ҒАЛЫМДАР ОНЛАЙН ЖҮЗДЕСТІ

Ғылым ғалымдардың үздіксіз еңбегімен дамиды. Дамудан нәтиже шығады. Жұқпалы індет бұл тұста кедергі болмады. Ғылым апталығы аясында жас ғалымдар өзекті ойларын ортаға салып, жобаларын таныстырды.

Ғылым күніне орай М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ҒЫЛЫМЫ. ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІ» тақырыбында онлайн форматта ғылыми семинар өтті. Семинар жұмысына еліміздің және көршілес елдердің (Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан)100-ге жуық жетекші ғалымдары қатысты.

FD42EBB0 35AC 4467 AE45 D7B0C29AC04AҒалымдар зерттеу тәжірибесімен бөлісіп, жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады.

Семинардың мақсаты - ғылыми білім алмасу деңгейін арттыру, жекелеген ғылыми бағыттар шеңберінде, сондай-ақ пәнаралық сипаттағы ғылыми өзара іс-қимыл және ақпарат алмасу тәсілдері мен құралдарын кеңейту.

Модератор ретінде семинар жұмысын Дулати университетінің ректоры, п.ғ.д., профессор Махметғали Сарыбеков жүргізді.

Пленарлық отырыс Назарбаев Университетінде Якор жобасының аға ғылыми қызметкері, PhD доктор Н.К.Жакиевтің «Негізді шешім қабылдау үшін компьютерлік модельдеуді пайдаланудың маңыздылығы» баяндамасымен  ашылды. Әрі қарай «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»мамандығы бойынша PhD доктор, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің геологиялық факультетінің стажері Б.Е.Жақыпбаев «Ресурс үнемдеуші технологияларды дамыту жағдайында көбікшыныкомпозитті материалдарды өндіруге арналған табиғи-минералды шикізаттың баламалы түрі» баяндамасын жасады. «Стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша PhD докторы, Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібіғылыми-зерттеу институтының «Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу және сақтау технологиясы» зертханасының жетекші, ғылыми қызметкері А.Е.Шоман «Экономикалық дағдарыс жағдайында ет шикізатының дәстүрлі емес түрін пайдаланудың тиімділігін арттыру» тақырыбында баяндама жасады. «Табиғи ресурстар Қазақстандағы экономикалық өсудің анықтаушы факторы ретінде» баяндамасын М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің химия мамандығы бойынша PhD докторы М.С.Қалмаханова таныстырды. «Агроөнеркәсіптік кешен: Қазақстанның дағдарыс жағдайындағы азық-түлік қауіпсіздігі» тақырыбында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің қауымдастырылған профессоры, менеджмент жөнінде PhD докторы Ж.С.Булхаирова баяндады. Пленарлық отырысты ветеринарлық санитария бойынша PhD докторы, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің қауымдастырылған профессоры Қ.Д.Алиханов «COVID 19 пандемиясы жағдайындағы санитарлық-гигиеналық іс-шаралардың рөлі»баяндамасымен аяқтады.

Онлайн жүздесу соңында ғалымдар зерттеулер төңірегінде туындаған сұрақтарын жолдап, бір-бірімен пікір алмасып, нақты ұсыныстар қабылдады.

Дулати университетінің

Медиа-қызмет

Прочитано 2042 раз
Top