Dulaty University «Academic Ranking of World Universities-European Standard» («ARES») атты беделді халықаралық рейтинг бойынша Қазақстанның 95 жоғары оқу орны арасында 8-орынға, «А+» статусына ие болды. Бұл дегеніміз - білім берудің, ғылыми қызметтің және түлектердің жұмыс берушілермен талап етілуінің жоғары сапасы (High quality performance).
Еуропалық ғылыми-өндірістік палатасы жүргізетін жоғары оқу орындарының рейтингісінде келесі көрсеткіштер ескеріледі: жоғары сапалы білім беру; зерттеу және инновациялық қызмет, түлектер сұранысы және т.б. Сонымен қатар, университеттің кәсіби білімі, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуы, сондай-ақ болашақ жұмыс берушілермен байланыс орнату қабілеттілігіне ерекше назар аударылады.
«ARES» халықаралық рейтингісі 2011 жылдан бері жүргізілуде, ол білім беру қызметі бойынша еуропалық стандарттарға сәйкес келетін университеттерді саралайды. Биылғы жылы аталмыш рейтінгіде Қазақстанның 95 жоғары оқу орны қатысты. «ARES»-тің нәтижелерімен әлемнің жетекші рейтингілік агенттіктері санасады.
Dulaty University халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу университетіне айналу бойынша мақсатты түрде жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілеттілігін арттыруда. Бұл жұмыстар әлемдік рейтингтерде табысты болуына ықпал етеді.