ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ
«ПРАКТИКАЛЫҚ ШЕТ ТІЛДЕРІ» КАФЕДРАСЫ

Тургунтаева Гүлсара Ашимбаевна
Қызметі Кафедра меңгерушісі, доцент м.а.
Ғылыми дәрежесі философия докторы (PhD)
E-mail Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мекен-жайы корпус -2.6 , ауд-308
Күнделікті және кәсіби қарым-қатынаста шет тілін белсенді қолдану үшін ауызекі сөйлеу және мамандық тілін практикалық меңгеру қабілеті мен дағдысы бар, үздіксіз өз бетінше білім алуды жүзеге асыруға және шет тілдерін білуінің арқасында өз біліктілігін арттыруға, бәсекеге қабілетті, көпмәдениетті тұлғаны даярлаудың шарты ретінде сапалы, қолжетімді, қазіргі заманғы білім беруді қамтамасыз ету.

Қызметі: кафедра меңгерушісі, доцент м.а.
Ғылыми дәрежесі: философия докторы (PhD)
E-mail: ga.turguntaeva@dulaty.kz

Қызметі: доцент м.а
Ғылыми дәрежесі: педагогика ғылымдарының кандидаты
E-mail: mv.novozhilova@dulaty.kz


Қызметі: аға оқытушы
Ғылыми дәрежесі: педагогика ғылымдарының магистрі
E-mail: shi.kazbekova@dulaty.kz

Қызметі: аға оқытушы
Ғылыми дәрежесі: педагогика ғылымдарының магистрі
E-mail: pa.ospanova@dulaty.kz

Қызметі: аға оқытушы
Ғылыми дәрежесі: педагогика ғылымдарының магистрі
E-mail: as.abildaeva@dulaty.kz


Қызметі: аға оқытушы
Ғылыми дәрежесі: педагогика ғылымдарының магистрі
E-mail: ma.gribenyuk@dulaty.kz

Қызметі: аға оқытушы
Ғылыми дәрежесі: гуманитарлық ғылымдар магистрі
E-mail: ash.karimova@dulaty.kz

Қызметі: аға оқытушы
Ғылыми дәрежесі: Тіл білімі магистрі
E-mail: am.nauryzbayeva@dulaty.kz

Қызметі: аға оқытушы
Ғылыми дәрежесі: педагогика ғылымдарының магистрі
E-mail: mb.saduakhasova@dulaty.kz



Қызметі: аға оқытушы
Ғылыми дәрежесі: педагогика ғылымдарының магистрі
E-mail: bt.sejsebayeva@dulaty.kz

Қызметі: аға оқытушы
Ғылыми дәрежесі: педагогика ғылымдарының магистрі
E-mail: ak.tolkumbekova@dulaty.kz

Қызметі: аға оқытушы
Ғылыми дәрежесі: Филология ғылымдарының магистрі
E-mail: ys.rakhimova@dulaty.kz

Қызметі: аға оқытушы
Ғылыми дәрежесі: педагогика ғылымдарының магистрі
E-mail: ushakbayeva@dulaty.kz

Қызметі: аға оқытушы
Ғылыми дәрежесі: гуманитарлық ғылымдар магистрі
E-mail: shsh.otebayeva@dulaty.kz


Қызметі: аға оқытушы
Ғылыми дәрежесі: гуманитарлық ғылымдар магистрі
E-mail: ma.bajtelieva@dulaty.kz

Қызметі: оқытушы
Ғылыми дәрежесі: «Шет тілдері бойынша мұғалімдерді даярлау» магистрі
E-mail: yem.bektursynova@dulaty.kz

Қызметі: оқытушы
Ғылыми дәрежесі: педагогика ғылымдарының магистрі
E-mail: as.kalymbet@dulaty.kz

Қызметі: оқытушы
Ғылыми дәрежесі: педагогика ғылымдарының магистрі
E-mail: ab.zaurbek@dulaty.kz

2024-2025 оқу жылында «Практикалық шетел тілдері» кафедрасында 1 PhD, 1 ғылым кандидаты, 17 аға оқытушылар (оның ішінде 14 магистр), 4 оқытушы жұмыс атқарады. «Практикалық шетел тілдері кафедрасының оқытушылары тілдік емес мамандықтарда оқитын студенттерге арналған «Шетел тілі – 1,2» Pre-intermediate деңгейінде, “Кәсіби бағытталған шетел тілі” және магистранттарға арналған “Шетел тілі”(кәсіби) пәндерін жүргізеді.
Кафедра оқытушылары халықаралық және республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияларына белсене қатысып, шетелдік баспаларда мақалалар жариялайды. Атап айтсақ, 2024 жылы Scopus (Q1) және Web of Science базаларына кіретін “Journal of psycholinguistic research” журналында PhD Г.А.Тургунтаева “Linguacultural and cognitive peculiarities of linguistic universals” атты ғылыми мақала жариялады; сонымен қатар, аға оқытушы М.А.Байтелиеваның Scopus (Q3) және Web of Science базаларына кіретін “Fibres and Textiles in Eastern Europe” журналында “Investigation of the Effect of a Natural Extract From Oak Bark on the Properties of the Leather” атты ғылыми мақаласы жарық көрді.
Кафедра оқытушылары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарда мақала жариялайды. Атап айтсақ, 2023 жылы аға оқытушы С.Л. Берденованың «First-year students’ problems affecting adaptation to a public university in Kazakhstan» атты мақаласы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы, «Педагогика. Психология. Әлеуметтану» сериясында жарияланды. Оқытушы А.С. Қалымбеттің 2022 жылы «Көптілді топ студенттерін CLIL технологиясымен бағдарламалауға үйретуде компьютерлік рөлдік ойындарды қолдану» атты мақаласы «Ғылым жолы» журналында және 2021 жылы «Implementation of an oral dialogue based on a Neural Network of Artificial Intelligence in the online platform in secondary school» атты мақаласы «Педагогика және Психология» журналында жарияланды.
Кафедра оқытушылары ғылыми жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысады. 2023 жылы аға оқытушы Грибенюк М.А. ЭРАЗМУС+ жобасында 2023 жылға “Өзбекстан мен Қазақстан жоғарғы оқу орындарындағы былғары және былғары бұйымдары өндірісінің потенциалын күшейту» (“REILEAP”) атты халықаралық жобаға қатысты және оқытушы Ибрагимов М.Ф. «Исследование биоразнообразия и энергитической справедливости для разрешения конфликтов между целями устойчивого развития» атты халықаралық жобаға қатысты.
Кафедра оқытушылары үнемі семинарлар ұйымдастырады. 2024 жылы «Инклюзивті білім беруде шет тілін оқытудың заманауи әдістемесі» тақырыбында семинар өткізді, семинар аясында оқытушыларға инклюзивті оқыту әдістері тәжірибе жүзінде көрсетілген тренинг ұйымдастырылды. Инклюзивті білім беру бөлімінің меңгерушісі Үсенова Сандуғаш Мейрамбекқызы ерекше қажеттіліктері бар студенттерді оқыту әдістері туралы баяндама жасады. 2025 жылы кафедраның аға оқытушылары Д.А.Алтынбекова, А.К.Каримова, А.М.Наурызбаева, М.Б.Садуахасова кафедра оқытушыларына «МООС (МООК) – қашықтықтан оқытуға арналған кешенді бағдарлама» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізді, семинар барысында оқытушылар МООК платформасының тиімділігі, оны қолдану жолдары, сапалы бейне сабақтарды жазу және қажетті оқу материалдарын әзірлеу әдістерімен танысты және МООК құрудың негізгі тәсілдері қарастырылды.
«Практикалық шетел тілдері» кафедрасының оқытушылары М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті ұйымдастырған «ЖОО-ның үздік мультимедиялық өнім» байқауна белсенді қатысады. 2023 жылы «ЖОО Ең үздік мультимедиялық өнімі-2023» байқауына «Үздік МООК» номинациясы бойынша аға оқытушылар А.М.Наурызбаева, Д.А.Алтынбекова., А.Ш.Каримова қатысып, екінші орынды иеленді. 2022 жылы «ЖОО Ең үздік мультимедиялық өнімі-2022» байқауына «Үздік инновациялық толықтыру» номинациясы бойынша к.п.н. М.В.Новожилова 3-орынға ие болды. 2021 жылы «ЖОО Ең үздік мультимедиялық өнімі-2021» байқауында «Үздік ашық сабақ» номинациясы бойынша аға оқытушылар А.М.Наурызбаева және А.И.Майлыбаева қатысып, екінші орынды иеленді.
«Практикалық шетел тілдері» кафедрасының оқытушылары спорттық сайыстарға белсене қатысады, мысалға, А.С.Қалымбет және А.Б.Заурбек Қазақстан кәсіподақтары күніне орай университет қызметкерлері мен оқытушылары арасында өткен спорттық эстафетаға қатысып, 1-орын иеленді.
2024 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Полиглот» студенттік ғылыми үйірмесінің жетекшілері «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда ағылшын тілінің маңызы» тақырыбында облыстық конференция ұйымдастырды. Конференцияға Тараз қаласы мен Жамбыл облысының мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Үздік баяндамашылар I, II, III дәрежелі дипломдар, арнайы номинациялар және алғыс хаттармен марапатталды.
«Практикалық шетел тілдері» кафедрасының оқытушылары студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасайды. 2024 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде өткізілген “Студенттік ғылым – зерттеу әлемі” тақырыбындағы XХVІ студенттік ғылыми-практикалық конференциясының 2 кезеңінің қорытындысы бойынша аға оқытушы М.А.Байтелиева жетекшілігімен 6В06114 - “Информатика және коммуникативті технологиялар” білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Ғалымжанқызы Інжу 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |