СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БРИФИНГ ӨТТІ   

 Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Білім саласындағы адалдылық пен парасаттылық туралы» тақырыбында баспасөз конференциясысы өтті. Конференция онлайн форматта өтті. Конференция спикері  жамбыл облыстық  департамент басшысының бірінші орынбасары Равил Төлебаев.

 

Бүгінгі баспасөз мәжілісінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті білім саласында адалдық және парасаттылық қағидаттарын дәріптеу бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндадыСпикер мектептердегі  агенттіктің бастамасымен енгізілген «Адал ұрпақ» еріктілер клубына тоқталып кетті. Бүгінде «Адал ұрпақ» клубтары 392 мектепте құрылып, оның құрамына 21 мыңнан астам оқушы кірген.Ал, колледждер мен университтерге ұсынылған «Саналы ұрпақ» клубтары бүгінгі күні 30 колледжде және 3 ЖОО-да құрылып, құрамына 9400 аса студент мүше болып енгізіліліпті.Бұл клуб аясында жыл басынан бері белсенді жастарымыз өз бастамаларымен адалдық пен парасаттылыққа жетелейтін 90 мыңға жуық оқушыны қамтитын 500- ге жуық іс-шара өткізген.М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенттері мен «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесе, көшеде қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізу жобасын қолға алған.Одан университет және колледж білімгері қатарынан құрылған облысымыздағы «Ізгілік елшісі» еріктілер қозғалысы қайырымдылық көмек көрсету бағытында атқарған шаралары аз емес."Sanaly urpaq" фронт-офисiнде "Технологиялық даму қоғамдық проблемалардың себепшiсi..." тақырыбында университет студенттерiнiң арасында пiкiр-талас өткiзiлдi. «Ізгілік елшісінің» белсенділері сәуір айында «#bizbirgemiz» ролигі дайындалып әлеуметтік желілерге таратылған.Облысымызда 3 ЖОО, 23 колледжде құрылған «Парасаттылық мектептерінде» 600 студент апталық курсынан өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылық нормалары, академиялық тазалық, жемқорлыққа қарсы халықаралық тәжірибелер сияқты  9 тақырып бойынша дәріс алған.11 және 17 ақпан күндері "Sanaly urpaq" фронт-офисі ТарМУ-дың 3 факульттерінде 1-2 курстар студенттеріне арналған "Адалдық сағаты" семинарларын өткізіпті.  М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Қаратау тау-кен технологиялық колледжі және «Sanaly urpaq» фронт-офисі жастардың бойында парасаттылық, адалдық және әділдік қасиеттерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру және арттыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам» атты байқауды өткізді. Бұл байқауға Талас ауданының техникалық және кәсіптік білім мекемелерінің студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. Іс-шара екі бөліктен тұрды: біріншісіне – тақырыптық эссе жазу байқауы , ал екіншісіне – командалық таныстыру мен алдын ала дайындалған бейнероликті көрсету кірді.«Open space», 1-ші қабатқа көшу және «Адалдық дүкендері».   Мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметтерін трансформациялау мақсатында оқу орындарында биыл 9 басшы 1-ші қабатқа көшті. Сонымен аймақта былтырдан бері жалпы саны 231 басшы 1-ші қабатқа көшіп, 52 мекеме «Open space»ашық кабинеттеріне көшті. Ал, босаған кабинеттер оқу сыныптарына айналдырылды.Осылайша білім мекемелерінің басшылары үнемділіктің және қызметінде ашықтықтың үлгісін көрсетуде.Сонымен қатар, оқу орындарында 383 «Адалдық дүкені»жұмыс істеп тұр. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде, Жамбыл жоғары медициналық колледжіндегі, Байзақ ауданындағы Ғани Мұратбаев гимназиясында азық-түлік және кеңсе тауарларына арналған «Адалдық дүкенін» атап өтуге болады.Осы орайда, 2020  жылдың 15-ші мамырында өткенУниверситеттің Әдеп жөніндегі кеңесіне тоқталғым келеді. Мұғалімнің ақша сұрау фактісіне бойынша студенттің ата-анасы шағымы қаралып, Л есімді  оқытушының баллды жоғарлатуы үшін ақша алуына байланысты, оның академиялық адалдығы мен педагогикалық әдебіне қатысты мәселе қарастырылды. Кеңес мәжілісінде оқытушы оқу жылы аяқталғанша оқу процесінен шеттету және онымен еңбек шартын бұзу жайлы, университеттің барлық кафедраларында осы мәселеге қатысты кафедра мәжілістерін өткізу туралы ұсыныс жасау жайлы шешім қабылданды. Бұл өз кезегінде оқу ордасының академиялық тазалыққа жасаған қадамы деп атап өтуге болады.

 МЕДИА-ҚЫЗМЕТ

Прочитано 2367 раз
Top