КОРПОРАТИВТІК КЛИЕНТТЕРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМ
Джарылкапов Манап Мейрамбаевич
Бөлім бастығы
Байланыс телефоны: 87775399075
E-mail: m.m.dzharylkapov@dulaty.kz
Мекен-жайы: Сүлейменов көшесі 7, бас корпус, 405-кабинет
Сұрақ қою
Лауазымы: Бөлімнің бас маманы, Экономика ғылымдарының магистрі
Байланыс телефоны: 8 747 998 13 24
E-mail: zht.shongaraeva@dulaty.kz
Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім қызметінің бағыты
Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім (бұдан әрі-ККжБ) М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады..
Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім университеттің корпоративтік клиенттермен интеграциялық әлеуетін арттыру, сондай-ақ университеттің ғылыми, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларын ұзақ мерзімді қолдауды қаржыландыруды қамтамасыз ететін қосымша ресурстарды тарту мақсатында құрылған.
ККЖБ-ның негізгі міндеттері
- Білім беру, ғылыми, инновациялық салада бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында корпоративтік клиенттермен жұмыс;
 - Университеттің инфрақұрылымын нығайтуды дамытуға жәрдемдесу;
 - Корпоративтік клиенттер базасын қалыптастыру;
 - Университет түлектерін әлеуметтендіруге және біріктіруге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;
 - Конкурстар мен жобаларды ұйымдастыру, сондай-ақ ғылымды насихаттау, білім беруді дамыту аясында басқа ұйымдар ұйымдастыратын іс-шараларға қатысу;
 - Корпоративтік клиенттермен кездесулер, дөңгелек үстелдер және семинарлар өткізу;
 - Жұмыста ашықтық пен есеп беруді қалыптастыру;
 - Өткізілетін іс-шараларды жариялау және әлеуметтік желілердегі парақтың мазмұнын үнемі жаңартып отыру.
 
ККжБ-ның қызметтері
- Корпоративтік клиенттерді іздеу және тарту;
 - Типтік және жеке қызмет көрсету келісім шарттарын жасасу;
 - Университеттің демеушілерімен, серіктестерімен және түлектерімен байланысты орнату;
 - Корпоративтік клиенттерге қызмет көрсету жүйесін жетілдіру;
 - Университеттің түлектерін әлеуметтендіруге және біріктіруге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;
 - Университет қызметкерлерінің (ғалымдарының) студенттермен өткізетін қоғамдық және қайырымдылық іс-шараларын қолдауды қарастыру;
 - Корпоративтік клиенттермен неғұрлым ыңғайлы, жедел жұмыс істеуді және жарнамалық идеяларды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін жаңа идеялар мен тәсілдерді енгізу;
 - Өзара тиімді ынтымақтастық және университет пен корпоративтік клиенттердің қажеттіліктерін тиімдірек қанағаттандыру үшін мүмкіндіктерді, тәжірибені және ресурстарды тарту;
 - Жұмыс барысында туындайтын мәселелерді жедел шешу.
 
			