Жиын барысында ТарМУ ректоры Махметғали Сарыбеков сөз сөйлеп, ол біздің жоғары оқу орнында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында қабылданатын негізгі бағыттар мен шаралар туралы айтты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар аясында ТарМУ-да "SanalyUrpak", "Парасаттылық мектебі" фронт-кеңсесі, Әдеп жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Адалдық дүкені жұмыс істеп тұр. Естеріңізге сала кетейік, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен біздің ЖОО арасында меморандумға қол қойылған деп айтып өтті.Біздің жоғары оқу орнында "Чистая сессия", "Адалдық алаңы" (адалдық аудиториясы) және "Сапа Күні" (День Качества) сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар жатады. "Адалдық алаңы" жобасының мәні-студенттер бейне камерасыз, оқытушыларсыз, кезекшілерсіз және бақылаушыларсыз емтихан тапсырды. Бірінші кезеңге тек жоғары жинақтаушы баллдары бар студенттер ғана қатысты. Ал жалпы сессияны өте жақсы тапсырған, бірақ объективті себептермен пәндердің бірі бойынша жоғары баға алған студенттер "Сапа Күні" (День Качества) пайдаланып, жағдайды түзете алды. Өкінішке орай, эпидемиологиялық жағдайға байланысты елде олардың жүзеге асырылуын тоқтатуға тура келді.Бұл сессияда қашықтықтан өтеді, яғни адам факторы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азайтылды. Егер бұрын емтихандар бейне камералармен жабдықталған аудиторияларда тапсырылатын болса, қазір жағдай өзгерді,бірақ бұл бақылаудың әлсіреуін және шпаргалка немесе басқа да көмекті пайдалану мүмкіндігі бар дегенді білдірмейді. Қазіргі заманғы жүйе студенттің өзі тапсыратынын анықтауға және бұзушылықтың жолын кесуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мониторинг жүргізілуде. Жастар ісі жөніндегі Комитет біздің әлеуметтік желілердің барлық беттерінде сессия туралы ақпаратты үнемі жариялап отырады.Осы жылы тағы бір "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менің сөзім" жобасы қосылды, ол онлайн-челлендж форматында өтіп, оған профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысады. Барлық жобалар студенттердің жақсы қасиеттерін тәрбиелеуге бағытталған. Ректор сондай-ақ биылғы жылғы ҰБТ-ның жаңа талаптары мен университет студенттерінің жеңілдіктері туралы айтып берді.Эфир барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев біздің жоғары оқу орнында қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға оң баға берді. Біздің университеттің студенттік телестудиясының көмегімен қала тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлық тақырыбында онлайн-сауалнама жүргізу ұсынылды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Олар негізінен стипендия тағайындау, жалақы, студенттер үшін жазғы стажировкаларға, диплом форматына, магистратураға оқуға түсуге қатысқандығын айтып өтті. Барлық қойылған сұрақтарға спикер толық жауап берді.
МЕДИА-ҚЫЗМЕТ