Super User

Super User

Четверг, 12 марта 2020 05:37

ТарМУ ТАРИХЫ. 1962 ЖЫЛ.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың құрылуына негіз болған жоғары оқу орнының бірі – кезінде Кеңестер Одағына танымал ЖАМБЫЛ ГИДРОМЕЛИОРАТИВТІК-ҚҰРЫЛЫС ИНСТИТУТЫ.

Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институт 1962 жылы Қазақ ауылшаруашылығы институтының гидромелиоративтік факультеті негізінде ашылды. Институт өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, гидромелиорация, гидротехникалық құрылымдар және су электр стансалары құрылысы, сумен қамтамасыз ету және канализация мамандықтары, күндізгі және сырттай оқыту түрлері бойынша мамандар дайындады.

Институттың алғашқы ректоры техника ғылымдарының докторы, Қазақ ССР Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, Қазақ ССР-на еңбегі сіңген гидротехник РАХМЕТ ЖАНҒАЗЫҰЛЫ ЖОЛАЕВ болды. Гидротехника ғылымы саласында белгілі ғалым Рахмет Жанғазыұлы өзі іргетасын қалаған жоғары оқу орнын 1973 жылға дейін жемісті басқарды.

ЖАМБЫЛ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ИНСТИТУТЫН техника ғылымдарының докторы, профессор Өскенбай Қабылбекұлы Мәдиев басқарған 1991-1998 жылдары білім ордасы заман талабына сай жаңаша даму кезеңін бастады. Институт ғылымы жан-жақты дамыды, бірнеше ғылыми-зерттеу орталықтары ашылып, институт ғалымдары ғылым үрдісінде бірқатар жаңалықтарға қол жеткізді. Материалдық-техникалық база заманауи жабдықтармен толықтырылды.

1987 жылы баламалы сайлау жолымен ЖАМБЫЛ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ИНСТИТУТЫ ректорлығына техника ғылымдарының докторы ВЛАДИМИР ИОСИФОВИЧ МИЛЛЕР сайланды.

Бұл жылдары институттың мәртебесі өсе түсті. Институт бірнеше шетелдік ғылыми-зерттеу орталықтарымен байланыс орнатып, бірнеше ғылыми, ғылыми-көпшілік конференциялар, кездесулер өткізді.

1972 жылы ЖАМБЫЛ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ИНСТИТУТЫ ректорлығына химия ғылымдарының кандидаты ТАСБОЛАТ МАРДЕНҰЛЫ МҰХАМЕТҚАЛИЕВтағайындалады.

Оқу орнын Тасболат Марденұлы басқарған жылдары институттың материалдық-техникалық базасы нығая түсті. Институтта бірден екі оқу корпусы, студенттер жатақханасы, 500 орындық асхана салынып. Дайындалатын мамандықтар саны артып, институт оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми әлеуеті өсті.

Тараз мемлекеттік университетінің негізі 1958 жылы облыс орталығында ашылған  ҚАЗАҚ ХИМИЯ ТЕХНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ филиалынан бастау алады. Аталған жоғары оқу орны облыс орталығындағы қант, ет комбинаттары, «Жамбыл аяқ киім фабрикасы» сияқты жеңіл және тамақ өнімдері өнеркәсіптерін мамандармен қамтамасыз ету мақсатында өмірге келді.

Институт филиалы ашылған күннен бастап облыстың, оңтүстік өңірінің, тіптен республикамыздың әлеуметтік-экономикалық ахуалының дамуына септігін тигізетідігін көрсетті. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі саласында дайындалған мамандар еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет ете бастады. Жоғары оқу орны дайындайтын мамандарға республикамыздың әр аймағынан сұраныс көбейе түсті. Осыған байланысты 1963 жылы филиал ЖАМБЫЛ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ИНСТИТУТЫ ретінде шаңырақ көтерді.

Институттың бірінші ректоры болып экономика ғылымдарының кандидаты, доцент ХАМЗА СЕЙІТҰЛЫ СЕЙІТОВ тағайындалдыИнститутта 3 факультет, 114 оқытушы, 1600 студент болды. Бұл алғаш шаңырақ көтерген жоғары оқу орны үшін үлкен жетістік болатын.

Четверг, 12 марта 2020 05:26

УНИВЕРСИТЕТ ТАРИХЫ

1958-1972 жылдары

Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы институты

С.Х. Сейітов
1972-1987 жылдары

Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы институты

Т.М. Мұхаметқалиев
1987-1991 жылдары

Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы институты

В.И. Миллер
1991-1998 жылдары

Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы институты

О.К. Мәдиев
1962 жылы 

Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты

Р.Ж. Жулаев
1973-1992 жылдары

Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты

М.Ф. Үркімбаев
1992-1998 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты

Ж.Т. Сүлейменов

1996 жылы

Жамбыл университеті

У.К. Бишимбаев

1998-2001 жылдары

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

У.К. Бишимбаев

2001-2008 жылдары

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

 А.Е. Бектұрғанов

2008-2012 жылдары

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

А.С. Ахметов
2012 - 2020 жылдары

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

М.Н. Сарыбеков
2021 жылы

М.Х. Дулати атындағы Тараз  университеті

 Е. Әмірбекұлы
2021-2022 М.Х. Дулати атындағы Тараз  университеті Т.І. Ешенқұлов
2022 ж 1-желтоқсаннан - бүгінгі күні М.Х. Дулати атындағы Тараз  университеті М.Қ. Байжұманов

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ

Магистратураға түсудің тәртібі

Dulaty University магистратурасының білім беру бағдарламалары

Dulaty University докторантурасының(PhD) білім беру бағдарламалары

PHD Докторантураға түсуші үміткерлеріне арналған емтихан сұрақтары

PhD докторантурасына түсу үшін әңгімелесу бағдарламасы

2024-2025 оқу жылының PhD докторантурасына түсушілерге арналған сұхбаттасу кестесі

Қазақстан Республикасындағы магистратураның барлық білім беру бағдарламалары

Қазақстан Республикасы докторантурасының(PhD) барлық білім беру бағдарламалары


Магистратураға түсу үшін магистратураның және бакалавриаттың білім беру салаларының сәйкестігін анықтау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (Сәйкестік кестесі)

Докторантураға түсу үшін докторантураның және магистратураның білім беру салаларының сәйкестігін айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (Сәйкестік кестесі)


Жыртқыш журналдарда жарияланудан қалай сақтануға болады?

Loading...

Четверг, 12 марта 2020 05:13

Шетел студенттеріне

Оқуға түсу туралы ақпарат 7

1  2  3  4  5  6 

Әңгімелесу

негізінде

түсу

Құжаттарды қабылдау:

20 маусымнан

25 тамызға дейін

 Құжаттардың

түпнұсқалары,

жеке куәлік (паспорт);

6 фото 3х4 см;

Медициналық

анықтама «086-у»;

 Оқу ақысы:  
Бакалавриат –350 000,
Магистратура – 357 000
Магистратура – 396 000
(1 год)

8

Шетел азаматы келесі құжаттардың түпнұсқаларын университеттің қабылдау комиссиясына өзі тапсыруы тиіс:

Мектеп аттестаты немесе колледж дипломы Қазақ немесе орыс тіліне аударылып, қазақстандық нотариуспен немесе білім туралы құжат берілген елдегі Қазақстанның елшілігімен расталуы тиіс;

Четверг, 12 марта 2020 05:12

РЕКТОРДЫҢ ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ, ТАЛАПКЕР!

Сіз санаулы уақыттан соң үлкен өмірге аяқ басасыз! 11 жыл білім алған алтын ұя мектеппен қоштасып, өміріңіздің жаңа кезеңі – жоғары оқу орнының студенті атанасыз. Бұл өте жауапты әрі маңызды қадам. Қазірден «қай оқу орнына түсемін», «қандай мамандық таңдаймын?» деген сауалдар әрқайсыңызды мазалап жүргені анық. 

Осы тұста  Дулати университеті өңіріміздегі іргелі білім ордасы әрі ғалымдардың ғылыми ортасы екенін айтқым келеді.  Мұнда өңірдің мәселелерін, оның ішінде жергілікті кәсіпорындар мен ұйымдардың экономикалық-экологиялық проблемаларын тиімді шешуге мүмкіндік беретін ғылыми әлеует пен материалдық-техникалық база шоғырланған.

Университеттегі ғылыми-зерттеу жұмыстары 2 ғылыми-зерттеу институтында, 10 орталықта, инженерлік зертхана мен университет кафедраларында шоғырланған. ҒЗЖ ҚР ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жаратылыстану, техникалық, ауыл шаруашылығы, экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы бағыттар бойынша жүргізіледі. Қазіргі уақытта 71 ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстары жүріп жатыр.

2023 жылы университет ғалымдары ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті қаржыландыратын жалпы сомасы (2023-2025 жылдар) – 319,8 млн теңгеге 6 гранттық жобаны жеңіп алды.

2024 жылдың қыркүйек айында университетімізде Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің филиалы ашылмақ. Бұл да біздің студенттеріміз үшін  жақсы мүмкіндік.

Дулати университетінің студенттері, оқытушылары академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде шетелдің жетекші оқу ордаларында оқып, тәжірибеден өтіп, білімдерін шыңдайды. Әрі шетелдік жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары біздің университетке келіп, дәріс оқып, сабақ береді.

Жас түлек, Сізді дұрыс таңдау жасайды деп сенемін. М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің студенті атанып, ғылым мен білімді, шығармашылық пен өнерді, белсенді өмір мен спортты ту еткен жастардың қатарына қосыл!

Мұхтар Қазбекұлы,
М.Х. Дулати атындағы Тараз 

университетінің Басқарма
төрағасы-ректор

Страница 403 из 452
Top