыту және тәрбие беруде өз ісіне жауапкершілікпен қарап, маман даярлауға атсалысып жүрген әйелдер қауымының өлшеусіз еңбегін атап өтті. 

Сондай-ақ, ректор еліміздің сан саласында жемісті еңбек етіп жүрген нәзікжандылардың қоғамда ерекше орны бар екенін тілге тиек етті. «Жастарға бағыт-бағдар беріп, білікті маман қып тәрбиелеуге үлес қосып жүрген оқытушыларға қандай құрмет көрсетілсе де, лайық. Бүгінгі салтанатты шара сіздерге арналады», - деді Талғат Ілиясұлы.

3

Шындығында, Дулати университетінің қызметкерлері мен студенттері әзірлеген концерттік бағдарлама шынайылығымен ерекшеленді. Оқытушылардың өзі сахнада ән шырқап, тамаша мерекелік көңіл күй сыйлады. Жаттанды сценарийге құрылмағандығы, әсіре мадақ-мақтаудан бөлек болғандығы – жүректен-жүректерге жетті.

Ән мен жырдан шашу шашқан салтанатты шара соңында ұйымдастырушылар залдағы барша аналарға, қыз-келіншектерге гүл шоқтарын тарту етті.

2

 4

5

6

«Балалардың сөйлеуі ғылыми құндылыққа ие болуы мен қатар өзінің әдеміліктерімен ерекшеленеді, өйткені оны зерттей отырып, біз балалар ойлауының таңғажайып заңдылықтарын ашамыз

К.И. Чуковский.

Білім беру үрдісінде логопедияны кіріктіру мектеп жасына дейінгі балалардың
әлеуметтенуіне оң ықпал етеді. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында тиімді оқыту жүйесінде логопед жұмысы маңызды. Ол ең алдымен мектеп жасына дейінгі балалардың әр түрлі сөйлеу бұзылыстарын уақытылы анықтау, түзету жалпы білім беретін мектепке сәтті баруға бейімделуі үшін керек.

Көктем туа қатар келетін қос мереке адам жанына ізгілік сыйлайды. Оның бірі – Алғыс айту күні болса, екіншісі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні. Аналар мерекесі.

Әр перзент бұл өмірде ең бірінші алғысты анаға айту керек. Баласы үшін бар қиындыққа төзетін аналардың ерлікке пара-пар бейнетінің өтеуін ешнәрсемен қайтара алмайсыз. Университетіміздің «Конвергенттік журналистика» ББ-ның 1-курс студенттерінің кураторы Балмира Мырзабаеваның бастамасымен «Анаға тағзым» орталығына барғанда осыны түсіндік.

Суббота, 05 марта 2022 04:12

ПРАВА И БЕЗОПАСНОСТЬ ГРАЖДАН

02 марта 2022 года в конференц-зале 2.1.301 состоялась встреча в формате «круглого стола» на тему «Права и безопасность граждан», организованная преподавателями кафедры «Автоматизация и телекоммуникации» Таразского регионального университета имени М. Х. Дулати, факультета «Информационные технологии».  На встречу были приглашены сотрудник Управления по противодействию наркопреступности Департамента полиции Жамбылской области Белгибаев Канат Чингизович и старший оперуполномоченный майор полиции Сухарев Андрей Викторович, главный специалист центра религиоведения университета Алпысбаев Бахтияр Каржаубаевич .

Со вступительных слов начала старший преподаватель кафедры «Автоматизация и телекоммуникации» Тлешова Акмарал Схановна. Она познакомила приглашенных на вечер сотрудников правоохранительных органов со студентами и преподавателями, а также подробно рассказала о целях и важности встречи.

Қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – құқықтық сауаттылықты арттыру. Азаматтардың өз құқығын қорғаудың жөн-жосығын біле бермейтіндігі көп нәрсеге кедергі. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Ақпараттық технологиялар» факультетінің  «Автоматтандыру және телекоммуникация» кафедрасының оқытушылары дөңгелек үстел ұйымдастырып, осы тақырыпты талқыға салды.

«Азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігі» тақырыбын қаузаған дөңгелек үстелген Жамбыл облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері Қанат Белгібаев, аға жедел уәкіл полиция майоры Андрей Сухарев, университетіміздің дінтану орталығының бас маманы Бахтияр Алпысбаев қатысты.

Басқосуда «Автоматтандыру және телекоммуникация» кафедрасының аға оқытушысы Акмарал Тлешова  осы іс-шараның мақсаты мен маңыздылығына тоқталды.

Страница 181 из 453
Top