ҒЫЛЫМІ ЖОБАЛАР

Университеттегі ғылыми-зерттеу жұмыстары 2 ғылыми-зерттеу институтында, 10 орталықта, инженерлік зертханада және университет кафедраларында шоғырланған. ҒЗЖ ҚР ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жаратылыстану, техникалық, ауыл шаруашылығы, экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы ғылыми бағыттар бойынша жүргізіледі.

«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕАҚ ҚР ғылымы мен жоғары білім беруді дамытудың заманауи моделін табысты іске асыруда.

Соңғы 3 оқу жылында университетте 15 ғылыми-зерттеу бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылатын университеттің тақырыптық жоспарына сәйкес іздестіру-бастамашыл ғылыми жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта 71 ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша жұмыс жүргізілуде. Олардың ішінде: 9-іргелі тақырыптар, 50-қолданбалы тақырыптар, 12-тәжірибелік-конструкторлық зерттеу тақырыптары. Бұл жұмыстардың барлығы ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерін коммерцияландыру жобалары бойынша конкурсқа қатысу мақсатында ұлттық сараптау орталығында тіркеуді.

Өңірдегі көшбасшылықты сақтау үшін университет соңғы жылдары Қазақстан Республикасының іргелі және қолданбалы зерттеулер бағдарламаларының басымдықтарына сәйкес қалыптасқан ғылыми бағыттарды жетілдіруде, іздестіру-зерттеу жұмысының ресурстарын жаңартуда, гранттық конкурстарға қатысуда.

image001

Мысалы, 2021 жылы 12 жоба, 2022 жылы 15 жоба іске асырылса, қазіргі таңда, яғни  2023-2024 оқу жылында 59 ғылыми-зерттеу жобасы іске асырылуда, оның ішінде: 15 гранттық негізде, 1 жоба шаруашылық шарттық негізде және 3 халықаралық жоба, 25 ҒЗТКЖ, 15 стартап жоба.

Осы жобалардың нәтижесінде 2023 жылы ҒЗЖ-ны нақты жалпы қаржыландыру 259 271,08 мың теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш 2021 жылы не бары 127 602 мың, 2022 жылы қаржыландыру 144 398 мың теңгені құраған еді. 2023 жылы университет ғалымдары ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті қаржыландыратын жалпы сомасы (2023-2025 жылдар) – 319,8 млн теңгеге 6 гранттық жобаны жеңіп алды.

Сондай - ақ, университет ғалымдары ҚР басқа жоғары оқу орындарының ғалымдарымен ынтымақтастықта-меморандумдар негізінде басқа ғылыми жобалар бойынша бірлесіп орындаушы ретінде әрекет ететінін атап өткен жөн.

АҚШ, Германия, Португалия, Оңтүстік Корея, сондай-ақ ТМД елдерінің университеттерімен бірлесіп халықаралық жобаларға қатысуға өтінімдер берілді, оның ішінде 2023 жылы 1 жоба жеңіп алынды. Сонымен, 2022-2023 оқу жылында университет ғалымдары шетелдік серіктестермен бірлесе отырып, жалпы сомасы 93,524 млн теңгеге 3 грант бойынша жұмыстар атқаруда.

image002

2023 жылы гранттық қаржыландыру конкурстарына 112 өтінім берілді. Егер салыстартын болсақ  2022 жылы осындай конкурстарға 90 өтінім берілді. Ал 2021 бар болғаны  54 өтінім ғана. Гранттық қаржыландыру бойынша 63 жобаның 31 жобасы  формалды тексеруден өтті.

Өтінімдер бойынша, қосымша «Ғылым қоры» АҚ ұйымдастырған ғылыми жұмыстардың нәтижелерін коммерцияландыру конкурсына – 5 жоба ұсынылуда (1 млрд 506 млн тг) бизнес өкілдерінен қоса қаржыландыру – 434,4 млн тг құрады. Конкурсқа 5 жұмыстың ескертулері жөнделіп, жіберілді.

2024-2026 жылға арналған бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру (ПЦФ-ЦАП) конкурсына су шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі бағытында ғылыми-техникалық тапсырма дайындалды – қаржыландыру мөлшері - 4 млрд тг. Қазіргі таңда конкурсқа қатысты өтінім дайындалуда.

Ғылыми зерттеулерге деген сұранысты жыл сайын өсіп келе жатқан ғылыми жобаларды қаржыландыру арқылы байқауға болады.

2023 жылы университетке тартылған, гранттық қаржыландыру жобаларынан, халықаралық жобалардан, орындалған шаруашылық-шарттық жұмыстардан және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерден түскен инвестициялар көлемі ұлғайтылды. Мәселен, 2023 жылы ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыру бойынша 15 жобасынан - 197,9 млн теңге, 3 халықаралық жобадан - 50,1 млн теңге, 1 шаруашылық келісімшарттық жобадан – 2,0 млн теңге, стартап жобалардан 9,2 млн. теңге, ҒЗТКЖ  бойынша 1 жобадан – 0,5 млн тенге түсті. 2024 жылы 2 айдың ішінде  ҒЗТКЖ - дан-10,2 млн. тг., тартылды.

2023 жылы ҒЗЖ-ны нақты жалпы қаржыландыру 259 271,08 мың теңгені құрады. 2022 жылы қаржыландыру 144 398 мың теңгені, 2021 жылы 127 602 мың теңгені, ал 2020 жылы небәрі 40 млн теңгені құрады.

image003

2023 жылы бір штаттық оқытушыға қаржыландыру көлемі 276,9 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2021 жылы 140.5 мың теңгені, ал 2022 жылы 154,3 мың теңгені құрады.

image004

Осылайша, 2023-2024 оқу жылы университетте ғылымды қаржыландырудың жалпы көлемі 59 ғылыми-зерттеу жобасынан - 704,751 млн. теңгені құрады.

«Жас Ғалым» гранттық қаржыландыру бойынша жобалар тізімі

Жас ғалымдарға арналған гранттық қаржыландыру бойынша жобалар тізімі

Жалпы гранттық қаржыландыру бойынша жобалар тізімі

Халықаралық жобалар тізімі

Бағдарламалық-мақсатты жобалар тізімі

Шаруашылық келісім-шарт негізіндегі жобалар тізімі

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының тізімдері

Стартап жобалардың тізімдері

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар

Top