Super User

Super User

Четверг, 12 марта 2020 06:09

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі алқалық басқару негізінде өз құзырындағы мәселелерді ұжымдық талқылау және жариялылық қағидаларына сүйеніп жүзеге асырады.

dlya uchenogo soveta

Четверг, 12 марта 2020 05:56

Даму бағдарламасы

Четверг, 12 марта 2020 05:43

М.Х. ДУЛАТИ ӨМІРБАЯНЫ

DulatiДулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) – әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнаме»дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» – өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» – әкесінің аты, «мырза» – текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» – шыққан тайпасының аты.

М.Х. Дулати – көрнекті мемлекет қайраткері, қазақтың – тұңғыш тарихшысы, философы, ғұлама ақын, дипломат, әскери қолбасшы және ол қазақ халқын құраған ежелгі  түркі тайпаларының бірі – ұлы ойшыл ғалым.

Дулат Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар 1499 жылы Ташкент қаласының төңірегінде дүниеге келген. Жетісудағы Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Ұлы атасы Мұхаммед Хайдар мырза Қашқарияны биледі. Әкесі Мұхаммед Хұсайн ХҮ ғасырдың ақыры мен ХҮІ ғасырдың басында Моғолстанның батыс бөлігін билеген Сұлтан Махмұд ханның жақын адамдарының бірі болды. Мұхаммед Хайдардың анасы Хубнигар ханым – Шағатай ұрпағы, Моғолстан ханы – Жүнісханның қызы. Ол Ташкент қаласын билеп, Алмалыққа дейін басқарған. Хайдардың жазуынша Жүнісхан – көшпелі руларды отаршылыққа айналдырып, қала салу ісімен шұғылданған кісі.

М.Х. Дулат Моғолстанның сұлтан Сайд ханмен және Үндістандағы баласы ұлы Моғолдар әулетінің негізін қалаушы Захир әд-Дин Мұхаммед Бабырмен бөле. М.Х. Дулатидің балалық шағы Мұхаммед Шайбани хан бастаған көшпелі өзбектердің қысымынан Орта Азияда Әмір Темір әулеті мемлекетінің күйреуі, Моғолстанның ыдырау және қазақ хандығының өркендеу дәуірімен тұстас келді. Сұлтан Махмұд хан мен Мұхаммед Шайбани ханның соғыстары кезінде 1508 жылы Шайбани әскерінің қолында М.Х.Дулаттың әкесі өледі. Cегіз жасар Хайдар әкесінен жетім қалып, үш-төрт жылдай Кабулдағы өзінің бөлесі, атақты жазушы Бабырдың қолынан тәрбие алады. Ол Бабырдың Мауереннахр жорығына қатысты. 1512 жылдан бастап Сұлтан Сайд ханның Қашқардағы сарайында тұрып, әскери және сарай қызметін атқарды. Оның Әбу Бәкірмен Қашқар және Жаркент үшін 1514 жылы болған соғысына, сондай-ақ Қырғыстанға, Оңтүстік-Шығыс Қазақстанға және Тибетке жасаған әскери жорықтарына қатысты.

Хан мұрагері – Әбу ар-Рашид сұлтанды тәрбиеледі. 1533 жылы хан тағына отырған Әбу ар-Рашид Дулат тайпасының басшыларынан қауіптеніп, оларды қатты қуғынға ұшыратты. М.Х. Дулаттың немере ағасы Сайд Мырза өлтірілді. М.Х.Дулат Үндістанға қашып кетті. Ол мұнда ұлы Моғолдар сарайында әскери  қолбасшы  болды, Кашимирді жаулап алу соғысына қатысады. Жаулап алғаннан кейін Ұлы Моғолдар атынан біраз уақыт Кашмирді билеп тұрады. 1551 жылы жергілікті халықтың көтерілісі кезінде 52 жасында сол жерде дүние салады. М.Х. Дулати – XV ғасырдың алғашқы жартысында жасаған Бабыр сияқты, Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан білгіш, майталман кісінің бірі. Ол ғылымға қатты көңіл бөліп, кітап оқып, өлең шығарып, сурет салу ісімен айналысады, зергерлік, шеберлік, ұсталық өнерімен шұғылданады. Онымен бірге Хайдар өзінің ойға жүйрік, майталман, сөзге шебер, ерекше саңлақ болуымен халық ортасында даңқты болады.

Қазақстанда Дулати бабамызға ел тәуелсіздігін алған кезден бастап айырықша көңіл бөліне бастады. БҰҰ-ның шешімі бойынша 1999 жылы М.Х. Дулатидың 500 жылдығына арналған арнайы конференция өткізілді.

Енді ғана есін жиып, тәуелсіздігін жариялағаннан кейін өткеніне үңіле бастаған елдің тарихының өшкенін тауып, қайнар бастауын зерттеп-білу Хайдар Дулатисыз мүмкін емес. Күні бүгінге дейін Қазақстан мен Орта Азия елдерін зерттеушілердің, тіптен түркі тектес халықтардың мәдениетін зерделеген еуропалық ғалымдардың қай-қайсысын алсақ та, оған жүгінбей, еңбегіне соқпай кете алмайды.

2012 - 2020 жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін п.ғ.д., профессор МАХМЕТҒАЛИ НҰРҒАЛИҰЛЫ САРЫБЕКОВ басқарды.

М.Н. Сарыбеков 2012 жылдың қараша айынан бастап М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректорының міндетін атқарушы, 2013 жылдың қаңтар айынан бастап М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалды.

Университет ректоры Махметғали Сарыбековтың басшылығымен ЖОО-да барлық бағыттарда жұмыс жанданды. Халықаралық ынтымақтастыққа, білім беру, ғылыми және инновациялық қызметке, үш тілді білімді іске асыруға, жоғары білікті мамандарды даярлауға баса назар аударылады.

Университетте профессор-оқытушылар құрамының мықты командасы жұмыс істейді. Оған дәлел  жыл сайын байқау жеңімпаздары мен "ЖОО үздік оқытушысы" грант иегерлерінің саны өсуде.  2014 ж. – 3 адам, 2015 ж. – 4 адам, 2016 ж.– 5 адам, 2017 ж. – 7 адам, 2018 ж. – 8 адам. 2018 жылы қол қойылған шарттар негізінде университеттің 23 оқытушысы алыс және жақын шетелдердің жетекші университеттері мен институттарында тағылымдамадан өтті. Университет ұжымы білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде. Заманауи білім беру трендтері инновациялық білім беру технологияларын белсенді қолдануды талап етеді.

Осыған байланысты кейбір кафедраларда жаңартылған білім беру бағдарламаларына сәйкес жаңа оқу-ғылыми зертханалар жаңғыртылды. Оңтүстік Корея, Армения, Грузия, Өзбекстан, Непал, Беларусь және Венгрия университеттерімен 12 келісімге қол қойылды. Бірнеше жылдар бойы Люблин Политехникалық Университетімен (Польша), жасалған келісімнің өзара тиімді шарттарында университетте "Мехатроника" бакалавриат бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ, 2018 жылы 6М060600-"Химия" және 6М070300 – "Ақпараттық жүйелер" магистратурасының  2 қос дипломды білім беру бағдарламасын шетелдік серіктес-Браганс политехникалық институтымен (Португалия) іске асырылуда.  2013 жылдан бастап университетте көптілді білім берудің тиімді жүйесін қалыптастыру бойынша жоспарлы жұмыс жүріп жатыр. Динамика өсуде: 2013 жылы 4 арнайы бөлімше ашылды, 2014 жылы – 5, 2015 жылы– 8, 2016 жылы – 10, 2017 жылы – 13. Өткен жылы 16 мамандық бойынша 324 студент жұмысқа тартылды. Қазіргі таңда бакалавриаттың 18 мамандығы бойыншажүзеге асырады. 

Бүгінгі таңда бакалавриаттың 18 мамандығы бойынша көптілді оқыту жүзеге асырылуда.

2008-2012 жылдар аралығында М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-ды ӘШІМЖАН СҮЛЕЙМЕНҰЛЫ АХМЕТОВ басқарды.

Бұл жылдар университеттің жаңаша даму кезеңі болды. Университетте 530 оқытушы, оның ішінде, 28 ғылым докторы, профессорлар мен 206 ғылым кандидаты мен доценттер қызмет етті. Университетте бакалавриат, магистратура, аспирантура және PhD докторантура көп сатылы білім беру жүйесі енгізілген. Оқу үдерісі мен ғылыми зерттеулерді қамтамасыз ету үшін оқу-әдістемелік басқармасы, тіркеуші кеңсесі, жаңа ақпараттық технологиялар орталығы, қашықтан оқыту орталығы, ғылыми-зерттеу бөлімі, ғылыми кітапхана, баспа, спорт клубы және өзге де университет бөлімшелері қызмет көрсете бастады.

Республика жоғары оқу орындарының арасында 2003 жылдан бастап алғашқылардың бірі болып университет оқытудың кредиттік технологиясына көшті. Отандық білім беру жүйесі үшін жаңалық болып есептелетін бұл жүйемен оқытуда университеттің профессор-оқытушылар құрамы жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйғарымымен университет республика жоғары оқу орындарына оқытудың кредиттік технологиясын ендіру бойынша Консалтингтік орталыққа айналды.

2005 жылдан бері ТарМУ Жамбыл облысы сапа бойынша халықаралық стандарттар дәрежесіндегі сертификатты иеленген бірегей оқу орны. ТарМУ-дың барлық қызмет түрлеріне ИСО 9001 сериялы халықаралық стандарттар талабына сай сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) ендірілді.

Жарты ғасыр бойы еліміздің түрлі салаларына мамандар дайындап келе жатқан М.Х. Дулати атындағы ТарМУ тарихы – дәстүрге, тамаша адамдарға бай Жамбыл облысындағы ең іргелі оқу орнына айналды.

2001 жылдан бастап М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-ды заң ғылымдарының докторы, профессор ӘБДІМАНАП ЕЛІКБАЙҰЛЫ БЕКТҰРҒАНОВ басқарды.

Университет алыс-жақын шетелдердің білім, ғылым ордаларымен байланысын нығайтты. Еліміздегі жоғары оқу орындарының арасында алғашқылардың бірі болып оқу үдерісіне оқытудың кредиттік технологиясы енгізілді.

Заман талабына сай университетте жаңа құрылымдар өмірге келді. Университеттің 8 факультетінде 57 мамандық бойынша мамандар дайындалды. Жалпы университет жаңаша бетбұрыс алды.

М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 1998 жылы 24 наурызда жоғарыда аталған үш жоғары оқу орны: Жамбыл университеті, Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты негізінде құрылды.

Жаңа жоғары оқу орнын 2001 жылға дейін Уәлихан Қозыкеұлы Бишімбаев басқарды. Бұл кез университеттің рухани даму кезеңі болды. М.Х.Дулати оқулары жыл сайын өткізіліп, оған алыс-жақын шетелдерден ғалымдар қатысты. М.Х.Дулати мұралары зерттеліп, Үнді еліндегі баба басына тағзым жасалды. М.Х.Дулати оқулары жыл сайын өткізіліп, оған алыс-жақын шетелдерден ғалымдар қатысты. Жат жерде қалған баба қабірінің басынан топырақ әкелініп, университет алдындағы Дулати ескерткіші түбіне қойылды.

Университет мұражайы ашылып ол бүгінгі заман талабына сай жабдықталды. 1500 данаға жуық экспонаттар қойылды. Мұражай университет қонақтарының көз тоқтата қарайтын рухани орталығына айналды. Осының барлығы университет студенттерінің рухани дүниетанымына ерекше әсер етті. Оқу, ғылым үдерісінде де жаңа жетістіктерге қол жеткізілді.

Четверг, 12 марта 2020 05:39

ТарМУ ТАРИХЫ. 1996 ЖЫЛ.

1996 жылы мамырда облыс орталығында жаңа жоғары оқу орны – ЖАМБЫЛ УНИВЕРСИТЕТІ өмірге келді. Университеттің ректоры болып ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, техника ғылымдарының докторы УӘЛИХАН ҚОЗЫКЕҰЛЫ БИШІМБАЕВ тағайындалды.

Осы жылы қарашада университетке тарихшы, ойшыл, мемлекет қайраткері Мұхаммед Хайдар Дулати есімі берілді.

1992 жылы ЖАМБЫЛ ГИДРОМЕЛИОРАТИВТІК-ҚҰРЫЛЫС ИНСТИТУТЫ институт ректоры болып ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, техника ғылымдарының докторы ЖҮСІПБЕК ТӘШІРБАЙҰЛЫ СҮЛЕЙМЕНОВ тағайындалды.

Жүсіпбек Тәшірбайұлы басшылық еткен жылдары институт АҚШ, Германия ғалымдарымен байланыс орнатылып, бірнеше ғылыми жобалар жасалды. Институт Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында алғашқылардың бірі болып Ғылыми Кеңес құрды. Ел экономикасына қажетті «Су шаруашылығы», «Жерге орналастыру», «Гидравлика», т.б. мамандықтары бойынша диссертациялар Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтында қорғалды.

1973-1992 жылдар аралығында ЖАМБЫЛ ГИДРОМЕЛИОРАТИВТІК-ҚҰРЫЛЫС ИНСТИТУТЫН академик, техника ғылымдарының докторы МАРС ФАЗЫЛҰЛЫ ҮРКІМБАЕВ басқарды (Одақ көлеміндегі 33 жастағы ЖОО-ның ең жас ректоры болатын).

33 жастағы жас ғалым-ректор институттың өсіп-өркендеуіне, Кеңестер Одағында ғана емес, әлемдік аренада да танымал болуына үлкен үлес қосты. Еліміздің ауылшаруашылығы, экономика, гидромелиорация, құрылыс саласына қажетті бірнеше жаңа мамандықтар ашылды. Оқытушы-профессорлар құрамының әлеуеті артты. Жоғары оқу орнының рухани әлемінде де тың серпілістер пайда болды.

Академик Марс Фазылұлы сол күндерді: «Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтына алғаш ректор болған 1973-1974 жылдары күндізгі бөлімде 3-3,5-мыңдай кілең жігіттер оқитын. Біз өз студенттерімізге жақсы білім беру үшін ғана еңбек еткеніміз жоқ. Сонымен бірге басты мақсаттың бірі студенттер бойына адамгершілік сана мен мәдениетті қалыптастыру болды. Жоғарыда айтып өткенімдей өте күрделі жағдайдан шығу үшін біз мынадай екі жолды таңдадық. Біріншісі – спорт. Дәл осы жылдары біз талантты спортшы Серік Қонақбаевты, Сергей Громовты, Алмаз Мұсабековты таптық. Бұрын бокс секциясына 30-40 адам қатысса Серік Қонақбаев Нью-Йоркте әлем кубогін ұтып, артынша Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдегері атанғаннан кейін бокс секциясына 1300-1400 жастар қатысатын болды. Екіншісі, біз «Су шаруашылығының экономикасы» мамандығын ашып, оған көптеген әдемі және ақылды қыздар оқуға түсті. Сөйтіп құрылысшылармен, механиктермен, гидротехниктермен экономистер көңіл қосқан институтта жас отбасылар өмірге келді. Осы мақсатта біз №3 жатақхананы отбасылы студенттерге бердік» – деп еске алады. Әрине, бұл Марс Фазылұлының студенттер өміріне байланысты бір сәттік қана естелігі.

Студент жастардың бастамасымен «Өз институтымды – өз қолыммен», – деген ұраны аясында институт құрылысына студенттер жаппай кірісті. Сол жылдары институт студенттері жатақхана, оқу корпустарын салу құрылысына белсене араласты. М.Ф.Үркімбаев ғимараттың жанында орналасқан химиялық тыңайтқыштар қоймасын қайта жөндеуден өткізіп, сол кездегі заманауи зертханалық ғимаратына айналдырды, әскери кафедраға қарасты алаңды көркейтуге және СОКП Облыстық комитетінің қолдауына ие болып, «Гидрокешен» аймағының ғимараттары мен зертханалық базасының жобалауы мен құрылысын ұйымдастыруға күш жұмсады. Бүгінде бұл студенттер қалашығына айналған Гидрокешеннің негізі болатын.

Страница 402 из 452
Top