ХИМИКТЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

2020 жылдың 27 мамыры күні М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті технологиялық факультетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасының 6D060600-«Химия» мамандығының 1,2,3 курс докторанттарының ұйымдастыруымен «Химиктер күні» мерекесіне орай онлайн форматында дөңгелек үстел өтті.

Жыл сайын дәстүрлі түрде кафедрада мамыр айының соңғы жексенбісі химиктер күні мерекесіне арналған әр түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады. Биылғы жылы мерекелік іс-шара «Кафедраның ғылыми жетістіктері» тақырыбындағы дөңгелек үстел түрінде жалғасты. Дөңгелек үстелге кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, 1,2 курс магистранттары мен 1,2,3 курс докторанттары қатысты. Шара барысында алғашқы сөз кезегі кафедра меңгерушісі х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Масалимова Бақытгүл Қабыкенқызына берілді. Бақытгүл Қабыкенқызы барлық қатысушыларды дәстүрлі мерекесімен құттықтап, кафедраның жұмысына толағай табыстар мен жетістіктер тіледі. Одан әрі іс-шара 3 курс докторанттарының арнайы дайындаған презентация материалдары мен тақырып аясындағы баяндамасымен жалғасты. Баяндамада кафедраның соңғы жылдардағы қол жеткізген жетістіктері мен ғылыми – зерттеу жұмыстарының нәтижелері айтылды. Сонымен қатар, докторанттар химиктер күніне арнап өздерінің дайындаған мерекелік бейне роликтерін шараға қатысушылар назарына ұсынып, соңында меркелік құттықтау-тілектерін, жылы лебіздерін білдірді.

Дөңгелек үстел соңында қатысушы профессор оқытушылар да өздерінің мерекелік құттықтау тілектерін айтты. Іс-шара өте жоғары деңгейде өтті.

  

PhD докторант Саят Мамешова 

 

Прочитано 2657 раз
Top